Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


бола тұрыңыз. Сізге пәтер мен жұмыс қарастыр деп



Pdf көрінісі
бет9/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   150
бола тұрыңыз. Сізге пәтер мен жұмыс қарастыр деп 
мен Төреқұлов жолдасқа тапсырма бердім. Менің сізге 
қоятын бір талабым бар: елге оралмаңыз, қырға қарай аяқ 
баспаңыз! – деп қойып қалады.
11
И. Сталиннің 6 миллионнан астам қазақтың көсеміне 
Мәскеуден тауып берген пәтері мынау: Большой Кисловский 
көшесі [переулок], 4 үй, № 15 коммуналды пәтер. Оны пәтер деп 
ауыз толтырып айту қиын. Ә. Бөкейханның үлесіне тигені – 7 
бөлмелі пәтердің терезесі көшеге қараған ең ақырғы бір бөлмесі. 
Совет өкіметінің «қара қуғын жасаған күндерінде, айдауына 
11 Зубов Андрей. Несгибаемый Алихан. //«Страна и Мир» газ., 12.12.2009. 
Алматы.


16
да, абақтысына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылуға» 
бел буған елағасы оған да көнді: берген баспанасын не азсынып, 
не менсінбеген, намыстанған сыңай танытпады. Өзінің ізінше 
Мәскеуге келген қызы Елизавета [№ 9-сурет] мен ұлы Өктай 
[№ 10-сурет],
12
шамамен 1925 жылы қызынан туған немересі 
Ескендір [№№ 11–12-суреттер]
13
қосылып, 4 жан осы алақандай 
бөлмеде сыр бермей 15 жыл тұрды. Әкесінің қолында тұрып 
қызы – Лизажан (күнделікті өмірде және А. Байтұрсынұлына 
жазған хаттарында Әлекең қызын осылай атайды) – медицина 
университетін бітіріп, Мәскеуде әкесінің қасында қалса, ұлы 
Өктай (төлқұжатындағы есімі Сергей) – Мәскеудің тау-кен ин-
ститутын тәмамдап, Жезқазған түсті метал кенішін игеруге ат-
танып, әкесі «халық жауы» деген нақақ айыппен өлім жазасына 
кесілген 1937 жылдың қыркүйегіне дейін бас инженер қызметін 
атқарады.
Әйтсе де Алаш көсемінің мәскеулік баспанасын сонау қарғыс 
атқан патша заманында Самарда саяси айдауда жүріп тұрған 3 
қабатты үйімен салыстыруға тіпті келмейді. Орыс ақсүйегі, ка-
дет партиясының Самар тобының мүшесі, кнәз В. А. Кугушевтің 
Казанская көшесі, № 30 үйінде [№№ 13, 14-суреттер] Ә. Бөкейхан 
саяси айдауда жүрген 1909–1917 жылдары отбасымен бірге 
тұрды. Ол кезде сүйікті жары Елена Севастьянова-Бөкейханның 
әлі дені-басы сау болатын [№ 15-сурет]. 1921 жылдың күзінде 
сүзек ауруынан ерте дүние салған жарын Әлекең марқұмның 
ақырғы өтінішін бұлжытпай орындап, Семейде поп шақырып 
христиан рәсімі бойынша жерлеп, екі баласын жалғыз асырап 
қалған еді.
14
Мәскеудегі бір бөлмелі коммуналдық пәтері тар болса да, 
оның табалдырығын аттамаған, ұлт көсемінің кең дастарханы-
12 Смахан төренің мәліметі бойынша, Елизавета 1902 жылы Омбыда, 
Өктай-Сергей – 1904 жылы С.-Петерборда туған. – Бөкейхан С. Әлекеңнің 
өмірі. //«Жұлдыз», журн., № 3, 1996 ж., 102–125 бб. 
13 Ескендір Смағұлұлы – кәмелетке толмай, жасын асырып көрсетіп 
әскерге алынып, 1941 жылы Мәскеуді қорғауға атсалысып жүріп қаза тапты.
14 Бұл мәлімет Гүлнәр Міржақыпқызы Дулатованың әңгімесінен алын-
ды.


17
нан дәм татпаған қазақ кемде-кем болатын. Өзінің туған іні-
қарындастарын айтпағанда, 1920–30-жылдары Мәскеуде жауап-
ты партиялық-мемлекеттік лауазымдарда отырған қазақ совет 
қайраткерлері Т. Рысқұлұлы. С. Қожанұлы, Н. Нұрмақұлы, 
өзінің жалғыз күйеу баласы С. Садуақасұлы, қызмет бабы-
мен сирек те болса келіп тұратын бұрынғы үзеңгілестері 
А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Жанша және Халел 
Досмұхамедұлдары,
15
әдебиет-көркемөнер институтында оқып 
жүрген кезінде М. Жұмабайұлы, Ленинградта оқып жүрген
М. Әуезұлы мен Ә. Марғұлан және т. б. ұлт көсемінің амандығып 
біліп, дәм татып кететін. Алашорда қайраткерлерін, жалпы 
көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары мен белсенділерін 
жаппай қудалау саясаты етек алған 1920-жылдардың соңы мен 
30-жылдары Әлекеңнің осы тар пәтері маңызды орын алды. 
Атап айтқанда, совет өкіметінің азап лагерлері – ГУЛАГ-тарда 
айдауда жүрген бұрынғы үзеңгілестерінің туған-туысқандары 
итжеккенге барып, кейін елге қайтар жолында Алаш көсемінің 
осы тар пәтеріне аялдап, 2–3 түнеп қайтатын. Оған Әлекеңнің 
Соловецк лагерінің Тунгутск бөлімінде «жазасын» өтеп жүрген 
Міржақып-Мадияр Дулатұлына 1934 жылдың 26 қыркүйегінде 
жазған мынадай шағын хаты дәлел болады: «Шырақ Мадия-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет