Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»


«Сақтық күшейiп, көрегендiк артсын!



бет60/273
Дата07.01.2022
өлшемі3,34 Mb.
#17494
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   273
«Сақтық күшейiп, көрегендiк артсын!

Халық фольклоры, адам ұрпағына жау болған жауызды жетi басты жалмауыз деген бейнемен суреттеп едi. Ертедегi ескiлiктiң заманындағы адамға қарсы тұрған қараңғы әлемнiң барлық сұм, сорақы белгiсiн бiр араға жиған жиынтық-кескiн осы болатын. Бұл ең жыртқыш, жауыз, ең нас-сұрқия. Осыған ұқсаған екiншi бiр кескiн бар. Ол, шын дүние туындысы. Мұны тапқан зоология ғылымы. Бұл сұмырай «құбыжықты» теңiз кезген кемешiлер көрiп, атын сегiз аяқ – спрут деп қойыпты. Оның өзi адамға ұмтылғанда қайыс аяқтарын бiрiнiң артынан бiрiн жұмсап кеп орап алмақ болады. Сол кезде ылай судан, батпақты шыңыраудан сұм жайынның басы шығып, ұстаған затын жемекке ұмтылады.

Мiне, осындай лас сұмырайлардың арты әлi күнге арылмаған екен. Бiрақ ендiгi кескiнi ертегi дүниесiнде емес, адам ортасында боп отыр. Олар, мына бүгiн тарих сотының үкiмiмен қара таңба басылып шыққан сұрқия жаулар. Бұлар да жаңа тарих адамына, герой адамға қарсы тұруға ойлаған спрут туыстас, кейiптестерi секiлдi көп басты дұшпан.

Фашистiк лас-жауыз, обыр қарынмен астасқан әлденеше құзғын бастың аттары: Троцкий, Пятаковтар, неше түрлi «оң» мен «солдар», диверсант контрреволюцияшыл ұлтшылдар. Осы жауыздардың қайыс аяқтары, герой адамның тұтасып бiте қайнасқан бiр денесiн, сом денесiн шырмамақ болған, ол қара жүздi сұмырай жыртқыштар, әдiл соттан үкiм алып қырқыла-қырқыла ұрылды. Жалмауыздардың қалып қойған әр басындағы осындай қыр табандарын ұрып, тапжылдырмай қиып түсiрiп, құртып отыру үшiн әлде де мықты сақтық күшейiп, көрегендiк арта түссiн».

Бұл жолдарды Мұхтар өз еркiмен жазды ма, жоқ па, мәселе онда емес. Себебi: «сенiмсiз адамның» төрт жарым жыл бұрын ғана дәл осындай «жалмауыздың» бiреуiне саналған «халық жауының» айып сөз алуы – жауапқа тартылғандардың қылмысының шындығына көз жеткiзетiнiн, күдiкке орын қалдырмайтынын баспасөз де, басқа орындар да бiлдi. Ұсыныстан бас тартса, сол өзі айтқан «қыр табаннан ұрып, тапжылдырмай қиып түсiрілуге» тиісті «жалмауыздың қалып қойған бір басы» өзінің басы екенін Мұхтар анық аңғарды. Ол үшiн асқан көреген болудың қажетi шамалы едi. Мәселе «жалмауызды жаншуға» бағытталған қара дауылдың сұрапыл күшiн, орасан зор зардабын iштей сездi ме жоқ па, сол «жалмауыздың» аузынан өзiнiң де жұтылып бара жатып, «дер кезiнде қимылдап, сақтық пен қырағылық көрсеткен» адал да батыл жандардың арқасында аман қалатынын болжай алды ма, жоқ па – гәп осында.

Өзi тауып айтқан теңеуiнiң астарын, кейiнгi зардабын Мұхтардың бiлуi мүмкiн бе едi? Бiле тұрып, өзiнiң басына төнген қауiптi ысырып тастау үшiн алдын ала қамданған әрекетi ме едi?

Қалайда «ел аман, жұрт тынышта» жазылған «жалмауыз сөзсiз жаншылады!», «Сақтық күшейiп, көрегендiк артсын» атты шағын сөздер мәжбүрлікпен жазылғаны анық. Себебi: 1936 жылдың желтоқсанынан бастап Л.Сперинскийдi, В.Вегердi, В.Высоцкийдi, П.Зридовскийді, Б.Лаврентьевтi, М.Резенковты, Г.Федоровты халық жаулары деп таныған, бүлiншiлiк әрекетерiмен шұғылданып, қылмыс үстiнде ұсталынды деп жарияланған Радектiң, Пятаковтың, Сокольниковтың, Мураловтың, Дробинстiң үстiнен жүргiзiлген сот iсiнiң барысы, сұрақ-жауаптары, олардың шахтада, транспорт орындарында, әскери қызметте жүрiп iстеген өз қылмысын мойындаған сөздерi барлық баспасөз атаулыда күнделiктi басылып тұрды. Бара-бара бүкiл халықтық науқан алды. «Қылмыстылардың» да қатары көбейе бердi. Мұхтардың «Жалмауыз сөзсіз жаншылады!» деген репликасы жарияланған беттегi мына хат халықтың тобырлық санасын жеткiздi. Онда:



«Бiз, Алматы облысы Кеген ауданындағы Киров атындағы артельдiң коллективi ұлы социалистiк Отанымыздың сатқындары – Герман фашизмi мен жапон империализмiнiң агенттерi Радектiң, Сокольниковтың, Серебряковтың, Мураловтың, Дробинстың капитализм мен кулактардың құлдығын қайта орнатуға тырысқан арам ойлы пиғылдарын қарғыспен, жеккөрiнiшпен қабылдаймыз. Олардың тағылық, пасықтық қылмыстары туралы оқығанымызда жүрегiмiз айтып жеткiзгiсiз ашу-ызаға толды. Бұл қаскүнемдер сондай қиыншылықпен қол жеткiзген бiздiң барлық қазынамызды, туған жерiмiздi, байлығымызды тартып алмақ болды, адам ретiнде бақытқа кенелткен колхозымызды тарқатпақ болды... Мұндай опасыздар мен сатқындарға тек өлiм жазасы лайықты. Бiздiң советтiк сотымыз миллиондаған совет халқының, оянған Қазақстанның еңбекшiлерiнiң барлық сұрқия сатқындарды ату жазасына кесу туралы тiлегiн ескередi деп сенемiз. Бiз өзiмiздiң үкiметiмiзден шет ел итаршылары жiберiп отырған агенттер мен шпиондарға қатты соққы беру үшiн, сондай-ақ алдағы уақыттарда бiздiң елiмiзге олардың тiмiскiлеген мұрнын сұққызбауын өтiнемiз. Егер Отанымызды қорғау қажет болса, бiздiң бәрiмiз де қолымызға қару алып, жауға қарсы тасыған селдей екпiнмен аттануға дайынбыз!»,– деп жазылған.

Бұл хаттың мазмұнынан халықтың «айыптыларға» деген жеккөрiнiшінiң қандай патриоттық сезiммен астасып жатқанын, ең қасиеттi ұғымды – Отанды арандату құралы ретiнде пайдаланғаны аңғарылады. Қалай дегенменде, «жетi басты жалмауызға» жұртшылықты күмәнсiз сендiру үшiн адамның, оның iшiнде жаңа қоғам үшiн күресушiлердiң нәзiк те осал тұсын дәл басқан. Үкiмдi халықтың өзiне шығартқан.

«Қазақ әдебиетiнiң» 1937 жылғы 18-қаңтар күнгi санында жарияланған қазақ көркем әдебиет баспасының бастығы Рахымжан Жаманқұловтың «Қырағылықты күшейтейiк» атты үн қосуында автордың дұшпанды жасырып қалғанын бетiне басқан сын шықты. Онда:

«Қазақстан совет жазушыларының органы «Қазақ әдебиетi» газетiнiң бетiнен кейде шын мәнiнде түсiнiксiз құбылыстарды байқайсың. Бұл жолғы мәселе өзара сын мен жапон империализмiнiң агентi – контрреволюциялық қазақ ұлтшылдығымен күресу жолдарына байланысты»,– делiнедi де Р. Жаманқұловтың «Әдебиет энциклопедиясындағы» алашордашыл халық жауларының творчествосы туралы мақалаларды сынағаны келтiрiлiп: «Бiздiң бiр жолдас – жазушымыз (?!) ұлтшылдар қазақ халқының мүддесiн қорғайды деп айтуы арқылы контрреволюциялық пiкiр таратты» – деген жерiне шүйiле тоқталады. Жақша iшiндегi леп және сұрақ белгiсiнiң қатар қойылуы және «Бұдан әрi автор әдеби жаттығу ретiнде: «бiздiң бiр жолдас – жазушымыздың» ұлтшылдардың қазақ халқы алдындағы еңбегiн дәлелдеуге арналған сөзiнен үзiндi келтiредi»,– деген қайталауы арқылы Р.Жаманқұловты «жолдас-жазушының» атын атамағаны үшiн «халық жауын жасырды» деп айыптайды.

Бұл тегiн кеткен жоқ. Ең алғашқы «халық жауының» легiнiң iшiнде баспа директоры Р.Жаманқұловтың есiмi жүрдi. Шындығында да әлгі емеуірін етілген жазушы кiм едi?

Әрине, нақты көрсетiлмегендiктен де атын сенiмдi түрде атай алмаймыз. Бiрақ, емеурiнiнен тануға болады. Сол кезде әдебиет саласында «ескiден қалған ескiшiл» екi-үш қана жазушы еңбек ететiн. Оның бiрi – Мұхтар. Одан өзге Мағжан сияқты «ескiшiл жазушыларға» өз пiкiрiн ашық айтатындай еркiндiк әлi берiле қойған жоқ болатын. Демек, ақылға жүгiнсек «жолдас жазушының» орнына жазылуға тиiстi жалғыз фамилия қалады. Ол – Әуезов!.. Ал газет редакторының ашықтан ашық мұны мегзей отырып, сол бетке Мұхтардың өз мақаласын беруi қалай? Мұның астары не? Түсiнiктi де, түсiнiксiз де.

Мүмкiн, Мұхтардың өзiне де жұмбақ күйiнде қалуы ғажап емес.

Түсiнiктi дейтiн себебiмiз, содан төрт ай бұрын, яғни, Ғаббас Тоғжановтың «Абай» атты монографиялық кiтабына «Казправданың» 1936 жылдың 22-қазан күнгі санында Сәбит Мұқановтың «Абайды алашордашылар қатарына қосуға тырысып баққан» атты мақаласы басылған. Онда жазушы өзiн-өзi сынай келiп:

«Ұлы пролетарлық социалистiк революциясынан кейiнгi совет өкiметiнiң қамқорлығының арқасында қазақ халқының ұлт болып қалыптасқаны белгiлi. Осы жолдардың авторының өзi де «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетi» деген кiтабына Сталин жолдастың ұлт туралы анықтамасын революцияға дейiнгi қазақ өмiрiнiң шындығына жалаң түрде орайластырып көптеген қателiктер жiбердi. Ол алашорда көсемдерiнiң ұлт-азаттық күрестегi алатын орындарын асыра бағалап, революциялық қозғалысқа дейiнгi қазақ өмiрiнде олардың маңызы болды – деп есептедi. Тек Октябрь революциясынан кейiн ғана қазақ ұлтының қалыптасқанын ол кезде түсiнбедi»,– деп жазды.

Демек, жоғарыдағы жат пiкiрлi «жаулардың» қатарына Ғаббас Тоғжанов пен Сәбит Мұқановтың да қосылуы мүмкiн.

Мұхтар аталмыш екi репликаның түпкi мақсаты мен зардабын бiле тұрып жазған тұста қандайда бiр топшылауларды санаға салып, екшегені анық. Оған Iлияс, Сәкен, Бейiмбеттердің ұсталғанын естiгенде: «Мүмкiн емес. Олар ақталады. Өйткенi олардың өмiрi маған қарағанда таза, жарқын емес пе»,– деп Темiрғали Нұртазинге мұңын шағуы куә. Шын тебiренген көңiл-күйiне қарап Мұхтар арына кiр келтiрмедi, бетiне шiркеу түсiрмедi деп сенемiз.

Ол өзiн осындай аласапыран кезiнде қалай ұстапты?


2.
Шындығында да Мұхтар өзiн-өзi қалай ұстауға мiндеттi едi? Мұндай сұрапыл аласапыранның тұсында қандайда бiр мiндеттi мойнына алуға қақысы болды ма? Соның өзi мүмкiн бе едi? Өте маңызды және заңды сауал. Бiрақ оған кiм жанын жалдап, адалдығына ант-су iшiп жауап бере алады? Кiм? Және сол адам сөзiнiң растығына иландыра ала ма? Сол бiр «қилы заманның» бұлжытпас деректерiнiң ХХ ғасырда қолға түсiп, айғақтың ашылуы неғайбыл. Түптiң түбiнде екiнiң бiрiне белгiлi болатын жағажайлы күндер де туар. Алайда оған дейiн қаншама ұрпақ ауысып үлгерер екен? Ол – болжаусыз болашақтың еншiсi. Ертеңге қол жайып, қарап қалу да әдiлетсiздiк. Мән-маңызы, қасiрет уайымы, өкiнiш-ренiшi күнтiзбенiң жаңа бетi парақталған сайын алыстан мұнартатын сағымға айналар. Мүмкiн, бүгiнгi ұрпақ орта ғасырдағы инквизиция сотына қалай немқұрайлы, болуы мүмкiн емес шындық деп қараса – ертеңгi ұландар да иығын қомдап қана қояр. Таңданатын құбылыс емес. Тарих тағылымы солай. Бiрақ, Галилейдiң отқа өртенгенi рас. Ол – ұмытылмайды.

Ал отыз жетiншi жылы адамзаттың ақыл-ойының даму жолындағы өсу кестесiне аты жазылуға тиiстi қаншама зерделi перзенттер жазықсыз құрбан болды?

Әрине, қазақ сөз өнерінің бақытына Мұхтар тiрi қалды. Бұл – рухани өмiрiмiздегi сәтiн салған несiбелi бақыт. Ондай «олжатай» сәттiлiк халқымыздың маңдайына сирек бiткен.

Егер соған шүкiрлiк жасап, тәубеге келетiн болсақ, онда бұл жылдардың көрпесiн жылы жауып қойып: «Аман қалыпты ғой. Ендi қазымырланып, түбiн қазып қажетi қанша?»,– деп аттап өтiп кетсек те, айып тағылмас едi. Мүмкiн, әлдекiм қуанар, әлдекiм өкiнер. Кiмнiң көңiлiнен шыққандайсың? Анығы – шымырлаған шымқай шындық әр ұрпақтың жүрек сүзгiсiнен өтiп, келесi толқынға жетуi керек. Ол – келесi ұрпаққа аманат етсiн. Азаматтық парыз, қасиеттi борыш. Мұхтар сияқты ұлы адам өмiр сүрген дәуiрдi түсiну үшiн де қажет. Дәуiр – Мұхтарды сынады. Мұхтар – дәуiрдiң аңдысын бақты.

Кiм күштi? Қайсысы дұрыс? Тiптi әр пенде, ол кездi есiне алғанда өзiнше ақталып қалуға тырысады? Не үшiн?

Оны ешкiм де ашып айтпайды. Бiрақ жорамалдап түсiнуге, болжауға болады.

Адамзат тарихындағы қасiреттiң барлығы – саналы түрде өршiткен белгiлi бiр кесiрлi-кесепат топтың өлермендiк әрекетiнен ушығады. Сол сияқты халықтық репрессияның да өз «жалдамалылары» мен арандатушылары болды. Бұлтсыз күнгi найзағай сияқты шатынаған жай оғынан үрейлену – жалпы елдi сескендiрдi. Көңiлдi күдiк билеп, күбiрткiдей жей бастады. Он үш адамды ату жазасына бұйыру туралы үкiм – дауыл алдындағы көкжиектен күркiрi мен жарқылы ғана көрiнiп-естiлген қара дүлей – смерчьтiң төнiп келе жатқанын сездiрдi. Адамдардың оған қарсы күресуге дәтi шыдамады. Сондықтан, шарасыз жанталас басталды. Әркiм өз басын қорғауға тырысты. Бiрiн-бiрi айыптады, күмән тудырды, қауесет таратты, арандатты да, қысқасы, кiмнiң кiм екенi ашыла бастады. Мұндай аласапыран шақтағы жан арпалысы Мұхтарға да тән едi. Ол осындай апат алдындағы қарбаласты:

«Шынайы күрделi, қиын қақтығыстар тұсында ғана адам сезiмiнiң, талайының, талабының, мiнез-нәрiнiң, тағдырдың барының баршасы түгел ашылып, тартыс қатал айқасқа айналды... Адам мен адам арасындағы терең жардай, өткелсiз шыңырау қарсылықтарды, әр жаратылыстың барынша терең шыңын түгел ашады. Сол шыңнан: шынайы көздiң жасы да, сағыныш, өкiнiш те, қам-қайғы, қасiрет те, трагедиялық айрылыс, үзiлiс те және неше алуан моральдық жан-тән катастрофасы қаза да, саза да туады»,– деп бейнелей жеткiздi.

Мұндай сынаққа шыдайтын пенде атаулы сирек едi. Адамның жүйкесi тозып, көрiнбейтiн зерде жiбiне iлiнiп тұрды. Апат ұзақ күттiрмедi. «Жалмауыз – тағдыр» басын көтердi. Мемлекеттiк қауiпсiздiк машинасы iске қосылды. Мұхтар оны сезген. Сезген соң барып секемшіл тартқан. Бойын үрейге жеңдіргені сондай, өзінің рухани пірі Әлихан Бөкейхановтың жолдаған хатын почтадан кері қайтарып жіберіпті. Оған Әлкей Марғұланның:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет