Тұрсынова Г. Т



бет10/180
Дата07.01.2022
өлшемі1,72 Mb.
#19986
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   180
Екпін

Екпінсөйлеген кездегі белгілі бір сөздің, буынның және дыбыстың ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.

Екпіннің түрлері: сөз екпіні, ой екпіні, дыбыс екпіні, тіркес екпіні.

Сөз екпіні – сөздегі бір буынның көтеріңкі дауыспен айтылуы. Қазақ тілінде бұл екпіннің орны тұрақты, көбінесе сөздің соңғы буынына түседі. Сөзге қосымша жалғанғанда, екпін қосымшаға, яғни соңғы буынға ауысып отырады. Мысалы: еңбек, еңбекші, еңбекшілер, еңбекшілерді.

Ой екпіні – сөйлемдегі бір сөздің көтеріңкі дауыспен айтылуы.

Дыбыс екпіні – сөздегі бір дыбыстың көтеріңкі дауыспен айтылуы. Тіркес екпіні – сөйлемдегі бір тіркестің көтеріңкі дауыспен айтылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет