ұлтаралық байланыс
қызметі
өмірдің әртүрлі ситуацияларын модельдеуге, қақтығыс-
тардан күш қолданбай шығуға, эмоцияларды білдіруге
үйретеді
Өзін-өзі іске асыру
қызметі
өзін тұлға ретінде іске асыру құралы
Коммуникативті қызметі адамдар арасындағы нақты қарым-қатынас жағдайын
меңгертеді, тұлғаның коммуникативті мүмкіндіктерін іске
асырады
Диагностикалық
қызметі
адам өзінің интеллектісін, шығармашылығын көрсетеді,
өзін-өзі байқатады
Терапиялық қызметі
қиындықтарды жеңіп шығуға үйрету мақсатында
қолданылады, жаңа әлеуметтік қатынастар меңгеріледі.
Түзету қызметі
психологиялық түзету еркін, табиғи түрде өтеді, ауытқыған
мінез-құлық нормаларынан айыруға, еркін қарым-қаты-
насқа түсуге үйретеді.
Көңіл көтеру қызметі
жағымды орта құруға, қуаныш сыйлайды, тұлғалық тұрақ-
тылыққа қол жеткізеді.
Ойынның атқаратын қызметімен қатар оның түрлері де сан-алуан.
Әдебиеттерді зерттеу барысында ойынның мазмұнына қарай мынадай түрлері
бар: бейнелі-рөлді, қимылды, дидактикалық, құрылыс, драмалау, дидактикалық
ойындар, іскерлік ойындар.
Бейнелі-рөлді ойындарда балалар көркемдік сабақтардан алған білімдерін
пайдаланып, ойнайды, мысалы, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айта-
ды, әлдилейді, алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс
ырғағын мәнерлі жеткізе білуге тырысады.
Құрылыс ойындарында балалар бір сызық бойына бірдей етіп үй
құрылысын орналастырып, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын
қадағалайды.
Қимыл ойындар балалардың ептілігін, қимылдың нәзіктілігін дамытады,
кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйретеді. Ойын кезінде орынды қолданылған
өлең, тақпақ, санамақтар балалардың қуаныш, шаттық сезімдерін арттырады.
Мысалы: «Ормандағы аю» атты қимылды ойынын ұйымдастыруда қолданылған
ауыз әдебиеті үлгілеріне тоқтайық. Ойынды ұйымдастыру үшін тәрбиеші бала-
ларды қасына жинап: «Балалар, қазір мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ғЫЛЫМДАР
218
№ 1 (61), 2014
Regional Bulletin of the East
оны мұқият тыңдап, жауабын шешуге тырысыңдар», – дейді.
Драмалау ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде
ұйымдастырылады. Ертегі – ауыз әдебиеті үлгілерінің ішіндегі балаларға
ең жақын және түсінікті, мазмұны жағынан қызықты жанр. Ол өзінің
қарапайымдылығымен, көркем бейнелі тілімен, бірінен кейін бірі алма-кезек
келіп отыратын оқиғаларымен балаларды өзіне елітіп, ауыз әдебиеті түрлеріне
қызығушылығын арттырады.
іскерлік ойындар – бұл жұмыс процесін имитациялау, модельдеу, шы-
найы өндірістік ситуацияны қарапайым түрде бейнелеу. Ойынға қатысушылар
алдында күнделікті кәсіби іс-әрекет барысында қойылатын міндеттер қойылады.
Іскерлік ойын – кәсіптік іс-әрекеттің пәндік және әлеуметтік мазмұнын қайта
құру, тәжірибенің осы түріне тән қатынастар жүйесін модельдеу формасы.
Дидактикалық ойындарда балалардың есту, көру, сезіну, қабылдау
сияқты процестері дамып, музыкалық ойыншықтардың дыбысын ажырату-
да, заттарды бейнесіне, түсіне, көлеміне қарай жіктеуге әртүрлі қимылдарды
орындауға үйретеді. Демек, дидактикалық ойындарда жаңа біліммен қатар,
балалардың эстетикалық сезімі мен талғамын дамыту талабы қатар жүргізіледі.
Дидактикалық ойындарда пайдаланылатын құралдардың түстерінің ашық-
жарқындығы, суреттердің әдемілігі, бояуларының әртүрлілігі балаларды
қызықтырып, сезімдерін оятып, талғампаздық қасиеттерін дамытады.
Ал мектепке дейінгі шақтағы баланың таным қабілетін, белсенділігін
арттыруға ықпал ететін ойын түрлерін біз былайша жіктедік:
І топ – пәндік ойындар, ойыншықтар, заттарды манипуляциялауға
бағытталған ойындар. Ойыншық, заттар арқылы бала форманы, көлемді, мате-
риалды, жануарлар және адам әлемін танып меңгереді.
ІІ топ – шығармашылық, сюжеттік-рөлдік ойындар, ондағы сюжет –
интеллектуалдық іс-әрекеттің бір түрі. Бұл топқа «Миллион кімге бұйырады?»,
«Кім? Қашан? Қайда?» және т.с.с. зияткерлік ойындар, саяхат ойындары,
шығармашылық сюжеттік-рөлдік ойындар жатады.
ІІІ топ – дидактикалық ойындар, ол балалардың танымдық белсенділігін
дамыту құралы ретінде қолданылады, ол дайын ережелер негізінде ойнатыла-
ды.
IV топ – құрылыс, еңбек, техникалық, конструкторлық ойындар. Бұл ойын-
дар үлкендердің кәсіби іс-әрекетін бейнелейді. Бұл ойындар арқылы балалар
шығармашылық процесін меңгереді, өз жұмысын жоспарлауды, қажетті мате-
риалды таңдап алуды, өзінің және өзгелердің іс-әрекетіне сыни тұрғыда қарауды
үйренеді.
V топ – интеллектуалдық ойындар, адамның психикалық саласы-
на әсер ететін жаттығу-ойындар, тренинг-ойындар. Олар жарысқа негізделе
А.М. БЕЛДЕУБАЕВА
219
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 1 (61), 2014
құрастырылады, ол балаларға салыстыру арқылы олардың дайындық деңгейін,
өзін-өзі жетілдіру жолдарын, таным белсенділіктерін дамытады.
Балалардың танымдық қабілетін арттыруға ықпал ететін ойын түрлері
сан алуан болғандықтан, біз тек дидактикалық ойындарға ғана тоқталуды жөн
деп таптық. Дидактикалық ойын – оқушылардың ынта-ықыласын күшейтетін,
оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу бары-
сында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты, қайнар көзі болатын
оқыту әдісінің бір түрі. Дидактикалық ойынның мақсаты баланы қызықтыра от-
ырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады
[2].
Дидактикалық ойындар жүйесін алғаш құрастырушы – Фребель, ол
әртүрлі ойыншықтар, материалдар көмегімен дидактикалық ойындар жүйесін
құрастырды. Дидактикалық ойынның негізгі міндетті бөлігі өзі құрастырған
өлеңдер, тақпақтар, әндер, ертегілер болды. Фребельдің дидактикалық ойынының
негізі – баланы сенсорлық дамыту, қоршаған ортаны сезімдік қабылдауын
жетілдіру.
Ал белгілі Ресей педагогі Е.И. Тихеева дидактикалық ойынды басқаша
бағытта түсіндірді. Оның ойынша, дидактикалық ойындар – балаларды тәрбиелеу
және оқыту мақсаттарын жүзеге асырудың тек бір бөлігі. Е.И. Тихеева ұсынған
ойындар ойлау операцияларын дамытуға (салыстыру, жүйелеу, жалпылау), сөз-
дік қорын, тілін дамыту, бағытты, қашықтықты анықтауға бағытталды.
Дидактикалық ойындарды балабақшада қолдануды ғылыми негіздеуші
ғалымдар өте көп болды. Дидактикалық ойын оқыту мақсатын жүзеге асыру
үшін ересектермен ұйымдастырылатын ойын түрі деп Е.С. Рапацевич анықта-
ған. Дидактикалық ойынның екі бастауы бар: оқу (танымдық) және ойындық
(қызықтыру), яғни бала ойнай отыра оқытылады, көңілін көтереді.
Кеңестік педагогикада дидактикалық ойындар жүйесін 60 жылдары белгілі
педагогтер Л.А. Вегнер, В.Н. Аванесова және т.б. құрастырды. Ал алғаш рет
дидактикалық ойындардың балалардың танымдық қабілетін және логикасын арт-
тыруда маңызының жоғары екендігін белгілі педагог А.А. Столяр дәлелдеді. Ол
алғашқылардың бірі болып дидактикалық ойынның мазмұны арқылы баланың
таным қабілетін арттыру мүмкіндігін дәлелдеп, танымдық қабілетті дамытатын
әртүрлі дидактикалық ойындар жүйесін құрастырды [5].
Жалпы алғанда дидактикалық ойындардың ережесі оқушылардың түсі-
нуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойынды сабақта
қолданғанда мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:
– ойынның балаға беретін білімдік және тәрбиелік мәні;
– баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсері;
– өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызу;
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ғЫЛЫМДАР
220
№ 1 (61), 2014
Regional Bulletin of the East
– сабақтың мақсатын іске асыруда балаларға қажетті білік пен дағдыны
қалыптастыру;
– тілдік материалдарды салыстыру және қорытынды жасау;
– балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы рөлі.
Балалардың дидактикалық ойындарға деген қызығушылығы ойын әрекеті-
нен ойлау әрекетіне, ақыл-ойды дамытуға берілген логикалық жаттығуларға
ауысады. Мұндай ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс жасауға үйренеді, өз
бетімен қорытынды шығаруға машықтанады.
Дидактикалық ойындардың мазмұны – қандай да болмасын ақыл-ой
міндеттерін жүзеге асыру. Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал
етеді. Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие болады, ол
күнделікті оқуға ұқсамайды, мұнда қиял-ғажайып та, жауапты өз бетінше іздеу
де, белгілі болмыс пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен
кеңейту де, жекеленген құбылыстар арасында өзара байланысты, ұқсастықты
және айырмашылықты тағайындау да бар. Ал ең бастысы, балаларды еш қинамай,
өздерінің қалауы бойынша дидактикалық ойын арқылы оқу материалын әртүрлі
тұрғыдан бірнеше рет қайталауға мүмкіндік туады.
Дидактикалық ойын өзінің қызметі мен атына сай орындалуы үшін, оның
арнайы құрылымы болуы шарт. Оның құрылымы келесідей [4]: міндет, әрекет,
ереже, нәтиже, ойынның аяқталуы.
Егер олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ:
Міндеті – әрбір дидактикалық ойынның белгілі міндеті болады, ол
дидактикалық мақсаттан келіп туындайды. Ойынның (мақсаттан келіп) міндеті
оның оқу мазмұнын құрайды.
Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның мақсатын жүзеге асы-
ру мүмкін емес. Ол балалардың қызығушылығын тудырып, олардың ойынға де-
ген эмоциялық қатынасын анықтайды. Ол әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда
төмендегідей негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс:
а) ойын міндетіне бағыну керек, сол арқылы ойын мақсаты жүзеге асыры-
луы шарт;
ә) ойынның аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы шарт.
Ереже – дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып табылады және ерек-
ше орын алады, сондықтан кейде дидактикалық ойындарды «ережеге құрылған
ойындар» деп те атайды. Ереже ойын міндетіне бағынады. Олар іс-әрекетті
ойынның міндетін жүзеге асыруға бағыттай ұйымдастыруды көздейді. Сондық-
тан дидактикалық ойында іс-әрекет ережемен тығыз байланысты. Ережесіз іс-
әрекет жайбарақат дамып, дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете ал-
майды, сөйтіп өзінің негізгі сипатынан айырылады.
Ойын нәтижесі – бұл міндетті шешу мен ережені орындау. Нәтиже мен
А.М. БЕЛДЕУБАЕВА
221
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 1 (61), 2014
ойынның аяқталуын екі тұрғыдан бағалау қажет: баланың көзқарасы тұрғысы-
нан және мұғалімнің немесе тәрбиешінің көзқарасы тұрғысынан.
Тәрбиешіге дидактикалық ойындарды талдау кезінде міндеттің орын-
далғанын, әрекеттің жүзеге асырылғандығын, ойынның белгілі бір нәтижеге
әкелгендігін қадағалаудың маңызы зор.
Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В. Зенковтың пікірінше, ойын берілген
білімді кеңейтуге, арттыруға, сабақтағы зерігушілікті жоюға көмектеседі [5].
Балабақшадағы сабақтарда мынадай дидактикалық ойын түрлерін қолдануға бо-
лады: жұмбақ, сұрақ жауап (викторина), басқатырғыш, сөзжұмбақ және т.б.
Жұмбақ – заттың немесе жануарлардың тұспалды белгілері туралы ұғым-
мен құпияланатын ойын. Мысалы:
Қабат-қабат киінген,
Жұмырланып түйінген.
Доп-домалақ көк допты
Күнде көрем үйімнен.
Ол қандай зат, балалар,
Сорпасы тіл үйірген?
(қырыққабат)
Сұрақ жауап – орысша «викторина» деген мағына білдіретін ұғым, бір
тақырыпқа топтастырылған сұрақ-жауап жиынтығы, демек сұрақ-жауап ойыны.
Басқатырғылар – адамның ой-пікірін дамытып, зейінділікке, тапқырлыққа,
төзімділікке баулитын шытырман ойын.
Сөзжұмбақ – танымдық ойынның ең көп тараған түрі. Сөздерді әртүрлі
тәсілдермен құпиялап ойын құрастыру. Яғни сөздерді пайдаланып жасалатын
ойынның жалпы атауы.
Дидактикалық ойындардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Бір жағынан, ойын-
да ойындық әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір са-
палары: зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады.
Екінші жағынан, ойын сабақта белгілі бір дидактикалық міндетті, жаңа матери-
алды оқып-үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді
іс жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді.
Дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау,
пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдаланылады. Дидактикалық ойын бары-
сында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, процестері дамып, зат-
тарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әртүрлі қимылдарды орындауға
үйретеді.
Балабақша балалары үшін оқу іс-әрекеті процесінде аса дайындықты
қажетсінбейтін дидактикалық ойындарды пайдалану керек және олар оқытатын,
үйрететін сипатқа ие болуы тиіс. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырғанда,
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ғЫЛЫМДАР
222
№ 1 (61), 2014
Regional Bulletin of the East
оның сабақтың мақсатына жетуге көмектесетін жағын ескеру маңызды. Оларды
сабақтың әрбір кезеңіне сәйкес дұрыс пайдалану да өте тиімді. Сабақтың басын-
да ойын баланың қызығушылығын оятады, оны ұйымдастырады, сабақтың орта-
сында ойын тақырыпты меңгертуге бағытталады, сабақтың аяғында ойын ізденіс
сипатына ие болады. Бірақ ойын сабақтың қандай кезеңінде ұйымдастырылса да
қызықты, түсінікті және, оқушыларды іс-әрекеттің әр түріне баули алуы тиіс.
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш
түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи
заттарды қолдану арқылы өтіледі. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Са-
лыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы?», «Бірдей ойыншықты тап»,
«Қайсысы көп, қайсысы аз?» т.б. үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото,
суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?»,
«Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш?», «Қиылған сурет-
тер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын арқылы
сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге,
орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла»,
«Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «үш сөз ата». Сонымен қатар балалардың та-
ным белсенділігін дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер
көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші
адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып
отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығулар мен тапсырмалар балалардың
таным белсенділігін дамыта отырып, шығармашылықтарын және саусақ бұлшық
етін дамытады.
Жалпы дидактикалық ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік,
ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті
құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды
ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды тал-
дау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың
іс-әрекеті болып табылады.
Дидактикалық ойын мектепке дейінгі шақтағы бала үшін оқытудың ақыл-
ой белсенділігін тәрбиелеудің маңызды құралы болып табылады.
Тиімді пайдаланған дидактикалық ойындар тәрбиешінің түсіндіріп
отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, оны берік меңгеруіне
көмектеседі. Ойынды педагогикалық процеске енгізе отырып, тәрбиеші балалар-
ды ойнауға, яғни А.С. Макаренконың сөзімен айтқанда, «Жақсы ойын» жасауға
үйретеді. Мұндай ойынның өзіне тән сапасы бар, ол – мазмұнының тәрбиелік-
танымдық құрылымы, бейнелейтін түсініктерінің толықтығы мен дұрыстығы,
белсенділігі мен ұйымшылдығы, ойынның ережелерге бағынуы [2].
Сонымен балалардың таным белсенділігін дамытуда дидактикалық ойын-
дарды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры да-
А.М. БЕЛДЕУБАЕВА
223
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 1 (61), 2014
мып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп,
ақыл-ойы өсіп-жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана: Фолиант баспасы, 2006.
2. Нағымжанова Қ.М. Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар /
Қ.М. Нағымжанова, Н.М. Нұрғазиева. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2005.
3. Богуславская З.М. Развивающие игры для детей младшего дошкольного воз-
раста / З.М. Богуславская, О.Е. Смирнова. – М.: Просвещение, 1991. – 207 с.
4. Венгер Л.А., Дьяченко О.М., Говорова Р.И., Цеханская Л.И. Игры и упражне-
ния по развитию умственных способностей у детей дошкольного возраста / Л.А. Венгер
[и др.] – М.: Просвещение, 1989. – 127 с.
5. Ремнева Н.А. Обучающие игры как ведущий метод формирования основ логи-
ческого мышления у старших дошкольников.
REFERENCES
1. Mektepke deingi pedagogika, 2006 (in Kaz).
2. Nagimshanova K.M. Bastaush bilim berudegi Ghana tehnologialar, 2005 (in Kaz).
3. Bogouslabskay Z.M. Razbibayshie igri dly detei doshkolnogo bozrasta. 1991, 2007
(in Kaz).
4. Benger L.A. Igri I upraghneniy po razbitiyu umstbennih sposobnostei u detei do
shkolnogo vozrasta, 1989, 127 (in Russ).
5. Remneva N.A. Obushayushie igri kak bedushii metod formirobanie osnov logish-
eskogo mishlenia u starshih doshkolnikov, 145 (in Russ).
ӘОЖ 373.2
Ж. МУХАШ
І. Айттықов атындағы орта мектеп, Шығыс Қазақстан облысы, Тарғын ауылы, Қазақстан
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫН
хАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Мақалада бастауыш сыныпта халық даналығы арқылы оқушылардың ақыл-ойын
дамытудың негізгі құралы екендігі ашылған. халық даналығы арқылы оқушылардың
ақыл-ойын дамыту бастауыш сыныптарда халық педагогикасының құралдары арқылы
жүзеге асуы ерекше орын алады.
Түйін сөздер: халық педагогикасы, тәрбие, эстетикалық тәрбие, салт-дәстүрлер,
отбасы тәрбиесі, мақал-мәтел, жұмбақтар.
ПУТИ РАЗВИТИЯ МЫШЛЕНИЯ УЧАЩИхСЯ
НАЧАЛьНЫх КЛАССОВ ЧЕРЕЗ НАРОДНУЮ МУДРОСТь
Статья раскрывает основные вопросы воспитания личности средствами народной
педагогики. Особое место в процессе воспитания учащихся начальных классов сред-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ғЫЛЫМДАР
224
№ 1 (61), 2014
Regional Bulletin of the East
ствами народной педагогики, занимает развитие мышления через народную мудрость.
Ключевые слова: народная педагогика, воспитание, эстетическое воспитание,
семейное воспитание, традиции и обычаи, пословицы, поговорки, загадки.
WAyS OF THINKING THROUGH PRIMARy
SCHOOL STUDENTS FOLK WISDOM
The article reveals the major issues of personality education by means of national peda-
gogy. A special place in the process of education of primary school pupils by means of national
pedagogy, takes the development of thinking through folk wisdom.
Keywords: folk pedagogy, education, aesthetic education, family education, traditions
and customs, proverbs, sayings.
Бала тәрбиесі – жалпы адамзат тарихында маңызды әрі жауапты іс.
үлкендеріміздің бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, өз білгенін ұрпағына үйретуі
оның адамдық парызының бірі болып саналады.
халық педагогикасында тәрбие, оның бөліктері туралы ұғымдардың
анықтамаларын ғылыми педагогиканың анықтамаларымен сәйкес келетіндігі
байқалады. халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттердің
ойлау қабілеттерін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады.
Сондықтан бүлдіршіндерімізге тек білім берумен ғана шектеліп қоймай,
әлуметтік өзгерістерге зерттеулік көзқараспен қараған жөн. Алдында отырған
оқушылары болашақта қандай азамат болып өседі деген ой әрбір ұcтазды
толғандырады. Қазіргі жастар арасында қылмысты істердің көбейюі барлық
көпшілікті, әсіресе педагог қауымды алаңдатуда. Мұның басты себептерінің бірі
– әуел бастан-ақ халық педагогикасының бала өміріне енгізілмегендігі. Ертеде
бұзақылық жасаған адамды халық өзі жазалаған. Бір ауыз даналық сөзге бүкіл
халық тоқтаған.
«Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тозығы бар» дегендей, заманның
ағымына сай халықымыздың бала тәрбиесіне байланысты дәстүрлеріне,
мәдениетіне бетбұрыс жасалып отыр. Мұғалімдер қазақ халқының бала
тәрбиесі жөніндегі өткен заманнан келе жатқан мол тәжірибелерін жинақтап,
қазақтың тілін, салт-дәстүрін бойына сіңірген ұрпақтарды тәрбиелеу үшін халық
педагогикасын оқу-тәрбие жұмысына енгізіп оқытуда. халық педагогикасы –
ғасырлар бойы жинақталған халықтық тәрбиенің жиынтығы. Ізгілікке, кісілікке
бастайтын қоғамның моральдық принциптерімен іштей қабысып, үйлесім тауып
жататын халықтық педагогиканы оқу-тәрбие процесінде пайдалану өте пайдалы.
Оқушыларға күнделікті сабақта өнегелі өмір салтын үйретіп отыру тиімді.
Ұлттық әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді жас ұрпақтың бойына сіңіруді мұғалімнің
шеберлігі мен ізденімпаздылығына байланысты әрбір сабақта, сыныптан тыс
жұмыстарда да жүйелі қолдануға болады. Сыныптағы оқушының іс-қимылы,
әдептілігі, сөйлеу үлгісі – бәрі халық этикасынан туындап, ұлттық әдептілікті
Ж. МУХАШ
225
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 1 (61), 2014
көрсететіндей болу үшін халық даналығының үлгілерін барынша ұтымды пай-
далану– үлкен өнер.
«Мақал – тұрмыс айнасы». Тұрмысты тану үшін осы айнаға үңілу керек.
Балаларға білім беруде мақалды жан-жақты пайдаланған жөн. Ана тілі, сынып-
тан тыс оқу, қазақ тілі сабақтарында «көркем жазу, ауыспалы диктант» кезінде
қолданып отырса, бала ойы дамып, тіл байлығы артады. Мақалды әр тақырыпқа
жеке тоқтап қою сабаққа пайдалануға ыңғайлы болады. Мысалы, ынтымақ-
бірлікке арналған мақал-мәтелдер: «ырыс алды – ынтымақ», «бірлік болмай
тірлік болмас», «ынтымақ түбі – игілік», «тірлік түбі – бірлік» т.б.
«Туған жер», «Отан» тақырыбына: «ел ұлсыз болмас, жер гүлсіз болмас»,
«кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «ел – ердің анасы, жер –
елдің анасы» т.б.
үлгі-өнеге, тәлім-тәрбие туралы: «бала тәрбиесі – бесіктен», «өтірікші ал-
дымен өзін алдар», «сіз десек – әдеп, біз десек көмек», «атапаз көрген ат таныр,
ұзтаз көрген хат таныр» т.б.
Мұғалім ізденпаздылығы, әсіресе бастауыш сынып бүлдіршіндеріне ауа-
дай қажет. Осы жоғарыдағыдай, тағы да басқа батырлық, қорқақтық, еңбек, кәсіп
туралы мақал-мәтелдерді сабақта қолдану оқушының ақылына ақыл қосып, ой-
өрісін кеңейтеді, өмірді тануға үйретеді, болашаққа дұрыс бағыт береді.
Қазақ тілінен көру диктантын жазуға әліппеден әр әріпті, математикадан
әр санды өткенде, ана тілінен жаңа тақырыпты түсіндірер алдында өтілетін
тақырыпқа сай жұмбақ шешкізу баланы бейнеғашықтыққа, ой-қиялға шашуға
үйретеді.
Қазақ халқы баланы бесік жырымен тәрбиелеп, өздерінің көңіл күйін,
толқыған сезімін жеткізіп, бөбектің түйсік сезімін, есту қабілетін жеткізіп
отырған. Осы бесік жырының шумақтарын қазақ тілі сабақтарында тақырыпқа
байланысты «есте сақтау», «көру», «терме» диктанттары ретінде және ана тілі
сабақтарында қолдану мол ғибрат береді.
Балалар фольклорының үлкен саласы – ойын өлеңдері. Балалар өз
бетімен ойнап кетуге қабілеті жеткен кезде өлең, тақпақтар айтқызу балалар
шығармашылығын дамытады, есте сақтау қабілетін нығайтады ойындарының
ішінде отырып та, түрегеп те, дамылсыз жүгіріп жүріп те айналатыны бар.
Ойын барысында іс-әрекетті белгілеу, балалардың орын тәртібін анықтау, түрлі
рөлдерді бөлісу, міне мұның бәрі де өлең, тақпақтарды білу арқылы іске асыры-
лады [1].
Балалар ойыны өзінің педагогикалық маңызымен ғана бағалы емес, ол
ойындарда әр халықтың көне тарихының ізі, тұрмыс тіршілігінің, еңбек кәсібі-
нің, әдет-ғұрпының нәрі сақталған. «Ойын халықтардың сонау алыс жылдардағы
баяғы тірлігі жөнінде бізге аса бағалы, сенімді деректер жеткізді, оның үлкен
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ғЫЛЫМДАР
226
Достарыңызбен бөлісу: |