Тұжырымдар баяндалады. Тарихи ойдың дамуы үдерісіндегі түркі кезеңінде пайда болған «Ақиқат сыйы» еңбегінің дерек ретінде пайда болу объективтілігі және сақталу формасы қарастырылады


Еңбектің мазмұны және негізгі идеялары



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата26.11.2023
өлшемі378,78 Kb.
#128299
1   2   3   4   5   6
Еңбектің мазмұны және негізгі идеялары
Ахмед Иүгінеки туындысының басты идеяла
-
ры: оқу, білім, еңбек, тіл, адамның игі мінездері, 
достық, дүниенің өзгермелілігі. Автордың 
пікірінше, келер ұрпақ үшін шығармасын арнайы 
дайындаған. Осы турасында ол былай деп жазған: 


ISSN 1563-0269 Journal of history. №4 (87). 2017
37
Мұхатова О.X.
«... Кейін келген жас буындар, ұрпақтар
Осыны оқып таң-тамаша болсын деп.
Махаббаты бар көңілді марқайып,
Жаздым кітап сөз асылын теріп ап,
Оқығандар бір пайдасын алсын деп...» 
(Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 2006: 390).
Шығармасында Ахмед білімнің пайдасы 
мен надандықтың зияны туралы ойларын ашып 
көрсетіп, оған біршама тоқталған. Атам қазақ 
«білім – таусылмас қазына» деп бекер айт
-
паса керек. Ахмед білімге, білім алуға асығу 
қажеттілігі туралы ой қозғайды. Осы тұста халық 
қаһарманы Бауыржан Момышұлының «өлімнен 
басқасының бәріне асығу керек» деген пікірі 
ойға оралады. Білімді адамның өмірі бейнетсіз, 
бақытты болатынын былай жеткізген: 
«Айтайын білім жайын, құнты бар бол,
Ей, досым, білімдіге ынтызар бол.
Ашылар білімменен бақыт жолы,
Білім ал жолға түсіп бақыт жолы»
(Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 2006: 390). 
Ғұлама білім бақытқа апаратын жол десе, 
өзінен жеті ғасыр кейін өмір сүрген дана Абай 
«... Дүние де өзі, мал өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз» 
(Өлеңдер, 1966:13), 
деп білімнің таусылмас байлық екенін қадап 
айтқан. Көріп отырғанымыздай, екі дананың 
ойлары бір жерден шығып отыр. Екеуі де 
білімнің адамның уайым-қайғысыз, бай-қуатты 
ғұмыр кешуінің көзі, түпсіз қазына екендігін 
насихаттаған. Ахмедтің осы асыл сөздерін 
кеңестік кезеңде В.И. Лениннің «Оқы, оқы және 
оқы» деген ұраны тәрізді білім ошақтарының 
маңдайшаларына жазып қойса да артық бол
-
мас еді. Адамзаттың дамуы осы білім, ғылым 
жолымен жүріп жатқандығы хақ. Заманауи 
жастар ғаламторға еліктеп, алтын уақыттарын 
соның тиімсіз тұстарын ақтарумен өткізгенше 
көбірек кітап оқып, дүниетанымдарын кеңейтсе 
Елбасының сөзімен айтқанда таусылмас капи
-
тал жинаған болар еді. «Білекті мыңды жағады, 
білімді мыңды жығады» деген нақыл сөз де Ах
-
медке тән тәрізді. Себебі ол былай деп жазған: 
«Білімді білімсіздің мыңын жеңер,
Ол біліп білім ізін, теңін теңер,
Көр байқап, оқы, сына: білім – пайда,
Білмесең – басқа не бар, сенің нең ер?» 
(Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 2006: 391).
Ахмед шығармасының құнды тұсының бірі 
– білім алу идеясы. Ол осы мәселеге қайта-
қайта оралып, білім алудың барлық істен артық 
екендігін алдыға тартқан. Мұндай ой Абай 
өлеңдерінен кеңінен орын алған. Оған ақынның 
мына өлең жолдары дәлел бола алады.
Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта
Ерінбей оқып көруге. 
(Өлеңдер, 1966:22).
Ахмед білім алудың қажеттілігімен қатар 
қараңғы болып қалудың зардабы туралы жазып, 
оның ауыр болатындығын былай жырлаған: 
«Білмеген талай жұмыс істей жүріп,
Амал жоқ түбінде опық жейді.
Білікті біліп айтар сөзін ұтар
Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар» 
(Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 2006: 391). 
Ал Абай болса өз басынан өткерген жағдайды 
айтып, өзгелерге тәлім болсын деген ойын бы
-
лайша жеткізген: 
«Жасымда ғылым бар деп есермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалғаныма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем өстер ме едім» 
(Өлеңдер, 1966:10).
Білімді, білікті мамандары бар ел тұрғын-
дарының ұзақ жасап, бай, қуатты өмір кешіп 
жатқанына әлем куә.Тәуелсіз Қазақстан да білім 
беру деңгейінің экономикалық және ғылыми 
техникалық прогрестің ең негізгі көрсеткіші 
екенін жақсы түсінеді. Білім беруде артта 
қалушылық мемлекеттің бәсекелестік қабілеті 
мен ұлттың болашағына ықпалын тигізері сөзсіз. 
Сондықтан да білім беру және оны заманауи 
талаптарына сәйкес жүргізу қазіргі кезеңдегі 
көкейкесті мәселелердің бірінен саналады. Осы 
бағытта атқарылып жатқан шаралар аз емес.
«Басқа пәле – тілден» мақал қашанда өзекті 
болып келгені мәлім. Алайда оның бастауы Ах
-
мед Иүгінекиге тиісті десек артық айтпаған бо
-
лар едік. Еңбегінде ойшыл тіл және соған байла
-
нысты әдеп туралы айтып өткен. 
«Ақылды ма көп сөйлеген күбіне, 
Талай бастың тіл жетті ғой түбіне.
Оқ жарасы жазылады, бірақ та 


Хабаршы. Тарих сериясы. №4 (87). 2017
38
Ахмед Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегіндегі негізгі ойлар 
Тіл жарасы жазылмайды: түбі не?» 
(Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 2006: 392). 
Тіл мәселесін қозғай отырып ойшыл жастарға 
ғибрат айтқан. Тіл өзімдікі деп сөйлей бермей 
керектіні айтып, керексізден бас тартуға кеңес 
берген. Өтірік сөзге бармай ақиқатты айтуды 
таза киім киюмен теңеген.
Ойшыл дүниені үнемі өзгеріп тұратын 
құ былыс ретінде қарастырған. Мұның өзі 
Ахмедтің дүниенің үдеріс ретінде танығандығын 
көрсетеді. Өзінің алдында өмір сүрген ғұламалар 
тәрізді дамуды үдеріс, үнемі дамуды прогресс 
деп санаған. 
«Бұ дүние – бір керуен сарай-ды,
Кететіндер түсіп, содан тарайды;
Алғы тізбек көшіп ұзап кеткенде
Келіп түскен соңы соған қарайды», 
(Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 
2006: 393-394) – 
деген пікірін ары қарай 
«Құр күйбеңі бұ жалғанның ез етер,
Шадыман шақ ескен желдей тез өтер, 
Жас қартайып, жаңа ескіріп, күш қайтып,
Қуатты бел бүгілетін кез жетер», 
(Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 2006: 394) – 
деп, адам өмірге келуден соң кету бар екен дігін 
еске салған. Сондықтан да оны адами тұр ғыда 
өткізу қажет деп санаған. Адамша өмір сүру Ах
-
медше ол – еңбек ету, бір күндікті емес, ғұмырды 
мәнді етіп өткізу турасында ой тол ғаған. Оған 
мына тұжырымдары – дәлел.
«Мал көздеме, ойлама аздың тақ-тұғын
Бүтін киім, ойла тамақ тоқтығын.
... Дүниеде ішіп-жеген, бір киген
«Егінжай» деп дүниені еңбек ет –
депті Расул бұл да – ақыл ғой бір түйген» 
(Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы, 2006: 394)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет