Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы П. Тәжібаева атындағы жалпы орта білім беретін мектебі Орындаған: Құрымбай Ерлан


Тақырыбы: Жазушы Нұрғали Ораз әңгімелеріндегі ауыл адамдары образының сомдалу ерекшеліктері



бет2/6
Дата28.10.2022
өлшемі41,78 Kb.
#45976
1   2   3   4   5   6
Тақырыбы: Жазушы Нұрғали Ораз әңгімелеріндегі ауыл адамдары образының сомдалу ерекшеліктері


Жұмыстың мақсаты: Көркем шығармының негізгі мақсаты, міндеті адамға үйрету емес, оған эстетикалық тұрғыдан әсер ету. Олай болса, адам жанына жақын идеяларды бойымызға сіңіруге, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деп М. Әуезов айтқандай, осы жоба арқылы адами қасиеттерді танып білуге, көркем әдебиетке деген қызығушылықты оятуға, сөз өнерін қадірлеуге сүйіспеншілікпен қарауға міндеттіміз. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына сәйкес әркімнің өз туған елінің, туған жерінің белгілі тұлғаларын мақтан етіп қана қоймай, өзге -лерге таныта білу, таныстыру -бүгінгі күннің талабы. Осы мақсатта өзіміздің қазығұрттық қаламгер шығармашылығын таңдауымыз орынды.
Шығарманы зерттеу барысында саралау, салыстыру, талдау, жүйелеу, баяндау сияқты түрлі әдіс-тәсілдерге сүйендік. Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспе, незгі мен қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспе бөлімде жазушының өмірі мен шығармашылығы, шығармаларының жазылуы мен жариялану кезеңдері, түрлі еңбек жолдары мен жетістіктері баяндалады. Сонымен қатар әлем әдебиетіндегі адами қасиеттің әлемдік мәселеге айналып отыр- ғаны, белгілі жазушы М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Көксерек» повесін- дегі адами факторлар, қазіргі қазақ қаламгерлерінің С. Мұратбеков, М. Байғұт, О. Бөкей, Д.Исабеков шығармаларында көрініс табуы детальдар арқылы көр- сетіледі. Негізі бөлімде, жазушының бірнеше әңгімелеріндегі түрлі кейіпкер- лерммен таныстық. Жазушы кейіпкерлер образын диалог, монолог, портрет, таным, авторлық көзқарас және деталь сияқты түрлі иірімдер арқылы ашқан. Кейіпкерлер бойындағы бітім-болмысы, мінез-құлқы олардың іс-әрекет тері, адамдармен қарым-қатынасы арқылы көрінген.
Жазушы шығармаларындағы өмір шындығы, кезең көрінісі тақырыптық, идеялық, көркемдік жетістігі тұрғысынан да зерттелді. Әңгімелерді талдау барысында жазушының тақырыпты таң дау ерекшелігі, характер жасау жолдары, диалогтар мен авторлық баяндаулар, тілінің құнары мен көркемдігі төңірегіндегі пайымдау лар жасалынды. Жазушы әңгімелеріндегі өмір шындығы , әсіресе, қазіргі заманның қыр-сыры, өзіндік ерекшеліктері ол бейнелеген кесек тұлғалар арқылы шынайы көрініс тапқан деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет