Қуаныш шонбай



Pdf көрінісі
бет79/95
Дата06.01.2022
өлшемі2,73 Mb.
#15178
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   95
Байланысты:
Екінші болма

     Ширақтық. «Практикалық интеллектінің» бір аспек- 
тісі бар. Қазақта оны «ширақтық», «пысықтық» дейді. 
Десе де «пысық» деген сөзге көзқарас екіұдай. Пысық 
десе – бәріне үлгереді, жылдам істейді, жолы болғыш 
жеңіске жеткіш деген сөз. Және «пысықай» десе – жүр- 
мейтін жері жоқ, кіріспейтін ісі жоқ, бірақ ештеңені 
соңына дейін жеткізбейді деген мағына береді. Бұл – 
жағымсыздау анықтама. Жалпы, бізде пысық адамнан 
гөрі момын адамды мысалға көп келтіріп, амбициядан 
гөрі ұяңдықты насихаттай ма деп қорқам. Менінше, осы 
 


 
190
 
қатынасты өзгерту керек. Орыстар «предприимчивость» 
дейтін қасиет туралы айтып отырмын. Осы мағынадағы 
пысық болудан қорықпа. Ширақ бол. Уақыт соны талап 
етеді. Өзіңе берілген бір ғана өмірді лузер болып өткізуге 
құқың жоқ. Сондықтан етiң тірі болсын. 
     Владимир Познер
62
 сегіз жасында газет тасыған 
(«Прощание с иллюзиями»). Ричард Брэнсон
63
 он екі жа- 
сында Рождествода сату үшін шырша өсірген. «Теряя не- 
винность» (Losing My Virginity: The Autobiography) деген 
кітабында ол өзі өсіріп жатқан шырша бұтақтарын қоян- 
дар қырқып кеткенін айтады. Сонда ол, қояндарды ұстап 
алып, көршілеріне сатып, бәрібір ақша жасапты. 
     Өз басым ең алғашқы табысымды 2000 жылдары тап- 
тым ғой деймін. Базарға шығып, шырша сатқаным бар 
еді. Он төрт жасар бала үшін 2000 теңге деген әжептәуір 
ақша болатын. Сол ақшаға өзім армандаған кроссовки са- 
тып алғаным есімде. Анама сол кезде маған жұмыс істеу- 
ге рұқсат бергені үшін әлі күнге дейін алғыс айтамын. 
Өйткені өзінің 14 жасар баласы базарда шырша сатып 
жүргені оған аса ұнай қоймағаны анық еді. Ең бастысы, 
ол маған кедергі келтірген жоқ, қайта жұмыс істегенімді 
қолдады. 
     Талай жылдан кейін, Алматыда кофейняда отырып, 
тоғыз жасар Стас деген баланы көрдім. Ол ойыншық 
сатып жүр екен. Әдетте демалыс орындарында қайыр- 
сұрайтындарды аса ұнатпаймын. Ал бұл баланікі қайыр 
сұрау емес, адал еңбек еді. Баланы шақырып алып, 3000 
теңгеге ойыншық сатып алдым (4000 теңге деп тұр екен, 
саудаласып, бағасын түсірдім). Сол балаға қарап, қуан- 
дым. Алақан жаймайтынына, салфетка мен қалам сияқты 
ұсақ-түйек емес, кәдімгідей қомақты тауар жинай алға- 
нына риза болдым. Қоржынында бағасы он мың теңгеге 
дейінгі қымбат ойыншықтар да бар еді. Енді ойлап қа- 
расаң, бұл бала сол ойыншықтың бәрін бір жерден алды 
___________ 
62
  Владимир  Познер  –  кеңестік,  америкалық  және  ресейлік  журналист,  тележүргізуші. 
Ресейлік телевизия академиясының 1-президенті . 
63
  Ричард  Брэнсон  –  британдық  кәсіпкер,  «Virgin  Group»  корпорациясының  негізін 
қалаушы, Ұлыбритания ең бай азаматтарының бірі. 
 


ғой? Бәрін сатып алуға ақшасы жетуі неғайбыл. Демек, 
біреуді (ол әжесі болса да) көндіріп, сендіріп, жалға алға- 
ны анық. Осы шаруамен айналысуға рұқсат ала алғаны 
(тіпті ата-анасынан болса да) да анық. Қарап отырсаң, 
оның осы кафеге дейінгі жолының өзі жолсыз жерде жол 
іздей алатын ширақтығын көрсетеді. Баланың жеңілдің 
асты, ауырдың үстімен жүруге тырыспайтынына, қазір- 
ден бастап жұмыс істеуден қашпайтынына риза болдым. 
     ҰБТ алғаш шығып жатқан кез еді. Бірде танысым келіп: 
«ҰБТ деген жақсы тема, тест кітаптарын басып шығарса, 
демде өтіп кеткелі тұр», – деді. Маған айтқан себебі, ма- 
мам ол кезде білім беру саласында істейді. «Мамаңмен 
сөйлесiп көр». Бірден қызығып кеттім. «Мама, мен осы- 
лай бизнес жасайын», – дедім. 67 мың теңге керек еді. 
Сұрап едім, бермеді. «Балам, мені мұндайға араластыр- 
ма. Қызметімді, абыройымды ондай нәрсеге қолданбай- 
мын», – деді. «Жақсы». Бардым да, буфеттегі әпкеден 100 
доллар, өзім киінетін бутиктен 200, тәрбиешіден жетпе 
генін алып, бизнеске кірістім. Он күнде 83 мың теңге пай- 
да таптым. Үнемі кітап әкелетін болдым. Апталық табы- 
сым жүз мыңнан кем емес. Ол кезде көп ақша. Қазір мен 
туралы: «Он тоғыз жасында алғашқы миллионын тап- 
қан», – деп жатады. Алғашқы миллион сол кезде келген. 
     Мұны неге айтып отырмын? Жылап-сықтап отырған- 
ша бірдеңе істеу, әрекет етуді, жоқ жерден мүмкіндіктер 
жасауды бағалаймын. Мүмкіндікті күтіп отырмайтын, 
өздері жасайтын адамдар міндетті түрде жеңіске жетеді 
деп сенемін. Еңбектің қадірін неғұрлым ертерек түсінсе, 
соғұрлым табысты болады. 
     Рухани интеллект. Шамиль Аляутдинов айтқан «ру- 
хани білім» туралы айтуға құқылымын деп ойламаймын. 
Дін туралы қай деңгейде ізденуді әркім өзі шешсін. «Ру- 
хани білім» дегенді мен басқаша түсінемін. Бұл – өзіңнің 
рухыңды, ішкі ойлау жүйеңді басқара алу. Бұл дегенің 
өте көп ұғымды сыйдырады. Ол – позитив ойлау, өз ойы 
мен ісі үшін жауапкершілік ала білу, өзіне және Құдайға 
деген сенім, т.б. 
 
 


 
192
 
     Біртіндеп баяндайын. 
     Позитив. Кез келген тұлғаның өзін дамыту тренингі- 
не барсаң, позитивті ойлаудың қажеттілігі туралы айта- 
ды. Өйткені, ең күшті материя – адамның ойы. Ал ойың- 
ды өзің ғана түзей аласың. Демек, сен өзгермей ештеңе 
өзгермейді. Жалғыз проблема – өзіңсің. Жалғыз шешім 
де өзіңсің. Мысалы, «Лада Калинаға» мініп алып, жол 
ережесін сақтамайтын адамдар, өздерінде осындай көлік 
болған соң жолды кесіп өтеді. Олар жолда тәртіп сақта- 
майтындықтан, сондай көлік мінеді. Ең алдымен адам 
ның ойын өзгерту керек. Егер ойлау жүйеңді өзгертсең, 
бәрі өзгереді. Ой тағдырыңызды жасайды. Стивен Кови 
мұны парадигма дейді. Осы парадигма, демек өмірге де- 
ген қатынасың, ішкі мотивің позитив болу керек. 
     Хэл Элродтың бестселлерге айналған «Магия утра. 
Как первый час дня определяет ваш успех» (The Miracle 
Morning. The NotSoObvious Secret Guaranteed to Trans- 
form Your Life) деген кітабы бар. Талай адамға ұсындым, 
оқығандардың ішінде ұнамады дегені болған жоқ. Сол 
Элродтың қайталайтын бір қағидасы: «Күнде таңертең 
өзіңізге позитивті көңіл күй белгілеңіз» дейді. «Бүгін 
жоспарымның бәрі орындалады», «Уақытқа баймын». 
Осылай позитивті ұйғарымдарды жиі-жиі қайталай беру 
керек. Бұл бір сектанттардың әрекеті сияқты көрінуі 
мүмкін, бірақ өзін дәлелдеген әдіс. 
     Психосоматикалық медицинаның негізін қалаған 
француз психологі Куэнiң жеңісі сол – ол пациенттерін 
күн сайын «Мен күн сайын жақсы болып барамын» деп 
айтуға мәжбүрлейді екен. Нәтижесінде шынында да 
олардың жағдайы жақсарады. Плацебо эффектісі дегенді 
бәріміз білеміз. «Сауығып кетемін» деп сеніп ішкен адам 
іші қуыс «дәріден» де айығып кетеді. Ең басты шарт, 
адамның сол «дәрінің» пайдалы екеніне сенуі ғана. Енді 
мынаған қара. Кейде кәсіби медицина жаза алмаған 
дертті емделушінің өзі сеніп барған балгерлер емдеп 
жібереді. Мұнда да көбіне емдеуші емес, емделушінің 
ойы маңыздырақ. 
 
 


     Осының бәрі – 1882 жылдан 1910 жылға дейін 
Францияның Труа деген қаласындағы кішкентай 
дәріханада жұмыс істеген Эмиль Куэнiң анықтағаны. Ол 
адамның санасы, дәлірегі, бейсанасының қаншалықты 
ықпалды екенін шегелеп кетті. «Мен жетемін!» деп 
қайталаған адамның дегеніне жетпеген жерін көргем 
жоқ» дейді ол. «Қай істі бастағанда да қолыңыздан 
келетініне сеніңіз, сонда жартылай дегеніме жеттім деп 
есептей берсеңіз болады». АҚШ-тың 32-президент 
Теодор Рузвельттің сөзі . 
     Брайан Трейси айтады: «Өмірдің ең маңызды саба- 
ғы – ол сіздің қаламайтын дүниеңіз туралы айтпау және 
ойламау». Тек қана саған керек, өзің қалайтын дүниені 
айт. Мүмкін, қазір ауылда шығарсың, бірақ Астанада 
тұрғың келетін шығар. «Астанада тұрамын» де. «Ауылда 
тұрмаймын» деме. «Болмай қалса...» емес, «болып кетсе» 
дегенге дайын бол. Нейромаркетинг данышпандары 
«болымсыз шақта сөйлеуге тыйым салады. Темекі 
шекпеңіз», «Дәретхана қағазын тастамаңыз» деген 
ескертпелерге қарашы. Кішкентай балаға «балшықты 
баспа» деген сайын басады емес пе? Сондықтан 
да «Rumi»-дің дәретханаларына «Бұл дәретхананы 
кішкентай балалар да пайдаланады» деген жазу қойдық. 
Меніңше, бұл «Не курить, не сорить» дегеннен гөрі жақ- 
сырақ әсер етеді. «Ма», «ме» болымсыз жалғауымен 
берілген тапсырманың ешқашан орындалмайтынын та- 
рих та, психология да көрсетіп отыр. Яғни, тілекті де бо- 
лымсыз жалғаумен айтудан тартын. 
     Позитивті сөйле, өмірдің өзі позитивті нәтижелерді 
көбірек ұсынады. Мұны Американың ең ауқатты бес 
жүз адамының өмірбаянын сараптаған Наполеон Хилл
64
 
да дәлелдеді. Бернард Шоу: «Адамдардың көпшілігі 
жан-жағына қарайды да, «неге?» деп сұрайды. Мен жан- 
жағыма қараймын да, «неге болмасқа?» деймін. Бұл 
дүние мүмкіндіктерге толы. Әр минутта жаңа мүмкіндік 
сен тосып тұр, әр қадам жаңа мүмкіндіктерді ашады. 
____________ 
64
 Наполеон Хилл – америкалык жазушы, журналист, психолог. 
 


 
194
 
     Заманауи әлеуметтік зерттеушілердің бірі, композитор 
Бенджамин Зандер Тед лекциясын бергенде (The transfor- 
mative power of classical music) мынадай нәрсе айтады. 
XX ғасырдың басында Британиянын аяқ киім шығарушы 
екі компаниясының өкілі Африкаға барыпты. Нарықты 
кеңейткісі келіп, экспортқа шығара алатын жаңа аландар 
іздеген ғой. Бір аптадан кейін бірінші саудагер Манчес- 
терге телеграмма жолдайды, «Келгенім бекер болыпты. 
Мұнда аяқ киім сата алмаймыз, Африкада адамдар мүлде 
аяқ киім кимейді екен» дейді. Дәл соның ізін ала, екін- 
ші өкілі жеделхат жіберіпті: «Ғажай! Шексіз мүмкіндік- 
тер! Африкада екiм әлі аяқ киім кимейді екен!». Қарап 
отырсаңыз, екеуінікі де дұрыс. Мүмкіндікті көргісі кел- 
ген адам оны көреді, ал көргісі келмеген адам кедергіні 
көреді. 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет