Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет78/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді  сөздер:  философиялық  иірім,  отбасы  этикасы,  қоғамдық  сана,  мәдениет  тарихы, 

ұлттық идея 

 

Қай  халықтың  болмасын  әдебиетінде  өз  заманының  шындығын,  келелі  мәселелерін 



көтеретін  өзекті тақырыптар  болады.  Әлемдік  әдебиетте  де  біздің  ұлттық  әдебиетіміз  де  де  әйел 

бейнесін сомдау, оны зерттеу мәселелері ешқашан назардан тыс қалған емес. Ұлттық  әдебиеттану 

ғылымында  да  әйел  табиғатының  жан-дүниесі,  ішкі  иірімдері,  сұлулығы,  даналығы,  әдеп  пен 

адамгершілік қасиеттері, олардың нәзік те қайсар тұлғалары ерекше тақырып ретінде қалыптасты. 

Қазақ  қыздарының  бойына  қазақ  әйелінің  ұлттық  бейнесін,,  аналар  дәстүрінен  келе  жатырған 

әдептілікті  бойларына  дарытуды  қаламгерлер  шығармалары  арқылы  насихаттау  қажетті  деп 

білеміз.  

Абайды ауызға алғанда, Абай шығармаларының философиялық иірімдеріне үңілгенде қазақ 

халқының  өткен  тарихы  мен  бүгінгі  кезеңі  жарқ  етіп  көз  алдымызға  келеді.  Абай  мұралары  – 



175 

 

адамгершіліктің,  имандылықтың,  биік  парасаттың  асыл  қазынасы.  Ол  өз  халқының  ғана  емес, 



барша  адамзатқа  ортақ  тұлға.  Абай  әлемінде  халқының  болмысы,  жан  азабы  мен  ой  тереңдігі 

жатыр. Абай соқпаған, Абай жазбаған тақырып кемшін. Соның бірі  - әйел бейнесі, жаратылысы, 

болмысы. Қоғамдағы беті ашық  мәселелердің бірі  - әйел мәселесі.  Әйелді қоғамның тең мүшесі, 

әйелді адам ретінде бағалау Абай болмысының биік белесі. Оның шығармаларында әйел бейнесі 

біреуге ана, біреуге қарындас, біреуге сүйген жар ретінде түсіндіріледі. 

Ұлттық  әдебиетімізде  әйелдер  бейнесінің  жырлануын  көне  жыр  «Орхон»,  «Күлтегін» 

ескерткіштерінегі «Ұмай ана», «Оғыз қаған» дастанындағы «Айқаған» ана бейнелерінің сомдалуы 

түркі  халықтары  әдебиеттерінде  бастама  болып  одан  әрі  исдам  мәдениеті  қанат  жайған 

кезеңдерден бүгінге дейін жалғасын тауып келе жатырғандығын байқаймыз. 

Әйелге  деген  махаббат  ақын  өлеңдерінде  адамгершілік  тұғырдағы  биіктікпен,  терең  әрі 

мәнді  ойлармен  қабысып  жатады.  Абай  осы  мәселені  көтеруде  де  өзінің  бұқарашыл,  жаңашыл 

ақын  екендігін  танытты.  Оның  бұл  мәселедегі  шығармалары  өз  заманы  үшін  жаңалық  болып 

саналады. Қазақ әйелінің басындағы ахуалды дәл Абай үлгісіндей (өлеңдеріндегі) идея, көркемдік 

шешіммен  ешкім  жазған  емес.  Әлем  әдебиетіне  ұлттық  әдебиетіміздің  қосылуына  айырықша 

қызмет  еткен  ойшыл  дана  Абай  өлеңдерінде  де  әйел  болмысы,  оның  сұлулығымен  қатар, 

адамгершілік, адамдық қасиеттері қоғамдық, әлеуметтік мәселелермен үндесіп сипатталады.  

Ақынның 1896 жылы жазылған өлеңі  «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында». Әрқайсысы 4 

тармақ  болатын  10  шумақтан  тұрады.  Өлең  балладалық  үлгімен  басталады  да  әрі  қарай  бір 

оқиғаның  төңірегінде  ақын  өз  ойын  өрбітеді.  Өлеңде  ақын  феодалдық  қоғам  қазақ  қыздарын 

қорлықта  ұстап,  сүймегенге  зорлап  қосқанын  айта  келе,  бас  бостандығын,  махаббат  жөніндегі 

өзінің  көзқарасын  танытады.  Алтын  сарай  байлық  пен  дәулеттің  бәрінен  де  бас  бостандығын 

артық санаған ар тазалығы үшін күрескен қорлық өлімнен ерлік өлімді артық көрген қыз шешімін 

жақтайды. 

«Етімді шал сипаған құрт жесін деп 

Жартастан қыз құлапты терең суға» 

Өлең  тақырыбы:  қазақ  өмірінің  шындығынан  алынса  да  оған  сол  кезде  Абай  ден  қойған 

орыстың  демократтық  реалистік  әдебиетінің  әсері  байқалады.  Өлеңнің  идеясы  мен  шешімі 

А.Н.Островскийдің  «Найзағай»  мен  оны  талдаған  Н.А.Добролюбовтың  «Қараңғылық 

патшалығындағы  жарық  сәуле»  атты  сын  мақаласындағы  ойлармен  үндеседі.  Абай  махаббатсыз 

жапа шеккен талай мұңлықтың көз жасын, зарын, екі ауыз өлеңге сыйдыруға тырысады. Жалған 

сезім, бейопа өмірді өлеңмен өрген ақын: 

Ортасында бұлардың махаббат жоқ, 

Тұсап қойып қашырар бұқа ма екен? – деген дөрекі сөздерге де барады. Алайда бұл көрініс 

сол қоғамның бұлтартпас шындығы болатын. 

1899  жылы  алғаш  рет  Санкт  Петербургте  жарық  көрген  «Қазақ  ақыны  Ибраһим 

Құнанбайұлының өлеңі» атты жинаққа енген: 

«Баяғыны  іздеген  қандай  құрғыр»,  «Қатыным  қалай  демес  ақсақал  бай»,  «Дастархан  мен 

қатынды  мақтан  көрсең»  т.б.  шығармалары  әйел-ана  тағдырына  үлкен  мән  берген  ақынның 

өзекжарды дүниелері. Қазақтың 11 буынды өлең  үлгісімен жазылған осы өлеңдерде ақын қызды 

малға сатып, жасы үлкенге беруді тозған, күні өткен ғұрыптың кеселі деп ұғындырады. 

Ақынның  осы  тақырыптағы  тағы  бір  құнды дүниесі  -  «Әйелің  –  Медетқызы,  аты  -  Өрім» 

шығармасы. Кейін табылған бұл өлең 1940 жылы ел аузынан жазылып алынған. Өлең 4 тармақтан 

тұрады.  Замандасы  Қайрақбай  деген  кісі  әйел  үстіне  тағы  да  әйел  алмақ  ниетін  айтқанда 

Қайрақбайдың ісі олақ, бойы салақ әйелін сынап қана қоймай құрдасына: «Бір боқты тағы бас та 

және сүрін» деп әжуалайды. Өлең астарында уытты зіл ғана емес, отбасының үлкен мәселесі бар. 

Бала-шағаңды шұбыртпа, жайыңа жүр деген ой жатады. 

Абай  қазақтың  ескі  салт-дәстүріндегі  таңдамай,  талғамай  мал  беріп  алғанның  бәрі  «адал 

жар» болады деген пікірге қарсы ой айтады. 

Кәрі, жас дәурені өткен тату емес

Епке көнер, ет жүрек сату емес. 

Кімде-кім үлкен болса екі мүшел 



176 

 

Мал беріп алғанымен қатын емес,- деп әйелдің басын еріксіз саудаға салу үлкен өкінішке 



ұрындыратынын, жүрек малға да күшке де көнбейтінін дәлелдейді. Жастар арасындағы пәк сезім, 

адал  махаббат  жөнінде  де,  «Сүйдім,  күйдім»  деп  жалған  сөзбен  арудың  ақ,  пәк  жүрегін 

алдаусырататын екіжүзді жігіттерден бойжеткен қыздың өз арын таза сақтауын қалаған Абай: 

Құйрығы шаян, беті адам, 

Байқамай сенбе құрбыға. 

Жылмаңы сырты, іші арам

Кез болар қайда сорлығы, - дейді. 

Арды белге түйіп алып, алды-артына қарамайтын желікпе жастардың қылығына ызаланған 

ұлы ақын: 

Ары кеткен алдағыш, 

Мені-ақ алда, сөкпейін. 

Балы тамған жас қамыс

Ормасаңшы көктейін! – деп арамза, ойсыз жандарға лағнет айтады. Абай өз өлеңдерінде де, 

поэмасында  да,  қара  сөздерінде  де  адалдыққа,  талғампаздыққа,  әйел  абыройына  үнемі  тоқталып 

отырады.  Ақын  «Масғұт»  поэмасында  кейіпкерін  мол  дүниеге  алаңдатпай,  әйел  қауымымен  дос 

болуды меңзейді. 

Еркектің еркек адам болса қасы, 

Қатын шеше, қызы жоқ кімнің басы. 

Хан Қаһар, қара кісі қастық қылса, 

Сонда ұрғашы болмай ма арашашы. 

Тегінде адам басы сау бола ма? 

Үйіңде тексерілмес дау бола ма? 

Ері ашу айтса, әйелі басу айтып 

Отырса,  бұрынғыдай  жау  бола  ма?-  дейді.  Бұл  Абай  шығармаларындағы  отбасы  этикасы. 

Ер  азаматтың  орнын  бағалай,  қадірлей  білетін  әйел  бейнесін  сомдап  қана  қоймай,  оның 

қаншалықты дәрежеде ер-азаматты қадірлеуі, қастерлеуі қажеттігін ұғындырады. 

Абай – ару қыздар бейнесін де сүйсіне сипаттайды. Абай суреттеуіндегі қазақ қызы: 

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, 

Аласы аз, қара көзі нұр жайнайды. 

Жіңішке қара қасы сызып қойған 

Бір жаңа ұқсатамын туған айды. 

Сыртқы көркіне ішкі ой-сезімі, мінезі сай қор қызы іспеттес аруды ақын осылайша жырға 

қосып, оқырман жүрегіне жол табады. 

Қазақ  қыздарының  теңсіздікте  езіліп,  сүйгеніне  қосыла  алмаған  ауыр  халін  көре,  сезіне 

білген ақын өз заманының ағымына наразылық білдіріп, бас бостандығы, еркіндігі үшін күрескен 

жастарды қолдады. 

Ақын әйелді кемсітуге қарсы. Абай батыс пен шығыстың ұлы ақындарынан үлгі алып, өзі 

түйіндеген  іргелі  ойды  қазақы  қалыппен  құбылтып,  өз  оқушысына  ұғымды,  қонымды  етіп  бере 

білді.  Соның  бір  мысалы:  Пушкиннің  Татьянасын  қазақ  қыздарына  үлгі  етіп  ұсынады.  Ақын  өз 

заманының  өмір  шындығын  кейіпкерлер  мен  олардың  мінездері,  іс-әрекеті  арқылы  бейнелейді. 

Өмірде адам мінезінің қанша бір-біріне ұқсамайтын қырлары бар болса сол адамның рухани күйін 

жырлаушы  ақын  өлеңдері  де  бір-біріне  ұқсамайтын  көркемдігімен  ерекшеленеді.  Ақының 

қаламгерлік  шеберлігі  кейіпкер  характерлерін  шебер  жасауынан,  тартымды,  нанымды 

суреттеуінен  байқалады.  Абайдан  қалған  сөз  жоқ.  Абай  шығармаларында  болмыс,  тіршілік 

барлығы жан-жақты қамтылған. Абайдың еңбектерін оқыған сайын жаңа ой, жаңа толғаныс пайда 

болады.  Абай  қазақ  әдебиетінде  ғана  емес  әлемдік  әдебиет  пен  қоғамдық  сана,  мәдениет 

тарихында  ұлы  тұлға  болғандығының.  бір  айғағы  ақынның  өз  шығармаларында  сомдаған  әйел 

бейнесі.  Әйел  –  анаға  деген  құрметі,  сезімі,  махаббаты.  Абай  өлеңдерінің  болмысынан  қоғам 

дамуының,  жаңа  адам  тәрбиелеудің  үлгілерін,  сезім  шыншылдығын,  ойлылықты  іздеп  таба 

аламыз. 


 

 



177 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1.Абай Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы «Жазушы» 1986 ж. 

2.Абай. Энциклопедия (Бас ред. Р.Н.Нұрғалиев).– Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995ж. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет