Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет121/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   218
Түйінді сөздер: құзыреттілік, педагог, білім, ғылым, болашақ. 

 

Білім сапасын көтерудің негізгі тетігі – ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби 



шеберлігі, шығармашылық қызметі. Мұны Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби: «Ұстаз 

тумысынан  өзіне  айтылғанның  бәрін  жетік  түсінген,  көрген,  естіген  және  аңғарған  нәрселерінің 

бәрін  жадында  сақтайтын,  олардың  ешбірін  ұмытпайтын,  алғыр  да  зерек  ақыл  иесі,  өте  шешен, 

өнер–білімге  құштар,  аса  қанағатшыл,  жаны  таза  және  әділ,  жұртқа  жақсылық  жасап,  үлгі 

көрсететін,  қорқу  мен  жасқануды  білмейтін  батыл,  ержүрек  болуы  керек»  –  деген  сөздерімен 

дәйектеуге  болады.  Яғни,  осы  бір  қасиетті  мамандық  иесінің  ұрпақ  тәрбиесіндегі  алар  орны 

ерекше. 

Жаңа  қоғам  кеңістігінде  жас  ұрпаққа  жаңаша  білім  беру  жолында  түбегейлі  өзгерістер 

жүріп жатыр.  

XXI  ғасыр  ғылым  мен  білімнің  қарыштап  дамыған  ғасыры  деп  аталатыны  мәлім. 

Сондықтан  қазіргі  ұстаз  шәкіртіне  ғылым  негіздерінен  мәліметтер  беріп  қана  қоймай,  оны 

дүниежүзілік  білім,  ақпарат,  қатаң  бәсеке  жағдайында  өмір  сүріп,  жаңа  дәуір  жаңалықтарымен 




257 

 

суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім – қоғамдағы болып жатқан 



тез  өзгеріп  тұратын  әлеуметтік–экономикалық,  педагогикалық  өзгерістерге  тез  төселгіш,  жаңаша 

ойлау жүйесін меңгерген, жан–жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. Өз пәнінің 

шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны 

анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан–жақты, терең 

білімді,  интеллектуалдық  деңгейі  жоғары  етіп  қалыптастырудың  бірден-бір  жолы  –  оқушыға 

білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Бұл жағдайда 

мұғалімнің терең біліктілігі қажет. 

Мұғалімге  өз  ісінің  маманы  болумен  қатар,  оның  бойында  баланы  жақсы  көру,  баланың 

көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек.  Психологтер де, педагогтер де адамның рухани 

интеллектуалдық, кәсіби шығармашылықпен өзін-өзі  дамытуы өмірінің әр кезеңінде әрқалай деп 

көрсетеді.  

Болашақ мұғалім:  

-  ол  өзінің  пәнін  біліп  қана  қоймай,  сонымен  қатар  педагогикалық  үдерістегі  әр 

қатысушының  орнын  көре  біліп,  оқушылардың  іс-әрекетін  ұйымдастырып,  оның  нәтижелерін 

алдын ала байқап, мүмкін болатын жағдайда артта қалушылықты реттеуді меңгеруі

 -  оқушылардың  негізгі:  құндылық-бағдар,  жалпы  мәдениет,  оқу-танымдық,  ақпараттық, 

әлеуметтік-тұлғалық құзырлылықтарын қалыптастыруға дайын; 

 - білімге ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеуді жүзеге асыра білуі керек [1]. 

Құзыреттілік  –  жұмыскердің  өз  білімі,  біліктілігі  және  дағдылары  негізінде  нақты  кәсіп 

аясында  жоғары  сапалы  және  мөлшерлік  еңбек  нәтижелеріне  жету  үшін  нақты  жұмыс  түрлерін 

білікті  атқара  алу  қабілеті.  Жоғары  құзыреттілік  өзін  «меңгеруді»  күтпейді.  Педагогтің 

құзыреттілігі  туралы  әр  кезеңде  әртүрлі  авторлар  еңбектерінде  түрлі  пікірлер  кездеседі.  Соларға 

сүйене  отырып,  мұның  өзі  жеке  тұлғаның  жалпы  мәдениетінің  деңгейі,  педагогикалық  іс-

әрекеттегі  теориялық  және  практикалық  дайындығы  мен  тәжірибесінің  тоғысуы,  сол  сияқты 

педагогқа  қажетті  көптеген  сапалардың  болуы  бұл  өте  күрделі  сан-салалы  мәселе  деп 

тұжырымдауға болады [3]. 

Ш.Таубаева:  «Құзыреттілік–ол  тұлғаның  оқыту  мен  әлеуметтену  процестері  барысында 

меңгерген  білім  мен  тәжірибеге  негізделген,    оның  жалпы  қабілеті  мен  іс-әрекетке  даярлығы 

ретінде  айқындалатын,  тұлғаның  кіріктірілген  қасиеті»  -деп  қарастырылады.  Ал  А.Ф.Присяжная 

педагогика  ғылымында  құзыреттілік  -  тұлғаның  белгілі  бір  сферадағы  функциялары  мен 

уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті ретінде қарастылатындығын айтады . 

Жалпы  алғанда,  «құзыреттілік»  ұғымы  жайлы  ғалым  К.Құдайбергенова  «Құзыреттілік 

ұғымы -  соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субьектілік тәжірибесіне ерекше көңіл 

аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзыреттіліктің латын тілінен аудармасы  «competens»  

белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір 

сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді [2]. 

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін - 

өзі  өзгерте  алу  қабілеттілігі  деп  түсінуге  болады.  Білім  саясатындағы  түбегейлі  өзгерістерді 

күнделікті  оқу  үрдісінде  берілетін  тапсырмалардан  бастау  қажет  екендігі  айқын  көрсетілген. 

Студенттер  оқытушы  қауымнан  тек  білімге  ғана  емес,  өмірге  үйрететін  қабілеттілікті  қажет  етіп 

отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел 

шешім  қабылдаушы:ерекше  ұйымдастырушылық  қабілетті:  нақты  бағыт-  бағдар  беруші  болып 

шығуы – бұл қазіргі заманның талабы.Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ 

мұғалім  –  қазіргі  студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып  ойлаудың  , 

интеллектуалдық  белсенділіктің  жоғары  деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге,  білімнің 

жетіспеушілігін  сезінуге  үйрету  арқылы  ізденуге  бағыттауды  қалыптастырудағы  күтілетін 

нәтижелер  болып  табылмақ.  Бұның  өзі  өз  кезегінде  қазіргі  ұстаздардан  шәкіртті  оқытуда,  білім 

беруде,  тәрбиелеп  өсіруде  белгілі  бір  құзіреттіліктерді  бойына  сіңірген  жеке  тұлғаны 

қалыптастыруды талап етеді. 

Мұғалімнің  кәсіби  құзіреттілігі-оның  жан-жақты  білімінен  ұстаздық  шеберлігімен, 

оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса

оның  құзыреттілік  аясы  да  соғұрлым  кең  болмақ.  «Құзыреттілік»  ұғымы  педагогика  саласында 




258 

 

тұлғаның  субъектілік  тәжірибесіне  ерекше  көңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған  ұғым. 



Құзырлылық-белгілі  сала  бойынша  жан-жақты  хабардар,  білгір  деген  мағынаны  қамти  отырып, 

қандай  да  бір  сұрақтар  төңірегінде  беделді  шешім  шығара  алады  дегенді  білдіреді.  Мұғалімнің 

кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары: 

1. Тұлғааралық және еңбектегі байланыс. 

2.  Қызметтің  эканомикалық,  әлеуметтік,  құқықтық,  адамгершілік,  психологиялық 

аспектілерін меңгеруі. 

3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы. 

4. Практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті 

5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі. 

6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті. 

Мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігі  күнделікті  педагогикалық  қызметте  әр  түрлі  танылады 

және  әр  түрлі  іске  асады.  Мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігі  деп,  біз  өзара  байланысты  үш 

компонеттен тұратын тұлғаның қасиеттерін түсінеміз: 

- Педагогикалық қызметте жүзеге асатын кәсіби білім; 

- Кәсіби біліктілік; 

- Мұғалімнің   кәсіби құнды қасиеттері

Бұл үш компонент мұғалімнің тұлғасын дамыту мақсатымен біріктірілген, сонымен қатар әр 

компонент  педагогикалық  қызмет  үрдісінде  бірде  алғышарт,  бірде  құралы,  бірде  нәтижесі  болып 

кызмет атқарады. 

Мұғалімнің  құзыреттілігін  қалыптастыру  –  бүгінгі  білім  беру  саласының  өзекті 

мәселелерінің  бірі.  Құзырлылық  тәсіл,  білім  сапасын  арттыруды  дәстүрлі  тәсіл  мен  білім 

мазмұнын  ұлғайту  арқылы  шешудің  арасындағы  қарама-қайшылықтан  туындаған  дағдарыстан 

шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. 

Оның  сапасы  алған  білімнің  көптігінен  емес,  сол  білімді  қолдана  білумен  маңызды.  Ал  кәсіби 

құзіреттілікті  қалыптастыру  үрдісі  кәсіби  білім,  білік,  дағдыны  қалыптастыру,  педагогтің  жалпы 

мәдени  дамуын,  оның  тұлғалық  көзқарасын  және  кәсіби  маңызды  сапаларын  қалыптастыруды 

білдіреді [4]. 

Мұғалімнің  басты  рөлі  –  тұлғаның  жеке  дамуына  негізделген,  жан-жақты  зерттелетін, 

сараланған  білім  беру  үлгісінің  басым  бағыттарын  айқындау,  нәтижесінде  еліміздің  әлемдік 

өркениетке  негізделген  білім  саясатының  стратегиялық  мақсаттарын  жүзеге  асыру.  Осыған  орай, 

нәтижеге  бағытталған  жалпы  орта  білім  берудің  жаңа  жүйесіне  ауысу  білім  беруді  басқару 

жүйесіндегілерден  мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін  арттыруда  жаңаша  көзқарасты,  ал 

мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді. 

Бұл  жайлы  Б.Тұрғынбаева  «…өзінің  практикалық  әрекеті  арқылы  алған  білімдерін  өз 

өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын  – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса, Ресей 

ғалымы  Н.  Кузьминаның  көзқарасы  бойынша,  «Құзырлылық  дегеніміз  –  педагогтің  басқа  бір 

адамның дамуына  негіз бола алатын білімділігі  мен абыройлылығы».  «Құзырлылық  – тек  кәсіби 

білімі  емес,  тұлғаның  жалпы  мәдениеті  мен  шығармашылық  әлеуетін  дамыту  қабілеті»-  деп 

түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже. Сондықтан бүгінгі ұстаз тек кәсіби білімін толықтырып 

қана қоймай, үнемі шығармашылықпен жұмыс жасауы қажет. 

Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы, оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі 

көрсетуінен  басталады.  Осыдан  барып  жетіктік  іс-әрекеттің  формасы,  үлгісі  (идеалы)  ретінде 

көрініс табады. «Жетіктік» адамның білімі, білігі мен дағдыларының қолдану саласын белгілейді. 

Құзырлылығы  қалыптасқан  маман  –  кәсіби  қалыптасу  барысында  жетіктік  үлгісіндегі  мақсатқа 

ұмтылуда белгілі бір міндеттер жиынтығына ие болатын маман. 

Кәсіби  оқытушы  педагогының  құзырлығы  жоғары,  әлеуметтік  тұрғыдан  жетілген,  әдіс-

тәсілдерді  меңгерген,  шығармашылықпен  жұмыс  істейтін,  өзін-өзі  кәсіби  жетілдіруге  ұмтылған 

маман.  Мұғалім,  Педагог  мамандығы,  зиялылар  ішіндегі  көп  топтасқан  мамандықтардың  ірі 

тобына  жатады.  Білім  беру  жүйесінде  педагогтар  мемлекеттік  қызметкерлер  болып  табылады. 

Педагог өз мамандығының сапасын, біліктілігін арттыруды психологиялық тұрғыдан қамтамасыз 

етуі  үлкен  роль  атқарады.  Педагогтың  іс-әрекеті  көбінде  оның  кәсіби  шеберлігінің  кеңістігіне 

қатысты,  педагогикалық  қарым-қатынас  механизмдеріне,  оқушылардың  (студенттердің) 




259 

 

психологиялық  ерекшеліктерінің  табиғатына  да  байланысты.  Педагогикалық  іс-әрекеттің 



дамуының  жоғары  деңгейі  мынада  –  педагог  өзін-өзі  дамыту  механизмдерін  қалыптастыруға 

мақсат  қояды  және  оқушыларға  (студенттерге)  өз  қабілет-қарымы  бойынша  даму  бағыттарын 

ұштайды [5]. 

Педагогикалық  қызмет  табиғатында  шығармашылықты  талап  ететіні  белгілі  қағида. 

Адамның шығармашыл мүмкіндіктерінің дамуы  тұрғысынан интеллектуалды, эмоциалық, рухани 

потенциалының  баюына,  жетілдіруге,  тануға  ұмтылуға  нақты  жағдай  туғызады.    Осыған 

байланысты  ұстаздардың  кәсіби  дайындығының  мақсаты  да  өзгереді.  Кәсіби  құзыреттіліктің 

қалыптасу  процесі  кәсіби  білімнің,  біліктің,  іс-әрекеттің  қалыптасуын  қамтиды,  ұстаздың 

жалпымәдени  дамуын,  өзінің  көзқарасының  және  тұлғалық  кәсіби  құнды  қасиеттердің 

қалыптасуын  қамтиды.  Сондықтан  кәсіби  шеберлігі  шыңдалған,  құзырлығы    жоғары,  өз  ісінің 

технологы  болу  ұстаздан  нені  талап    етеді  десек,  ол  мұғалімнің  шығармашылық  іс  –  әрекетінің 

мазмұны  зерттеушілік  қызметтен,  жеке  ізденістерден  тұрады.    Нәтижеге  бағытталған 

білімдендірудің  жаңа  жүйесіне  көшу  мұғалімдердің  кәсіби  біліктілігін  арттыруда  да  жаңа 

көзқарасты  қалыптастыруды,  құзырлықтарын  үнемі  дамытуды  талап  етеді.Жоғары  мәдениетті 

адам ғана осы қажеттіліктерді шешудің жолдарын іздейді, табады. 

Ойы  жүйрік,  ақылы  терең,  бәсекеге  қабілетті,  өзгерістерге  бейім,  шығармашылығы  биік, 

кәсіби  шеберлігі  жетілген,  ізденуші,  зерттеуші,  жасампаз  жаңашыл  ұстаз  –  бүгінгі  қоғамның  

тапсырысы.  Әр  сабағына  өздігінен  білім  меңгерудің,  ізденіс  пен  жемісті  еңбектің  қайнар  көзіне 

айналдырғанда ғана, талапқа сай мұғалім болу мәселесі шешіледі.  «Сабақ беру – үйреншікті жай 

ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», – дейді Жүсіпбек Аймауытов. 

Қазіргі  кәсіптік-  педагогикалық  қызмет  қандай  мұғалімді  талап  етеді.  Мұғалім  – 

оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда 

еркін  бағдарлай  алатын,  шығармашылық  процестерді  басқара  алатын,  адам  туралы  ғылымның 

жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты 

дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді. 

Ұлы  Абайдың:  «Тегінде,  адам  баласы  адам  баласынан  ақыл,  ғылым,  ар,  мінез  деген 

нәрселермен озады», – деген сөздері  ұстаздық мамандықтың болмысын ашатын сөздер емес пе? 

Сонымен,  білім  беруде  кәсіби  құзырлы  маман  иесіне  жеткен  деп  мамандығы  бойынша  өз  пәнін 

жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, 

тұлғалық-  ізгілілік  бағыттылығы  жоғары,  педагогикалық  шеберлік  пен  өзінің  іс-  қимылын 

жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік 

мониторинг  негізінде  ақпараттарды  тауып,  оларды  таңдап  сараптай  алатын,  отандық  және 

шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. 


Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы.  -  Астана,  2000.  Қазақстан 

Республикасында  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы. – Астана, 2011. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. - Алматы, 2002. 

2. 


Тұрғынбаева  Б.А.Мұғалімдердің  шығармашылық  әлеуетін  біліктілікті  арттыру 

жағдайында дамыту. – Алматы, 2005.  // Педагогика мәселелері. – 2006. - № 1-2. 

3. 

Құдайбергенова  К.А..  Құзырлылық  –  тұлға  дамуының  сапалық  критерий  //  «білім 



сапасын  бағалаудың  мәселелері:  әдіснамалық  негізі  және  практикалық  нәтижесі  »  атты 

халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б. 

4. 

Нұрғазиева  Н.  М.  Шығармашылық  әрекеттегі  мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігінің 



аспектілері // Бастауыш мектеп. - 2010. - №11. - С. 58-60 

5. 


Байжуманова Н. С. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі // Білім әлемінде. - 2008. - № 5. - 

С. 33-36. 

6. 

Педагогика  пәнінен  білім  беру  мазмұнын  жаңарту  мәселелері  //  Оралдың  ғылым 



жаршысы. - 2007. - №4 (5). - Б.35-41. 

 

 




260 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет