26. Қояндар мен бақалар
Жиылып топ жасап, өмірін сөз қылып қояндар жылас-
ты: – Адамға да, бүркітке де, итке де, тағы-тағы өзге талай
хайуанға жем біздің сорлы қоян. Бүйтіп қорқып, азаптанып тірі
жүргенше, бірақ өлген артық, – десіп, суға кетіп өлмек болыс-
ты. – Кел, бәріміз суға кетейік! – десті.
Суға кетіп өлеміз деп, жүгіріп қоян тобы көлге келді.
Қоянның дүбірін естіп бақалар суға көп-көп түсіп кетті.
Сонда бір қоян тұрып: – Тоқта, бауырым! Суға кетуді біраз
күтейік! Міне, бақа өмірін қараңдаршы! Біздің күнімізден
бұлардың күні жаман: бақалар бізден де қорқады! – деді.
27. Әкесі мен балалары
Балаларына ынтымақпен, бірлікпен тұрыңдар деп әкесі
тіледі. Балалары бұ ақылды тыңдамады. Бір үш шыбық
алғызып: «Мынаны сындырыңдар!», деді.
Сындырам деп, көп әуреленіп балалар сындыра алмады.
Сонда әкесі бір-бірден шыбықты бөліп алып, бала басына бір
шыбықтан үлестіріп: «Енді сындырыңдар!» – деді, шыбықты
бірақ басып, балалар бырт-бырт сындырып тастады.
223
«Көрдіңдер ме? Ынтымақ, бірлік қылсаңдар, сендерді де адам
жеңбейді, жау алмайды. Араз болып бөлек-бөлек кетсеңдер,
әрқайсыңды әр жерде жау бырт-бырт бірақ басады», – деді.
28. Түлкі
Түлкі қақпанға түсіп, құйрығы онда қалып, өзі тұтылды.
Шолақ түлкі – пұшық кісі. Күлкіден, сықақтан құтылуға шолақ
түлкі қам ойлады. Таудағы түлкінің бәрін шақырып топ жиды,
құйрықты кесейік деп, ақыл айтты: «Құйрық неге керек? Алып
жүрген бос жүк!» – деді. Сонда бір түлкі тұрып: «Қойшы, өзің
шолақ болмасаң, бұ ақылды айтпас едің-ау!» деді, тым-тырыс
үндемей, шолақ түлкі табан жалтыратты.
29. Құл есек пен тағы есек
Қорадағы есекті көріп жолығып, мұның тұрмысын тағы есек
мақтады: «Жеген тамағың тәтті, өзің семіз, жүнің жылтылдап
күнге шағылысады» деді. Со жерде қорадағы есекке жалшы
жүкті жақсы қылып артты, қолына бір жуан таяқ алып, есек-
ке ерді. Мұны көріп тағы есек айтты: «Жоқ, бауырым! Енді сені
мен күндемейм: сенің тұрмысың табан ақы, маңдай термен та-
былады екен» деді.
30. Бұғы
Су ішіп тұрып, суға түскен өзінің суретін бұғы көрді:
бұтақтанған, құшағын ашып шарық ұрған мүйізін көріп
қуанды; аяғына қарап: «Бірақ менің аяғым жіңішке, жаман»
деді. Со арада, кірпік қаққанша, бұғыға арыстан тап берді. Да-
ламен сүртіп жөнеліп, арыстаннан бұғы қара үзіп кетті. Енді
жолда ағашқа келіп кірді, мүйізі бұтаққа ілініп, бұғы қаша
алмады. Арыстан қуып жетіп, бұғыны ұстап алды. Өліп бара
жатып: «Мен ақымақ! Мен жіңішке, жаман деген аяғым мені
жаудан құтқарды, мақтаған мүйізден көрдім өлімді» деді.
224
Достарыңызбен бөлісу: |