Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата03.03.2017
өлшемі5,38 Mb.
#7047
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27

№ 1 (61), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
 Warming-up also takes advantage of the students’ background knowledge to 
understand a given text. Many authors have pointed out background knowledge as an 
essential component of the reading process. Much research has been done in this area 
and some authors have specially emphasized the value that this component of reading 
has in the class.
Pre-reading activities are said to be very useful in the reading class because they 
have been referred to as instruments teachers can use in the class to activate students’ 
background knowledge. Part I of the warming-up reading sheet is basically question-
ing used in pre-reading fashion which has been widely used in reading research. 
Among the strategies we can mention previewing, predicting, questioning, scan-
ning, stating main ideas, and skimming, as strategies which are somehow covered by 
warming-up for reading [3].
Warm-up activities motivate students to be interested in learning English. And 
they improve their thinking skills and abilities. The students become involved in the 
creative activities, which in future foster a positive learning environment.
REFERENCES
1. Harmer J. The practice of Ehglish language teaching. London: Longman, 1983 (in 
Eng).
2. James M. ESL reading pedagogy: Implications of scheme-theoretical research. In Re-
search in Reading as a Second Language. eds. J. Devine, P. Carrel and D. Eskey. Washington, 
D.C. 1987 (in Eng).
3. Grabe W. Current developments in second language reading research. TESOL Quar-
terly, 25, 3 1991 (in Eng).
ӘОЖ 821.512.122.09
Қ. СЕЙіЛХАНОВА, А.А. АЙТМұҚАШОВА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
АхМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ – ҚАЗАҚ МОРФОЛОГИЯСЫНЫҢ 
НЕГІЗІН САЛУШЫ
Мақалада А. Байтұрсыновтың қазақ морфологиясы саласындағы негізгі еңбектері 
баяндалады.  Ғалымның  қазақ  тілінің  грамматикалық  құрылысы,  соның  ішінде  мор-
фологияға  қатысты  теориялық  тұжырымдары  қазақ  тіл  білімі  тарихындағы  алғашқы 
пікірлер еді. Сөз тұлғасы, сөз таптары, морфема, оның түрлері туралы пікірлері кейінгі 
зерттеулердің темірқазығына айналды. Ғалым енгізген терминдердің барлығы да бүгін-
де еш өзгеріссіз қолданылады.
Түйін  сөздер:  А.  Байтұрсынов,  қазақ  тілі,  «Тіл  –  құрал»,  грамматика,  грамма-
тикалық  құрылыс,  морфология,  сөз  табы,  сөз  тұлғасы,  грамматикалық  категория, 
Қ. СЕЙіЛХАНОВА, А.А. АЙТМұҚАШОВА

135
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 1 (61), 2014
қосымша.
АхМЕТ БАЙТУРСЫНОВ – ОСНОВОПОЛОЖНИК  
КАЗАхСКОЙ МОРФОЛОГИИ
В статье рассматриваются главные научные труды А. Байтурсынова по казахской 
морфологии.  Его  теоретические  заключения  о  грамматической  структуре  казахского 
языка, в том числе о морфологии были первыми в истории казахского языкознания. Его 
теории о структуре слова, о частях речи, о морфеме и ее видах были основами для даль-
нейших научных исследований. Все термины ученого ныне используются без измене-
ний. 
Ключевые слова: А. Байтурсынов, казахский язык, «Тіл – құрал», грамматика, 
грамматический строй, морфология, части речи, формы слов, грамматическая катего-
рия, аффиксы.
AHMET BAITURSyNOV – FOUNDER  
OF KAZAKH MORPHOLOGy
В This article discusses the main research works on A. Baitursynov Kazakh morphol-
ogy. His theoretical conclusion of the grammatical structure of the Kazakh language, includ-
ing morphology were the first in the history of linguistics kazahsokogo. His theories about the 
structure of the word, part of speech, of the morpheme and its species have been the basis for 
further research. All terms of the scientist is now used without any modifications.
Keywords: A. Baytursynov, Kazakh language, «Til – kural» grammatica, grammatical 
structure, morphology, parts of speech, word forms, grammatical category, affixes.
Ахмет Байтұрсынұлының бай шығармашылық мұрасының басым бөлігі – 
лингвистикалық еңбектері. Бұлар тіл деңгейлерінің жалпы бәріне қатысты болып 
келеді, тақырыбы жағынан да өте әртарап. Оның лингвистикалық ізденулері «Тіл 
– құрал», «Әліпби» сияқты арнайы еңбектерімен ғана шектелмейді. Ғалымның 
түрлі тіл мәселесіне қатысты өзіндік пайымдаулары, теориялық тұжырымдары 
бұлардың сыртында көсемсөз түріндегі жазғандарынан да, сондай-ақ «Әдебиет 
танытқыштан» да үнемі кездесіп отырады. Қазақ тілінің фонологиялық жүйесі, 
грамматикалық құрылысы жөніндегі негізгі зерттеулерін былай қойғанда, оның 
назарынан әдеби тіл, тіл мәдениеті, этнолингвистика, прагматикалық (функцио-
налды)  грамматика,  «оқыту  ғылымы»  (методика)  мәселелері  де  еш  уақыт  тыс 
қалған емес, ол артына бұлар жөнінде де бірсыпыра құнды бағдарламалық пікір 
қалдырды [1]. 
Қазақ  тілі  грамматикалық  құрылысының  ана  тілімізде  зерттеліп,  жарық 
көруі хх ғасырдың алғашқы 10-15 жылдарынан басталады. Оның бастауы – 1914 
жылы «Тіл құралы» деген атпен Орынборда жарық көрген Ахмет Байтұрсынов 
жазған  оқулық.  Қазақ  тілі  туралы  ғылымды  қалыптастыруды  А.  Байтұрсынов 
тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін фонетика, жазу жүйесін зерттейтін графика 
мен орфография, морфологиясы мен синтаксистік құрылысын зерттейтін грам-
матика салаларын айқындаудан бастады [2]. 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

136
№ 1 (61), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
хх  ғасырдың  алғашқы  ширегінде,  Қазан  төңкерісінен  кейінгі  халықты 
жаппай  сауаттандыру  мақсатына  орай  негізгі  жұмыс  практикалық  деңгейде 
жүргізілгендіктен, морфологияның да мәселесі осы тұрғыдан қызу қолға алы-
нып,  алғашқы  әліппелер,  бастауыш  мектептерге  арналған  бағдарламалар  жа-
зылып,  басылып  шыға  бастады.  Осы  тұста  қазақ  халқының  саяси-әлеуметтік, 
қоғамдық өміріне белсене араласқан А. Байтұрсынұлының тіл біліміндегі еңбегі 
де айрықша болды. Ғалымның қазақ тілі заңдылығына икемдеп реформалаған 
араб жазуы, қазақ балаларына арнап жазған сауат ашу әліппесі, (Байтұрсынұлы 
А.  Оқу  құралы.  Орынбор,  1912)  қазақ  тілін  пән  ретінде  үйрететін  оқулығы 
(Байтұрсынұлы А. Тіл – құрал. Орынбор, 1914 жыл және кейінгі басылымдары) 
қазақ мәдениеті үшін маңызды жаңа белес еді. А. Байтұрсынұлының «Тіл – құрал» 
аталған 3 бөлімнен тұратын оқулығының морфологияға арналған бөлімі алғаш 
рет 1914 жылы, фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, синтаксиске арналған 
бөлімі 1916 жылы жарық көріп, кейіннен әрқайсысы 6-7 реттен толықтырылып 
қайта басылып отырған [1].
А.  Байтұрсыновтың  лингвистикалық  ой-пікірлері  «Тіл  –  құралдарының» 
қай-қайсысында болса да бар. Солардың ішіндегі ең толығырақ түрі – 1918 жылы 
Ташкентте  жарық  көрген  екі  жылдық  «Тіл  –  құрал»  мен  осының  1920  жылы 
Қызылордада қайталанып басылғандары [2]. 
Қазақ тілі грамматикасына арнап хІх ғасырдың екінші жартысынан бастап 
орыс ғалымдары жеке кітаптар шығара бастағаны белгілі. Сөздердің түрленуі, 
жаңа сөздердің жасалуы тәрізді морфологияның жалпы мәселелері ғана қаралған 
бұл зерттеулер Н.И. Ильминский, М.А. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Ка-
таринский сияқты түркітанушылардың қаламынан туды. Бұл еңбектер қазақ тіл 
білімінің күрделі теориялық мәселелерін қамти алмады. Орыс түркітанушылары 
қазақ тілі мәселелерін сөз еткенде, өздерінің ана тілі болып есептелетін орыс 
тілі  үлгісіне  сүйенді,  соған  негіздеп,  қазақ  тілі  туралы  топшылаулар  жасады. 
Бұларға қоса ол авторлардың қолданған терминдік атаулары да қазақ тілі үшін 
«жатжұрттық» болды. Дегенмен орыс тілді авторлар жазған еңбектердің қазақ тілі 
туралы ғылымның дамуына белгілі мөлшерде болса да бастама, үлес болғанын 
атап өту керек. А. Байтұрсынұлы еңбектерінен бастау алған қазақ тіл білімінің сөз 
құрамы, сөздерді таптастыру, сөз таптарының лексика-грамматикалық табиғаты 
секілді мәселелерінің ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеле басталуы қазақтың 
ұлттық мамандарының өсіп-жетілуімен тікелей байланысты болды [2]. 
Бұл еңбектердің не себепті орыс тілінде жазылғандығын, түпкі мақсатын 
Ахмет  Байтұрсынұлының  «Бастауыш  мектеп»  деп  аталатын  мақаласындағы 
мына  бір  жолдардан  айқын  көруге  болады:  «хүкіметке  жағымдысы  –  қол 
астындағы жұрттың жазу-сызуы, тілі, діні бір болу. Ресей қол астына түрлі тілді, 
түрлі дінін, жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттар бар. Солардың бәрі тілін, 
Қ. СЕЙіЛХАНОВА, А.А. АЙТМұҚАШОВА

137
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 1 (61), 2014
дінін, жазу-сызуын орысқа аударса, хүкіметке онан артық ұнамды іс болмас... 
әуелі балалар ана тілімен оқымай, орыс тілімен оқысын, ана тілімен оқыса да, 
орыс харпімен оқысын», – дейді. Демек, жоғарыдағы еңбектердің орыс тілінде 
жазылуы патшалық Ресейдің өз қол астындағы халықтарды орыстандыру саяса-
тынан туған. Мәселен, Н.И. Ильминский кезінде «...мой краткий опыт прочтут 
только те, которые занимаются восточными языками и уже знают по татарский, я 
в грамматической части указал почти только отличный от татарских киргизской 
формы. Впрочем моя цель дать восточных языков хотя сколько-нибудь опреде-
ленное понятие о характере киргизского наречия», – деп жазады [3].
Ал Алтай тілінің грамматикасында: «и так главная цель грамматика прак-
тическая,  миссионерская,  собственно  научной  цели  мы  не  имелы  в  виду»,  – 
делінген [4]. 
Қазақ тіл білімінің атасы А. Байтұрсынұлының аталған еңбегінде сөздерді 
топқа бөлудің жалпы тіл біліміндегі сонау Платон, Аристотель еңбектерінен ба-
стау алатын дәстүрлі қалпы көрінеді. Тіл бөлшектерін логикалық ілім негізінде 
топтастырушы  Платон  сөздерді  есім  және  етістік  деп  бөлсе,  осы  бағытты 
жалғастырушы  Аристотель  өзінің  «Риторикасында»  сөздерді  есім,  етістік, 
жалғаулық  деп  үш  топқа  бөледі.  А.  Байтұрсынұлы  да  қазақ  тіліндегі  сөздерді 
әуелі атауыш сөздер, шылау сөздер, одағай [5] деп үлкен үш топқа бөледі. 
«Тіл  құралы»  еңбегінің  «Сөз  тұлғасы»  деп  аталатын  төртінші  бөлімінде 
тұлғасына қарай сөздер түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы, қосымшалар деп 
аталған да, әрқайсысы жеке-жеке талданып түсіндірілген. Бұл бөлісте біріккен, 
қысқарған сөздердің жоқтығы болмаса, басқалары морфологияға қатысты кейін-
гі зерттеулердің барлығында да бар [2]. 
Грамматиканың  морфология  саласында  қарастырылатын  ең  өзекті 
мәселелердің  бірі  –  сөз  таптары  мәселесі.  А.  Байтұрсынұлы  сөз  таптарының 
табиғатын айқындауда қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін ескеріп, сөз таптарының 
жалпы  теориясына  сүйенгенін  байқаймыз.  Ол  «Тіл  –  құралдың»  Сөз  басында 
былай дейді: «Араб һәм орысша наху, сарфларында (грамматика) оқылатын зат-
тан мұнда да оқылады. Айырмасы сол ғана: арабша я орысша айтылған есімдер 
мұнда қазақша айтылады. Олай болғанда оқылатын заты бір, аты ғана басқа» 
[6].
Сөздерді  сөз  таптарына  топтастыруда  ұстанатын  принциптердің  (семан-
тикалық,  морфологиялық,  синтаксистік)  негізінде  А.  Байтұрсынұлы  атау-
ыш  сөздерді  мынадай  сөз  таптарына  бөледі:  нәрсенің  атын  көрсететін  –  зат 
есім,  нәрселердің  сынын  көрсететін  –  сын  есім,  нәрселердің  есебін  һәм  ретін 
көрсететін – сан есім, есімдердің орнына жүретін – есімдік, заттардың еткен-
етпеген істерін көрсететін сөздер – етістік сөз таптары. Ал шылау сөздерді үстеу, 
демеу, жалғаулық, одағай сөз таптарына саралайды.
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

138
№ 1 (61), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
Сөйтіп, А. Байтұрсынұлы сөздерді мағынасына қарай тоғыз тапқа бөледі. 
Олар:  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдік,  етістік,  үстеу,  демеу,  жалғаулық, 
одағай.
Ғалым  атауыш  сөздерге  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  есімдік,  етістікті 
жатқызады. Ал одағай сөздер еліктеуіш және лептеуіш деп екіге жіктелгенімен, 
әрқайсысы жеке сөз табы ретінде танылмаған. Шылау сөздер іштей үстеу, демеу, 
жалғау деп бөлініп, олардың әрқайсысының жеке сөз табы ретінде қаралуынан 
автордың сөздерді таптастыруда семантикалық белгіге сүйенетіндігі байқалады 
және оны автордың өзі де: «Сөздер мағынасына қарай 9 тапқа бөлінеді» [5], – 
деп ашық ескертеді. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру проблемасының тари-
хына арналған Т. Қордабаевтың хх ғасырдың 50 жылдарының басына дейінгі 
кезеңді қамтыған шағын шолу мақаласында да А. Байтұрсынұлының мағыналық 
принципті басшылыққа алғаны айтылады [7]. 
Ғалым  әр  сөз  табын  мысал  арқылы  түсіндіре  отырып,  әрқайсысына 
анықтама береді, сұрақтарын көрсетеді: «Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атай-
ды. Мәселен, жер, тау... осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді есім дейміз. Зат 
есім туралы «кім?», не?» деп сұраймыз [5]. «Сөздің кейбіреулері нәрсенің сы-
нын атайды. Мәселен, жақсы, жаман... Осындай нәрселердің сынын көрсететін 
сөздер сын есім деп аталады. Сын есімнің сұрауы қандай?» [5]. Ғалымның әр 
сөз табын сипаттаудағы бұл тәсілі де қазақ тілі грамматикасына арналған мектеп 
оқулықтарында күні бүгінге дейін сақталып келеді.
А. Байтұрсынұлы зат есімді жалқы есім (Ахмет, Қызылжар, Қытай) және 
жалпы  есім (кісі, қала, ұлт),  деректі (жер, дыбыс,  ән) және дерексіз (жан, ой, 
мінез, ұят) деп бөледі. Зат есімнің жеке тұрған және көптік жалғау қабылдаған 
кездерін  жекелік  айырыс  (ата,  ой,  шелек)  және  көптік  айырыс  деп  ажыратып 
көрсетеді, тәуелдік жалғау жалғану жағдайына байланысты жай қалып (ата, ой, 
шелек) және тәуелді қалып (атам, ойым, шелегім) деп жіктей отыра тәуелденудің 
оңаша, ортақ түрлерінің жақтарын айтады [5].
Сын  есімді  автор  тек  сыны  (ағаш  аяқ,  күміс  аяқ,  киіз  қалпақ)  және  сыр 
сыны (биік, шебер, аңқау) деп жіктей отырып, үш шырай түрін атайды: 1) жай 
шырай (жақсы атан, тентек бала, жуас ат); 2) талғаулы шырай (жақсы-рақ, зерег-
ірек); 3) таңдаулы шырай (ең жақсы, тым қорқақ, хас батыр) [5]. 
Ғалым сан есімді есептік (бір, он, жүз, мың) және реттік (бірінші, онын-
шы, мыңыншы) деп екіге бөлген [5]. А. Байтұрсынұлының тіліміздегі сөздерді 
таптарға  жүйелеуінде  есімдіктер  бес  мағыналық  топқа  жіктеледі:  1)  жіктеу 
есімдігі, 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) шектеу есімдігі (бәрі, барша, өзі) 
(қазіргі  жалпылау,  өздік  есімдіктері)  танықтық  есімдігі  (қазіргі  болымсыздық 
және белгісіздік есімдіктері).
Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі грамматикалық категория бо-
Қ. СЕЙіЛХАНОВА, А.А. АЙТМұҚАШОВА

139
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 1 (61), 2014
лып табылады. Грамматикалық категория өзара тектес, мәндес, ыңғайлас, әрі бір-
біріне қайшы мәндегі бірнеше, кем дегенде екі түрлі грамматикалық мағыналар 
жиынтығынан  тұрады.  Ол  грамматикалық  мағыналар  белгілі  парадигмалық 
сипаттағы грамматикалық тұлғалардың жүйелері арқылы беріледі. Сол арқылы 
грамматикалық  категория  белгілі  грамматикалық  топтағы  сөздердің  (сөз 
таптарының) түрлену жүйесі болып, сөз табы ретінде ерекшеленеді, әрі сол сөз 
табының грамматикалық белгісі болып табылады [8].
Грамматикалық категория сөз таптарына қарай топталып жіктеледі. Грам-
матикалық категория түрлері күні бүгінге дейін А. Байтұрсынұлы еңбектерінің 
негізінде өзгеріссіз сақталып келеді. Кейбір сөз табында грамматикалық катего-
рия болмайды (мысалы, сан есім, есімдік); ал грамматикалық категориялары бар 
сөз таптары – зат есім, сын есім, етістік. Олар мыналар: зат есімнің көптік кате-
гориясы (жекелік, көптік айырыс); тәуелдік категориясы (оңаша, ортақ тәуелдік; 
үш жақ бар); септік категориясы (сөздердің үйлесуіне сеп болады); септеу бесеу: 
1) ілік жалғау (іліктеу) ның; 2) барыс жалғау (барыстау) ға; 3) табыс жалғау (та-
быстау) ны; 4) жатыс жалғау (жатыстау) да; 5) шығыс жалғау (шығыстау) дан.
Сын есімнің шырай категориясы (сыр сынында үш шырай бар: 1) жай шы-
рай; 2) талғаулы шырай); 3) таңдаулы шырай).
Етістіктің  етіс  категориясы:  1)  сабақты  етіс,  2)  салт  етіс;  3)  ортақ  етіс; 
4)  өздік  етіс;  5)  өзгелік  етіс;  6)  беделді  етіс;  7)  ырықсыз  етіс;  8)  шығыс  етіс; 
9) дүркінді етіс; 10) өсіңкі етіс); 
болымды-болымсыздық категориясы (ма, ме); рай категориясы: 1) тұйық 
рай; 2) билік рай; 3) ашық рай; 4) шартты рай; 5) ереуіл рай; 6) реніш рай; 7) қалау 
рай; 8) сенімді рай; 9) сенімсіз рай; 10) мұң рай; 11) көніс рай; 12) қайрау рай; 
13) азалы рай; 14) теріс рай; 15) болжал рай;
шақ категориясы (осы шақ, өткен шақ, келер шақ); 
жіктік (жақ) категориясы (үш жақ; жекеше, көпше) [1].
Етістік болымды (жауды, тасыды) және болымсыз (жаумады, тасымады), 
көсемше (айта бердім, айтып бердім, барғалы тұрмын) және есімше (айтушы, 
қазған, жазатын) деп бөлінген. Ғалым етістіктің салт, сабақтылығын да етіс ка-
тегориясы ішінде қарап, он түрлі етіс түрін анықтайды: 1) сабақты етіс; 2) салт 
етіс; 3) ортақ етіс; 4) өздік етіс; 5) өзгелік етіс; 6) беделді етіс) (қазіргі өзгелік 
етістің  -дыр,  -дір,  -тыр,  -тір  жұрнақтары  арқылы  жасалған  етіс  түрі:  жаздыр-
ды,  айттырды);  7)  ырықсыз  етіс;  8)  шығыс  етіс  (ортақ  етістің  үстіне  өзгелік 
етіс жұрнағы қосымша жалғануы арқылы жасалған күрделі түрі: күрестір, та-
быстыр); 9) дүркінді етіс (-ғыла, -гіле жұрнақтары (жазыла, атқыла); 10) өсіңкі 
етіс  (-ыңқыра,  -іңкіре  жұрнақтары  арқылы  жасалған  жүріңкіре,  ұйықтаңқыра 
модификациялық етістіктер) [5].
Автор оқулығында райдың он бес түрін анықтайды: 1) тұйық рай (қарамақ, 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

140
№ 1 (61), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
жүрмек);  2)  билік  рай  (жаз,  жазба,  жазсын);  3)  ашық  рай  (жыла,  жуын); 
4) шартты рай; 5) ереуіл рай (қарсылықты сабақтас құрмалас сөйлемі алғашқы 
компонентінің баяндауышы шартты райдың жұрнағы арқылы жасалғанда осы 
баяндауыш қызметіндегі етістік) (Сұрасаң да білмеймін. Сүйресең де ермеймін); 
6) реніш рай (барсамшы, айтпасамшы); 7) қалау рай; 8) сенімді рай (алмаймын, 
тұрмағайсың, болғай); 10) болжал рай (оқыр едім ақшам болса); (ішер едің су 
болса), барар еді (жалдаса); 11) мұң рай (айтар ма едім, жүрер ме едің); 12) көніс 
рай (кетемін-та, барасың-та, көреді-та); 13) қайрау рай (барайыншы, баршы, бар-
сыншы); 14 азалы рай (жүрсейші, қалмасайшы); 15) теріс рай барса игі едім, алса 
игі едің, жүрсе игі еді) [5].
А. Байтұрсынұлы үстеуді 5-ке бөледі: 1) нықтаулық үстеу (ең, әбден, тым, 
өте – қазіргі күшейту, әдейі, қасақана – қазіргі мақсат үстеулері); 2) сынаулық 
үстеу  (шалқасынан,  адамша  –  қазіргі  сын-бейне  үстеуі);  3)  өлшеулік  үстеуі 
(қазіргі  мөлшер  үстеуі);  4)  мезгілдік  үстеу,  5)  мекендік  үстеу  [5].  Ғалымның 
үстеуді сөз табы ретінде тануында қазақ тіл білімінің кейінгі даму барысында 
бірқатар тілші ғалымдардың пікіріне әсер еткен жаңсақ пікірі де болды. Оған, 
біріншіден,  үстеудің  өзіндік  лексика-грамматикалық  табиғатының  ерекшелігі, 
екіншіден, үстеуді сөз табы ретінде анықтауға келгенде, сөйлемдегі қызметіне 
қарай икемделу себеп болған секілді. Автор жақсы оқиды, еңіреп жылады, ауылға 
шейін  қуды,  қалаға  барды  деген  сөйлемдердегі  жақсы,  еңіреп,  ауылға  шейін, 
қалаға сөздері мен сөз тіркесін үстеуге жатқызады. Бұл көзқарас кейінгі С. Жи-
енбаевта, С. Аманжоловта, І. Кеңесбаевта кездеседі. Ал сөйлемдегі қызметіне 
қарап, бір сөзді бірнеше сөз табына телудің қателігі туралы Қ. Жұбанов кезінде 
кесімді пікір айтқан болатын. Ғалым әлі бір-бірінен енші алысып болмаған сөз 
таптары бар екенін ескере отырып (бала, жас, жарық, сұлу, бай, батыр, жарлы, 
кедей сөздері), «Бір мал тек сиыр ғана, немесе тек жылқы ғана бола алады да, әрі 
сиыр, әрі жылқы бола алмайды. Сол сияқты жақсы деген бір сөз әрі сын есім, әрі 
үстеу бола алмайды, не сын есім ғана, не үстеу ғана немесе басқа бір сөз табы 
ғана бола алады. Жақсының сын есім екендігі даусыз ғой деймін», – деген пікірін 
білдіреді [9]. 
А. Байтұрсынұлы демеулерді (немесе демеуіш) жеке сөз табы ретінде тани 
отырып, іштей сұрау демеу (ма, ме, ба, б, да) және жай демеу (ғой, ақ, әше, бәсе, 
әлде, тағы, бәлкім) деп бөліп қарайды. үйткені, үйтпесе, сүйтіп, сүйткен, сайын 
секілді біріккен сөздерді де, басқа тілден еніп, сіңіскен дей отырып, я, яки, егер, 
уа-ларды  да  осы  демеу  сөздер  қатарына  енгізеді.  Ал  жалғаулықтардың  қазақ 
тілінде өте аз екенін ескертіп, олардың бәрін санамалап шығады; менен (бенен, 
мен, бен), үшін, шейін, дейін, таман, сайын, гөрі, арқылы, тақырыпты, туралы. 
Жалғаулықтардың орнына жүретін басқа сөздер ретінде әрі, соң, бойы, бөтен, 
өзге, жанына т.б. сөздерді атайды [5].
Қ. СЕЙіЛХАНОВА, А.А. АЙТМұҚАШОВА

141
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 1 (61), 2014
Одағайды  автор  іштей:  1)  ілездік  одағай;  қазіргі  еліктеуіш  сөздердің  екі 
түрі де кездеседі: (лап, жалт, мырс, дүрс); 2) еліктеу одағайы (қазіргі дыбыстық 
еліктеуіш сөздер: шыр-шыр, маңқ-маңқ); 3) шақырыс одағайы (қазіргі импера-
тивті  одағайлар)  деп  үшке  бөледі  [5].  1950  жылдарға  дейін  еліктеуіш  сөздер 
одағай құрамынан ажыратылмай, осылайша бір сөз табы ретінде қаралып кел-
гені де белгілі.
Міне,  А.  Байтұрсынұлының  тіліміздегі  сөздерді  сөз  таптарына  бөлуі, 
әр сөз табын іштей мағыналық топтарға, категорияларға жіктеуі бүгінгі таңда 
өзіміз көріп отырғандай, көп өзгеріссіз қазақ тіл білімінде орнығып қалды. Ал 
Ахаңның сөз таптарына, сөз таптарының түрлі мағыналық топ, категориялары-
на  қатысты  кейбір  пікірлеріне  жоғарыдағы  салыстырулар  көрсеткендей  қазақ 
тіл  білімінің  кейінгі  дамуы  өз  өзгерістерін,  түзетулерін  енгізді.  Дегенмен  бұл 
өзгеріс, түзетулер ғалымның қазақ тілі сөздерін салыстырудағы шешуші рөліне 
нұқсан келтіре алмайды. Сондықтан А. Байтұрсынұлын тіліміздегі сөздерді тап-
тастыру ісінде берік іргетас қалаушы ретінде тануымыз керек [1]. Сөйтіп, ғалым 
қазіргі сөз таптарының 9 түрін атап көрсетеді, соңынан қосылған модаль сөздер 
ғана жоқ.
Түркологияда  қазіргі  уақыттың  өзінде  де  қосымшаларды  біреулер  сөз 
өзгертуші, сөз түрлендіруші деп бөлсе, екінші біреулер олардың барлығы да сөз 
тұлғасын түрлендіре алады дегенді айтатыны белгілі. Осы мәселе А. Байтұрсынов 
оқулықтарында  сонау  20  жылдардың  өзінде-ақ  шешімін  тапқан.  «Қосымша» 
терминін  алғаш  қазақ  тіліне  енгізген  А.  Байтұрсынұлы  былай  деп  жазады: 
«Қосымшалар дегеніміз – сөз емес, сөзге жалғанатын буындар; бұларда өз алды-
на мағына да жоқ, басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды да. Сондықтан бұлар 
қосымшалар  деп  аталады.  Қосымшалар  екі  түрлі:  біреулері  жалғанған  сөзінің 
тұлғасын  ғана  өзгертіп,  мағынасын  өзгертпейді,  екіншілері  жалғанған  сөзінің 
тұлғасын  да,  ішкі  мағынасын  да  өзгертеді.  Сондықтан  бастапқы  қосымшалар 
тысқарғы жалғаулар я тікелей жалғау деп аталады; екінші қосымшалар ішкергі 
жалғаулар я тікелей жұрнақ деп аталады.
Түсінікті  болу  үшін  мысал  келтірейік.  Жылқы  –  жылқышы,  жылқы  – 
жылқының,  «жылқышы»  дегенде  сөздің  бастапқы  тұлғасы  да,  мағынасы  да 
өзгерілді, яғни «жылқышы» деген сөз енді малдың есімін көрсетпейді, адамның 
есімін  көрсетеді.  «Жылқының»  дегенде,  сөздің  тұлғасы  өзгерілді,  мағынасы 
өзгерген  жоқ,  яғни  «жылқының»  деген  сөз  бәрібір  малдың  есімін  көрсетіп 
тұр.  Бұл  айтылғаннан  мәлім  болды:  «шы»  қосымша  жұрнақ  екендігі,  «ның» 
қосымша жалғау екендігі. Жалғау аз, жұрнақ көп. Жалғау түбір сөзде де, туын-
ды  сөзде  де  болады.  Жұрнақ  түбір  сөзде  жоқ,  туынды  сөздерде  ғана  болады» 
[5]. Бұл келтірілген үзіндіден оның авторының айтпағы: қосымшалардың бір-
бірінен  өзгешелігі  –  оның  бір  тобының  сөз  тұлғасын  түрлендіріп,  екіншісінің 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет