Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет86/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

26. Қояндар мен бақалар
Жиылып топ жасап, өмірін сөз қылып қояндар жылас-
ты: – Адамға да, бүркітке де, итке де, тағы-тағы өзге талай 
хайуанға жем біздің сорлы қоян. Бүйтіп қорқып, азаптанып тірі 
жүргенше, бірақ өлген артық, – десіп, суға кетіп өлмек болыс-
ты. – Кел, бәріміз суға кетейік! – десті.
Суға кетіп өлеміз деп, жүгіріп қоян тобы көлге келді. 
Қоянның дүбірін естіп бақалар суға көп-көп түсіп кетті.
Сонда бір қоян тұрып: – Тоқта, бауырым! Суға кетуді біраз 
күтейік! Міне, бақа өмірін қараңдаршы! Біздің күнімізден 
бұлардың күні жаман: бақалар бізден де қорқады! – деді.
27. Әкесі мен балалары
Балаларына ынтымақпен, бірлікпен тұрыңдар деп әкесі 
тіледі. Балалары бұ ақылды тыңдамады. Бір үш шыбық 
алғызып: «Мынаны сындырыңдар!», деді.
Сындырам деп, көп әуреленіп балалар сындыра алмады. 
Сонда әкесі бір-бірден шыбықты бөліп алып, бала басына бір 
шыбықтан үлестіріп: «Енді сындырыңдар!» – деді, шыбықты 
бірақ басып, балалар бырт-бырт сындырып тастады.


223
«Көрдіңдер ме? Ынтымақ, бірлік қылсаңдар, сендерді де адам 
жеңбейді, жау алмайды. Араз болып бөлек-бөлек кетсеңдер, 
әрқайсыңды әр жерде жау бырт-бырт бірақ басады», – деді.
28. Түлкі
Түлкі қақпанға түсіп, құйрығы онда қалып, өзі тұтылды. 
Шолақ түлкі – пұшық кісі. Күлкіден, сықақтан құтылуға шолақ 
түлкі қам ойлады. Таудағы түлкінің бәрін шақырып топ жиды, 
құйрықты кесейік деп, ақыл айтты: «Құйрық неге керек? Алып 
жүрген бос жүк!» – деді. Сонда бір түлкі тұрып: «Қойшы, өзің 
шолақ болмасаң, бұ ақылды айтпас едің-ау!» деді, тым-тырыс 
үндемей, шолақ түлкі табан жалтыратты.
29. Құл есек пен тағы есек
Қорадағы есекті көріп жолығып, мұның тұрмысын тағы есек 
мақтады: «Жеген тамағың тәтті, өзің семіз, жүнің жылтылдап 
күнге шағылысады» деді. Со жерде қорадағы есекке жалшы 
жүкті жақсы қылып артты, қолына бір жуан таяқ алып, есек-
ке ерді. Мұны көріп тағы есек айтты: «Жоқ, бауырым! Енді сені 
мен күндемейм: сенің тұрмысың табан ақы, маңдай термен та-
былады екен» деді.
30. Бұғы
Су ішіп тұрып, суға түскен өзінің суретін бұғы көрді: 
бұтақтанған, құшағын ашып шарық ұрған мүйізін көріп 
қуанды; аяғына қарап: «Бірақ менің аяғым жіңішке, жаман» 
деді. Со арада, кірпік қаққанша, бұғыға арыстан тап берді. Да-
ламен сүртіп жөнеліп, арыстаннан бұғы қара үзіп кетті. Енді 
жолда ағашқа келіп кірді, мүйізі бұтаққа ілініп, бұғы қаша 
алмады. Арыстан қуып жетіп, бұғыны ұстап алды. Өліп бара 
жатып: «Мен ақымақ! Мен жіңішке, жаман деген аяғым мені 
жаудан құтқарды, мақтаған мүйізден көрдім өлімді» деді.


224


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет