Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


так и после ссылки, а также встречаясь с казахскими наци-



Pdf көрінісі
бет23/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

так и после ссылки, а также встречаясь с казахскими наци-
оналистами мы говорили о том, что в результате коллек-
тивизации почти половина казахского народа вымерла, 
вспоминали наши алаш-ордынские дела, о том, что в слу-
чае войны против Советского Союза будут происходить 
массовые аресты... Говорили о том, что казахи друг к другу 
больше не ходят, не общаются, ибо боятся органов НКВД, 
т. к. происходит слежка за каждым, говорили о массовых 
арестах в Казахстане, в частности, об аресте наркомов-ка-


41
захов, высказывали по этим вопросам свое недовольство, 
нас удивляли происходящие аресты наркомов».
59
Үзеңгілестерінің жаппай қуғын-сүргінге ұшырағаны аздай, 
жалғыз күйеу баласы, қазақтың жас та болса көрнекті мем-
лекет қайраткері, дарынды жазушы әрі публицист Смағұл 
Садәуқасұлы аяқастынан жұмбақ дертке шалдығып, 1933 жылы 
Кремль ауруханасында 33 жасында қайтыс болады. Марқұмды 
жерлеуге қайын атасы Ә. Бөкейхан, зайыбы Әлиханқызы 
Елизавета, ұлы Ескендірмен бірге Мәскеуде РСФСР ОАК 
төрағасының орынбасары қызметін атқаратын Т. Рысқұлұлы 
мен Н. Нұрмақұлы және т. б., елден жазушы С. Мұқанов за-
йыбы Марияммен бірге келіп куә болады. Мариям Мұқанова 
сонда көргенін былай деп суреттейді: «Бөкейханов келбетті 
адам екен. Үстінде етегі жер сызған, жағасын алтайы қызыл 
түлкіден салған қымбат тоны бар. Кескін-кейпі патшадай 
боп көрінді маған. Тәкаппар, суық жүзді».
60
Иә, елағасының «мәскеу кезеңі», әсіресе 1930-жылдарды 
қайғы-қасіретке толы болса, қуанышқа бөлеген сәттері де 
жоқ емес-ті. Қызы Лизажан медицина институтын тәмамдап, 
немересі Ескендірмен бірге қолында қалып, әкесінің ізін қуып 
мамандығы бойынша ғылымға бет бұрады [№№ 29, 30 сурет-
тер]
. Ұлы Өктай-Сергей – тау-кен институтын бітіріп, қай жылы 
екенін айту қиын, әкесінің зор қуанышына сай 1930 жылдарға 
қарай үйленеді. Әлекең екінші немересінің маңдайынан иіскеп 
үлгермеді: Евгений Өктайұлы – 1938 жылы дүниеге келеді 
[№ 31-сурет]
. Ал 1934 жылы СССР Ғылым Академиясының 
төралқа жиынында бүгінгі Жезқазған түсті металдар кен көзін 
игерудің қажеттілігі мен тиімділігі туралы үлкен баяндама 
жасап, онысы ғылым ордасының «Большой Джезказган» атты 
академиялық жинағымен сол жылы басылып шығады. 30 жасы-
на қарай Сергей Әлиханұлы да әкесіне тартып – үлкен ғалым әрі 
59 50–51 стр. протокола от 08.06.1938 г. – История Западного отделения 
Алаш-Орды. Сборник документов и материалов. //Под общей редакцией Сды-
кова М.Н. Том 1. Уральск. стр. 260.
60 Мұқанова М. Сағынышым Сәбитім (Естелік). – Алматы: «Өлке», 
2000 ж. 60 бет.


42
көрнекті өнеркәсіп және мемлекет қайраткері болатын сыңай 
танытып үлгерді. Жезқазған кенішін игерудің басы-қасында со-
нау баста кім тұрды деген сұрақ – әлі бейтарап әрі тиянақты 
зерттеуді талап ететін маңызды тақырып. Бұл да тарихтың бір 
зор ақтаңдақ беті. Тарихтың әділдікті атайтын кезі келді.
1934 жылы елағасы, сонымен қатар, Е. Пешкованың күш-
жігерімен А. Байтұрсынұлын Архангельскідегі лагерден 
шығарып алды. Интернеттегі википедия мәліметіне қарағанда, 
Францияда эмиграцияда жүрген Мұстафа Шоқай сол маңайға 
аялдаған Францияның сауда кемесімен М. Дулатұлын Соловки-
ден қашырмақ болған көрінеді. Бірақ бала-шағасының кейінгі 
тағдырын ойлаған Мадияр қашудан бас тартыпты. Бұл қиялдан 
шыға қойған мәліметке ұқсамайды. Патша заманында астыр-
тын әрекет етуден (конспиративная деятельность) мол тәжірибе 
алған Алаш көсемінің оған да қатысуы болуы мүмкіндігін 
теріске шығаруға асықпайық. Өйткені өзінің саяси шәкіртінің 
бірі – М. Шоқаймен шекара асқан сәттен бері астыртын байла-
нысын үзбеген Ә. Бөкейхан болатын. Елағасы азап лагерлеріне 
айдалған үзеңгілестерінен де хабар үзбеді. Міржақып інісіне 
жолдаған хатын 1934 жылдың 26 қыркүйегінде, яғни Жақаңның 
зайыбы Ғайнижамал мен қызы Гүлнар өзінің бір бөлмелі 
пәтеріне түнеп, оларды елге қарай жолға шығарып салысымен 
жазған. Бұл жалғыз да соңғы хат емес, күні бүгінге жеткені ғана. 
Қалай болғанда да, Алаш көсемі Мадиярды босатып үлгермеді: 
ол 1935 жылдың 5 қазанында Сосновецк лагерінің Орталық 
лазаретінде көз жұмып, бейбіт күнде опат болған Алаш 
қайраткерлерінің алды болды. Соңы емес-ті.
Сол жылы лагерден шыққан тағы бір үзеңгілесі Жан-
ша Досмұхамедұлы, туған бажасы Т. Рысқұлұлының қол-
паштауымен Мәскеуде пәтер тауып, тәуір жұмысқа да орнала-
сады. Оның 1938 жылдың 2, 4, 7 шілдесінде НКВД жендеттеріне 
берген жауабына қарағанда, 1935–1937 жылдары Қыр баласы-
мен «2–3 айда, кейде жарты жылда бір рет не оның, не өзінің 
пәтерінде бас қосып, әңгіме-дүкен құрады екен; «Бөкейханов... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет