10
Алашорда басшылығының Совет өкіметіне қырын қарайтын
және Монғолиямен байланысы бар бөлігінің»
көзін құрту,
жою міндеті қойылса керек. Біріншіден, сөз ең алдымен
Алаш орда төрағасы Ә.
Бөкейхан, онымен бірге тұтқындалған
М. Дулатұлы және Қытай асып үлгерген Р. Мәрсекұлы туралы
болып отырғанына еш дау жоқ. Екіншіден, Коростылев өзінің
жеделхатында Кремльге (И. Сталинге деп түсініңіз) есеп беріп
отырғанын анық аңғартады. Демек, Алашорда төрағасын Ко-
ростылев
өз бастамасымен тұтқындамаған, ол – ұлттардың
істері бойынша халық комиссары әрі РК(б)П-ның бас хатшысы
И. Сталиннің нұсқауын орындаушы ғана.
Сонымен қатар Коростылев «Түркістан» деп не Қытай
құрамындағы Шығыс Түркістанды (Шыңжаңды)
айтып отыр
ма әлде Т. Рысқұлұлы мен С. Қожанұлы басқарған Түркі-
стан автономиясын нұсқап отыр ма, түсініксіз. Одан бұрын,
1922 жылдың қазанында Т. Рысқұлұлы мен С. Қожанұлының
И. Сталинге
ешбір негіз болмаған жағдайда, іске араласып
Бөкейханды дереу босатуға нұсқау беруін өтінген жеделхатын
еске алсақ, Кремльге келесі айда – қарашада жіберген құпия
жеделхатында Коростылевтің сол екеуі басқарған Түркістан
автономиясын нұсқап отыруы да ғажап емес. Бірақ, Алаш
көсемі Қазақ автономиясына қараған Семейден Түркістан
автономиясының астанасы – Ташкентке қоныс аударса, онысы
қалай қашқаны болады? Олай дейтін себеп: 1922 жылы Қазақ
және Түркістан – де-юре дербес
автономиялар болып есеп-
телсе де, де-факто – Ресейдің құрамына кіретін біртұтас қазақ
ұлттық автономиялар болғаны тарихи факт. Ол бір. Екіншіден,
егер Алаш орда төрағасының Семей облысымен шекаралас
Шыңжаңға не Монғолияға қашпақ ниеті болса, ол 1919 жылдың
соңы мен 1920 жылдың басында-ақ неге шекара асып кетпеді?
Үшіншіден, Ә. Бөкейхан кейінірек, тұтқындалған 1922 жылдың
қазанында қашуды шындап жоспарлаған болса, оның жолын ке-
суге немесе тұтқындауға Орынборда отырған Қазобкомның хат-
шысы Коростылевтің немесе Совет өкіметінің құрығы жетер ме
еді? Олай деуге үш бірдей маңызды себеп бар. Біріншісі, Смахан
төре Бөкейханның естелігіне қарағанда, 1921 жылдың соңынан
11
1922 жылдың қазанына дейін Әлихан 1 жылдай өз ауылында –
Қызыларайдағы қыстауында болды.
6
Гүлнәр Міржақыпқызы
өзінің естелігінде: «
Әкем 1921–1922 жылдары Семей губ-
Достарыңызбен бөлісу: