ӘОЖ 808.1(045)
ЖАНАҚ САҒЫНДЫҚҰЛЫ АЙТЫСТАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІГІ
Көбегенова Л.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және
инжиниринг университеті, Қазақстан
Аңдатпа. Жанақ сөздерінен арғы-бергіні көп көрген, еркіндікке мүмкіндік мол айтыс
өлеңнің өзінде кісілікті ұстанып отырған, әдептен аса озбаған ой мәдениеті, сөз мәдениеті
көрінетіндігі айқындалған. Жанақ – өз дәуірінің ғана емес, жалпы қазақ сөз өнерінің тарихындағы
елеулі тұлға екендігі айтыс саласында ерекше орын алғандығымен де көрінген.
Жанақ Сағындықұлының белгілі, беймәлім болып келіп, енді айналымға қосыла бастаған
туындыларын өлең түрлері, поэзиялық өлшем, құрылым жөнінен арнайы зерттеу – қазақ
поэзиясының даму, жанрлық баю, түрге бөліну мәнін аша түсер нақтылы мәтіндік нұсқалардың
көркемдігін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |