Тобы: ФҚф-б тобы Орындаған: Усипбекова А. Қабылдаған



бет4/6
Дата16.05.2023
өлшемі171,85 Kb.
#93922
1   2   3   4   5   6
Оң және сол жарты шарлар атқаратын қызметіне қатысты симметриялы болмайды. Мәселен, сол жақ жарты шар дененің оң жағын, оң жақ жарты шар дененің сол жағын басқарады. Сол жақ жарты шар сөйлеу және сөйлеу қызметімен байланысты оқу, жазу, есептеу, логикалық ес, сөздік-логикалық немесе абстрактылы ойлау, басқа да психикалық процестер мен күйлерді ерікті сөйлеу іс-әрекетімен басқаруда жетекші орын алады.
Сөйлеу өте күрделі қызмет атқарады, осыған байланысты тек адамның ми қыртысында дифференциацияланған сөйлеу орталықтарын бөлуге болады: өзгенің сөзін естуге және түсінуге мүмкіндік беретін сөйлеуді естіп қабылдау орталығы (Вернике орталығы деп аталады) және сөйлеудің қозғалыс орталығы (Брока орталығы деп аталады). Мидың бұл дифференциацияланған орталықтары адам психикасы мен мінез-құлқын басқаруда айрықша рөл атқарады. Сонымен қатар, адам психикасын басқаруда маңызды орын алатын басқа да орталықтар бар. Мысалы, сана, ойлау, мінез-құлықтың қалыптасуы, еріктік бақылау мидың маңдай бөлімінің қызметімен байланысатын префронталды және премоторлы деп аталатын бөліктермен байланысты.
Сонымен, біз адамның нерв жүйесі ағзаның барлық іс-әрекетін басқаратын, реттейтін жүйе қызметін атқарады деп тұжырымдауымызға болады. Адам нерв жүйесі арқылы сыртқы орта туралы ақпарат алып, оны талдап, мінез-құлықты сол жағдаятқа ыңғайлауға, яғни сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімдеуге мүмкіндік алады.


2.2 Сана – объективті дүниенің бейнесі.
Идеалистер сананың екінші, материяның бейнесі екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйеніп айтады? Олардың ойынша, адам санасында объективті дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жынсайтан, диюу, су перісі, т.с.с. ұғымдар болады. Сонда объективті дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады, ол ненің бейнесі деп күдік айтады. Осыдан кейін идеалистер сананың құдіретін айтпақ болмақ. Ал, енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік дейді әлгі идеалистер, сөйтіп, олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан деу керек деген қорытынды шығарды. Бұған не жауап қайтару керек. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: «о дүние», «пері», «дию» сияқты ұғымдарды діндар адамдар ойлап шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтан пайда болған демейміз, белгілі бір құбылыстарға еліктеу, мидың соларды ойша құрастыруы арқылы пайда болған. Сондықтан да қай халықта болмасын, жын да, сайтан да, басқалар да негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елестетіледі. Мәселен, шайтанды (черт) көптеген халықтар мүйізі, сақалы, тұяқтары бар, ұзын құйрықты ешкі тектес, адамға зиянды рухани құбылыс етіп суреттейді. Өмірде мүлде жоқ, болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған емес. Тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге еліктеп жасайды. Сондықтан жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы адамдардың, немесе жаман адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді, негізсіз ой туындамайды. Мұның бәрі сананың тікелей мидан емес, ми арқылы объективтік дүниеден бейнеленіп алынатын материалдық заттар мен құбылыстардың көшірмесі, туындысы екенін байқатады.
Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түсініктерімізге әсер ететін – сыртқы дүние. Сол әсерлер орталық жүйке жүйелері арқылы адам миына жетеді. Ми оларды қорытады, шешім жасайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуінде. Ми – ең алдымен объективті ақиқатты дәл, былайша айтқанда, сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективті ақиқат ешқашан да мейлінше дәлме-дәл болмайды. Сана – оның идеалдық бейнесі. Мұны Гегель де мойындаған. Бұл – дәлдік пен айырмашалық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны туғызатын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс сайып келгенде сананы құрастырады. Сана – материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс.
Одан соң сана, бір жағынан, жинақталған білім, ал екінші жағынан – таным процесі. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені, сана объективті дүниенің механикалық бейнесі (репродукциясы) емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Бірақ сана объективті өмірдің жұпыны бейнесі емес. Мәселен, санада ерік, ой толғау, әсірелеу, талдау, топтау, болжау, шығармашылық сияқты құбылыстар бар. Олардың объективті дүниеде дәлме-дәл баламасы болмауы да мүмкін. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас. Айталық, бейнелеу жануарларда да бар. Бірақ оларда қатынас жоқ. Сана арқылы адам дүниені бейнелеп қана қоймайды. Ол оған әсер етеді, ойдан өрнек құрады, оны өзгертеді. Адам миында қобалжу мен арнаға түсу, елендеу мен басылу, қызығу мен жирену диалектикасы ұдайы тынымсыз жүріп жатады. Ол өзін қоршаған әлемге бейтарап қарамайды.
Адам санасы объективті дүниенің айна бетіндегідей механикалық бейнесі емес. Танымдық процесс кезінде оған толып жатқан басқа да жағдайлар (оның көргендері, білгендері, естігендері, түйгендері) әсер етеді. Сондықтан бір нәрсені көріп тұрып, адам толып жатқан ойға шомады, ойын сан-саққа жүгіртеді. Сөйтіп, объективті дүние санаға түрткі болады. Бірақ адам объективті өмірді шын да, жалған да, дұрыс та, бұрыс та бейнелейді. Олай болса, сол дәлдікті шығармашылық тұрғыдан түсіну қажет. Таным процесінде эмоцияның орны ерекше. Эмоциясыз ешбір дүниені тануға талпыныс, ізденіс, таңырқау болмақ емес. Онсыз ғылымда, өнерде жаңалықтар болмайды. Айналадағы құбылыстарды тез байқап, ерекшеліктеріне таңдану, таңырқай білу, үңіліп қарап, бір нәрсеге ұқсату, оймен салыстыру – осылардың бәрі танымның бастамасы, көзі. Ал адамда психика да бар. Адам ұйқыға кеткенде түс көреді. Ол – сананы құбылыс емес, психикалық процесс. Оны сана билей алмайды. Әрине, көргендік түстер де болады. Оның себептері басқа. Айталық, көптеген уақыт ойлап, шешуін таба алмай қиналып жүрген кейбір жағдайлардың шешуін, немесе басқа бір ойланып, уайымдап, толғанған істің ақырғы нәтижесін адам түсінде көруі де мүмкін. Бірақ осыдан келіп түс саналы болады екен деген түсінік тумауға тиіс. Әлгі психикалық құбылыстардың өзіндік себептері бар. Ал адам тек түсінде ғана емес, ояу кезінде де көптеген үйреншікті, әдеттегі істерді ойланбай-ақ жасай береді. Айталық, музикалық аспаптардың клавиштерін, пернелерін ойланбай-ақ дәл басады. Көшеде келе жатқан адам неше түрлі ой ойлайды, соған қарамастан, таныс кісінің сәлеміне жауап береді, көшедегі жол сілтегішті байқайды. Осындай сан қилы жағдайлар өмірде болып жатады. Адам оның бәрін санамен ойлап, толғанып жатпайды. Көп нәрсе жаттықан, дағдыланған түрде жасалады.

ЖАНУАРЛАРДАҒЫ ПСИХИКАЛЫҚ БЕЙНЕЛЕУДІҢ ДЕҢГЕЙІ МЕН САТЫСЫ ЖАЙЛЫ А.Н.ЛЕОНТЬЕВ, К.Э.ФАБРИ БОЛЖАМЫ
Тірі организмдерде психика нышанының пайда болу критериясы - сезгіштіктің болуы (А.Н.Леонтьев). Өмірде қажет тітіркендіргіштер (тамақ, қауіптілік) үшін сигнал болып табылатын қоршаған ортадағы тітіркендіргіштерді (дыбыс, иіс т.б) сезіну қабілетінің болуы психика нышанының өлшемі болып табылады;
А.Н. Леонтьев бейнелеудің айрықша формасы ретіндегі психика туралы түсініктерге негізделе отырып, психика критерийлерін тұжырымдады. А.Н. Леонтьев пікірінше, психика сигналдарды сезіну қабілетіне ие болғанда ғана пайда болады.
А.Н.Леонтьев бейнелеудің психикалыққа дейінгі деңгейі мен психикалық деңгей арасындағы айырықты тітіркенгіштіктен сезгіштікке өту деп қарастырды. Ол тітіркенгіштікті организмнің тіршілікпен тікелей байланысты биологиялық маңызды (биотикалық) әсерлерді сезіну қасиеті ретінде қарастырды. Сезгіштік әсерлерді сезінетін организмнің қасиеті ретінде анықталды. Сезгіштіктің болуы, Леонтьевтің пікірінше, психиканың пайда болуының алғашқы белгісі болып табылады.
Барлық тірі организмдерге, сонымен қоса өсімдіктерге де тітіркенгіштік тән. Сезгіштік қарапайымдылардан бастап, барлық жануарларда бар. Психика тек жануарларда айрықша материалды құрылым, бейнелеуге жауапты – нерв жүйесі қалыптасқанда ғана пайда болады. Нерв жүйесін түзетін нейрофизиологиялық құрылымдар организмнің ішкі бағдарламасы түрінде организмнің “түр-тұқым тәжірибесін” топтайды. Нерв жүйесінің болуы организмге өз мінез-құлқын қалыптастыруға және өмірлік қажеттіліктерден туындайтын белгілі бір бағыттарды қоршаған ортада іске асыруға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет