Микротолтырылған композиттердің оң қасиеттері:
-
жылтыратуға жақсы келеді;
-
жылтыр беткейдің тұрақтылығы;
-
жоғары түс тұрақтылығы;
-
жақсы эстетикалық қасиеттері;
-
төмен абразивті тозуы.
Микротолтырылған композиттердің теріс
қасиеттері:
-
рентгенконтрасттіліктің төмен болуы;
-
жеткіліксіз механикалық беріктігі;
-
жоғары температуралық кеңею коэффициенті.
Микротолтырылған композиттердің қолдану
көрсеткіштері:
• III, V класстық қуыстарды пломбалау үшін;
• тістің тісжегі емес ақауларын пломбалау үшін (кіреуке
эрозиясы, гипоплазия, сынатәрізді ақау және т.б.);
• IV класстық қуыстарды эстетикалық пломбалау.
Достарыңызбен бөлісу: