Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


мен болсам, мен қашпаймын, абақтыда бір кісі жатқаны



Pdf көрінісі
бет7/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   150
мен болсам, мен қашпаймын, абақтыда бір кісі жатқаны 
жұрт қор болғанынан ыңғайлы болар» деп ойламаған болса, 
1922 жылдың қазанында оны Қызыларайдағы қыстауына келіп 
тұтқындап, Қарқаралы түрмесіне жабуы да, екіншіден – елін 
тастап шындап қашпақ болса, Совет өкіметінің оған бөгет бола 
қоюы да екіталай болатын.
1937 жылдың шілдесінде Алаш көсемі Мәскеудегі 
коммуналдық пәтерінде ақырғы рет тұтқындалып, 27 
қыркүйекте оны өлім жазасына кескен сот өкімінде былай 
жазылды: «Қызыл Армия Қазақстанда ақтар мен Алашорда 
әскерлерін талқандағаннан кейін, Бөкейханов өзінің жақын 
үзеңгілестерінің тобымен қазақ даласында совет өкіметінен 
жасырынып жүрді және совет өкіметіне қарсы жаңа көтеріліс 
ұйымдастырғысы келді; ол совет өкіметіне қарсы күрестен бас 
тартқан жоқ, күрестің тәсілін өзгертіп – жалғастыра берді» 
[түпнұсқа: «После разгрома Красной Армией белых и Алаш-
ординских войск в Казахстане, Букейханов с группой своих 
ближайших соратников скрывался от советской власти в 
казахских степях, и пытался поднять новое восстание про-
тив советской властион не отказался от борьбы с совет-
ской властью, а изменив ее формы – продолжал»].
8

Бұл және келесі үзінділер – СССР КГБ-сының мұрагері болып та-
былатын РФ Федералдық қауіпсіздік қызметінің мұрағатында сақтаулы
Ә. Н. Бөкейханның ісінен, оған тағылған ресми айыптамадан қолмен жазып 
алынды.


13
Бұл үзіндіден «Ә. Бөкейхан совет өкіметіне қарсы жаңа 
көтеріліс ұйымдастыруды шын көздеді ме?» деген заңды са-
уал туады. Оған үзілді-кесілді бір-ақ жауап бар: бұл Алашор-
да көсеміне тағылған нақақ айып, барып тұрған жала. Смахан 
төренің естелігіне сенсек, совет өкіметінің басшылары В. Ленин 
мен И. Сталин Орынбордан ұлттық автономияның астанасы 
– Алаш қаласына (Заречная Слободка, Семей) көшіп барған 
Алашорда үкіметінің мүшелерімен 1918 жылдың көктемінде 
тікелей телефон желісі арқылы байланысқан соң (Алашорда 
жағынан сөйлескен Ә. Бөкейхан емес, Х. Ғаббасұлы болды), 
қазақ көпесі Жұмеке Оразалиннің үйінде өткен мәжілісте 
Ә. Бөкейхан «біз нашар елміз ғой, бәлшебектерге қосылайық» 
дегенді ұсынғанда, Х. Ғаббасұлы, Ә. Ермеков және т. б. қарсы 
шығып, қалғандары қалыс қалып, ұлт көсемі бүктемеде 
қалады.
9
Ақыр аяғында Алашорда төрағасының осы ұсынысы 
жүзеге асады. Одан шығатын бірден-бір тұжырым: совет өкіметі 
орнағаннан кейін Алаш көсемі, өзге ұлттардың жетекшілеріне, 
мысалға, алғашқыда совет өкіметін мойындап, кейін бәрібір 
шетелге қашып кеткен Башқұртстан автономиясының төрағасы 
Заки Валидиге [Валидов]
10
қарағанда, өзінің сол 1918 жылғы 
көзқарасынан бір айныған емес. Яғни қазақ халқының ұлттық 
автономия құруға толық құқы барлығын мойындаған совет 
өкіметіне қарсы 1920-жылдардан кейін жаңа көтеріліс ашуды 
мақсат еткен жоқ. Совет өкіметі мен социализмді сүйгенінен 
емес. Одан да маңыздысы: қазақ халқының совет өкіметіне 
қарсы қайтып қару көтермеуіне бірден-бір кепіл ретінде елағасы 
елінде қалды. Өзі шетел кетсе, бұқара халқының, әсіресе Алаш 
қозғалысы мен Алашорда автономиясындағы үзеңгілестерінің 
күні не болмақ? Әлекең осыны ойлады. Оның елде қалуының 
ең басты сыры міне осында болатын. Оны бәлшебектік билік 

Бөкейхан С. Әлекеңнің өмірі. //«Жұлдыз», журн., № 3, 1996 г., 102–125 
стр. 
10 Зәки Валиди (Валидов) Тоған – РСФСР Орталық атқару комитеті мен 
Халық комиссарлары кеңесінің «Башқұрт АССР-нің мемлекеттік құрылысы 
туралы» 1920 жыл 19 мамырдағы қаулысына наразы болып, 1920 жылдың мау-
сымында совет өкіметіне қарсы көтеріліске қатысып, көп ұзамай Орта Азия 
арқылы шетелге қашты.


14
көсемдері де жақсы білді. «Жаңа көтеріліс ұйымдастырмақ бол-
ды» дегені қып-қызыл жала болатын. Алайда, соған қарамастан, 
1922 жылы Алаш көсемін тұтқындап Қарқаралы абақтысына 
жапқанда, Коростылевтің жеделхатынан көз жеткізгеніміздей, 
дәл әлгі нақақ жаламен сол жылы-ақ оның көзін жоймақ болды.
Сөздің тоқетерін айтқанда, Т. Рысқұлұлы мен С. Қожанұлы 
жеделхатының жоғарыда келтірілген жолдары И. Сталинді 
тәубесіне келтіріп, Алаш көсемін абақтыдан босатудан және 
оның өзі мен советтерге қырын қарайтын үзеңгілестерінің 
«көзін жою» пиғылын кейінге ысырып қоюдан басқа амал 
қалдырмаған. Алайда, И. Сталин бұқара халқының алдын-
да абырой-беделі шексіз әрі кіршіксіз Қыр баласы – елағасы 
Әлиханды туған елінен аластатудың, халқынан ажыратып 
изоляцияда ұстаудың сұрқия амалын тапты. Алаш көсемін 
түрмеден босатысымен өз ықтиярынсыз Мәскеуге күштеп 
шақыртып алды. Оның үстіне 1937 жылдың қыркүйегінде оған 
тағылған ресми айыптамада сөзбе-сөз былай жазылды: «В це-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет