35
коммунистік (бәлшебектік) партияның Бас хатшысы, 1927
жылға қарай – СССР-дың іс жүзінде диктатор-басшысы болып
үлгерген И. Сталиннің де әбден мазасын алғанға ұқсайды.
Алты Алаш көсемінің тіпті қысқа уақытқа баруынан не
біржола елге оралуынан совет өкіметінің, оның ішінде әсіресе
И. Сталиннің қатты сескенуіне толық негіз болған. Қыр баласы
– елағасының сирек те болса елге қарай басқан әр қадамы, әр
сапары бұқара халықтың көңіл-күйін, рухын бір көтеріп тас-
тайтын. Мысалға, Смахан төренің естелігіне сенсек, 1916 жылы
19 бен 31-дегі жігіттерді майданға қара жұмысқа жіберіңдер,
қарсыласпаңдар, босқа қырылып қаласыңдар деген үгіт-
насихатпен Адай оязына барғанда, адай елі Әлиханды алдынан
ту алып шығып: – Ханымыз келді, – дегенде, ол: – Қойыңдар!
– деп ақылын айтып қойғызады.
53
Академик Ә. Марғұланның
естелігіне сәйкес, одан 10 жыл кейін, 1926 жылдың жазында
СССР ҒА-ның антропологиялық экспедициясымен барғанында
Адай елі Әлиханды зор құрметпен, қошеметпен күтіп, үстіне
жарғақтан шапан жабады.
54
1920–30-жылдарды айтпағанда, осы күні қазақ зиялылары
мен ғалымдарының ортасында Әлиханды «нағыз ұлт көсемі»,
қазақтың «тұңғыш президенті», «премьер-министрі» деп жыр
қылып айтып жүргені де рас емес пе!?
Ал кезінде өзін «езілген барлық халықтың көсемі» рөлінде
көргісі келген И. Сталин НКВД-ның құпия мәліметтері
негізінде Ә. Бөкейханның әрбір қадамын зер салып қадағалап,
оның қалың қазақ арасындағы зор абырой-беделін, ықпалын
қызғанышпен көріп-сезіп отырды. Оған бірден-бір дәлел: Қыр
баласы – елағасына 1937 жылдың 3–25 қыркүйегінде тағылған
айптамасында «
оның [Ә. Бөкейханның] Қазақстанға барған
Достарыңызбен бөлісу: