38
ген «жылы» желеумен Мәскеуге шақыртып, 1937 жылдың
27 қыркүйегінде Қыр баласы – елағасы Әлиханмен бірге бір
күнде атып, сүйегін бір пеште (крематорий) үн-түнсіз өртеп,
Мәскеудегі Дон зиратындағы алақандай ғана бір жерге құпия
жерлеуі – И. Сталиннің өз батасынсыз Ә. Бөкейханды қызметке
алғаны үшін кек сақтап келуінің бірден-бір әрі бұлтартпайтын
айғағы болса керек [№№ 24–26-сурет].
Тағы бір анық жайт: Алаш көсемінің Мәскеудегі Кіндік
бас пада істеген ғылыми қызметіне 1927 жылдың 1 қазанында
берілген пікірде оның «штатты жалпы қысқартуға байланыс-
ты» дәл сол күні – 1 қазанда жұмыстан босатылғаны жазыл-
ды. Соған қарағанда, жер халкомында ол Кіндік баспадан өз
есебінен ұзақ мерзімді демалыс алып қызмет істеп, баспадағы
қызметтен оны кешіктіріп шығарғанға әбден ұқсайды. Өйткені,
жоғарыда жазылғандай, Кіндік баспадағы қызметімен қатар
СССР ҒА-сының Арнаулы комитетіне Қазақстан бойынша са-
рапшы қызметіне (ғылыми қызметке) қабылданып, тіпті 1926
жылы Адай оязына экспедицияға барып қайтқаны бар-ды.
Ә. Бөкейханның жер халкомында неше ай не жыл істегенін
кесіп айту қиын. Бірақ жауапты қызметіне қоса ғылыми
зерттеуін қатар жалғастырғаны таңырқатпайды. Нәтижесінде
Қызылордада шығатын «Народное хозяйство Казахстана»
журналының 1928 жылғы 2 санында авторы «Букейханов» деп
жазылған ««Сельское хозяйство Кара-Калпакской области»
58
атты ғылыми очерк жарық көрді.
Көпшілікке онша таныс емес бұл еңбегінде ғалым
Қарақалпақстан «
мақта және тұқым алу мақсатындағы
Достарыңызбен бөлісу: