220
Сен басып балапан орнына жылан шығарасың! Жылан ең алды-
мен сені жылатады!» – деді.
17. Бұғы мен лағы
«Сен неге иттен қорқасың? Өзің иттен зор, өзің иттен жүйрік;
оның үстіне, соғыста қарау болатын, мынадай зор мүйізің бар»,
– деп, лақ әкесінен сұрады.
«Шырағым! Айтқаның бәрі рас. Бірақ үрген иттің дауысын
есітсем, ойлауға ақыл қалмайды, тұра жөнелем, менің сырым
осы», – деп, баласына жауап беріп, бұғы күлді.
18. Түлкі мен мейіз
Пісіп мөлтілдеп, шоқ-шоқ
болып ағаштың басынан
салбыраған мейізді түлкі көрді, жемек болып олай айналдыр-
ды, бұлай айналдырды; түк шықпады.
Әбден еш нәрсе қыла алмайтын болған соң: «Әлі піскен жоқ,
көк екен» деп, өзін-өзі жұбатты.
19. Жұмысшы қатындар мен әтеш
Әтеш шақырса, жұмысшы қатындарды түнде оятып бәйбіше
жұмсайтын болды. Қатындарға бұ ауыр келді. Бәйбішені
оятпасын деп, қатындар әтешті өлтірді.
Әтешті өлтірген
соң бұрынғыдан жаман болды: ұйықтап қалам деп қорқып,
бұрынғыдан да қатындарды ерте
оятып бәйбіше жұмсайтын
болды.
20. Балық пен балықшы
Балықшы балықты ұстап алды. «Балықшы, сен мені суға қоя
бер. Мен әлі кішкентаймын, менен саған пайда аз. Қоя берсең
мен өсем. Сонан соң мені ұстасаң, саған көп пайда болады» деп,
балықшыға балық ақыл айтты.
221
«Алыстағы көп пайданы күтіп, қолдағы аз пайданы жіберген
ақымақтыққа жатады», – деп балықшы балыққа жауап берді.
Достарыңызбен бөлісу: