«Вітчизняна наука: сучасний стан, актуальні проблеми та перспективи розвитку»



Pdf көрінісі
бет52/75
Дата13.02.2017
өлшемі5 Mb.
#4069
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75
часть  общей  лексики,  которая  осталась  от  языка
-
потомка.  Действительно,  сравнивая  словарный 
состав этих двух языков, можно убедиться в справедливости этого суждения. Для наглядности имеет 
смысл привести несколько примеров базисной лексики (см. тбл. 1) [4]
 
Несмотря на фонетические и орфографические различия, нельзя не заметить поразительное 
сходство  между  данными  языками.  В  этом  состоит  огромное  достижение  Толкиена:  он  смог 
воспроизвести в своем вымышленном мире генетическое родство языков так, как оно воплощается в 
реальном мире. Неудивительно, что ради достижения такого результата писатель не прекращал труд 
над своими языками и совершенствовал их до самой своей смерти.
 
Развитию  квенья  частично  поспособствовала  финская  морфология  (особенно  ее  богатая 
система склонений существительных). Финский язык содержит 14 падежей. В языке квенья, конечно, 
падежей  не  так  много  (всего  10),  но  для  русскоязычных  читателей,  не  говоря  уже  о  носителях  тех 
языков,  в  которых  вообще  нет  падежей,  их  число  представляется  внушительным.  Другим  любимым 
языком  Толкиена  был  валлийский,  поэтому  отдельные  черты  валлийской  фонетики  встречаются  в 
синдарине. Очень немногие слова были позаимствованы из существующих языков, поэтому попытки 
проследить  происхождение  конкретного  эльфийского  имени  собственного  или  нарицательного  в 
работах, опубликованных при жизни Толкиена, редко увенчивались успехом.
 
В  дополнение  к  этому  существует  отдельная  семья  языков,  на  которых  говорили  люди. 
Наиболее выдающимся представителем этой семьи является вестрон (происходящий от адунайского 
языка  Нуменора),  «всеобщий  язык»  народов  «Властелина  Колец».  Большинство  людских  языков 
демонстрировали влияние на них эльфийских говоров, а также языка гномов. Толкиеном вчерне были 
описаны также некоторые независимые языки, в числе которых кхуздул, тайный язык гномов, валарин 
(язык Валар) и Черное Наречие, изобретенное Сауроном во Вторую Эпоху.
 
Даже  после  смерти  великого  писателя  интерес  к  его  работам  не  угасает.  Питер  Джексон, 
новозеландский  кинорежиссер,  ставший  известным  после  выхода  на  экраны  трилогии  «Властелин 
Колец»,  использовал  в  своих  фильмах  вымышленные  языки,  созданные  Толкиеном.  Однако 
сценарий, как известно, отличается от самого произведения. К тому же необходимо было представить 
в фильмах пример письма на этих языках, что создавало известные трудности, так как материала в 
самих  книгах  для  передачи  его  на  экран  недостаточно.  Чтобы  выйти  из  положения,  Питер  Джексон 
обратился  за  помощью  к  Дэвиду  Сало,  американскому  лингвисту,  изучающему  языки  Толкиена  и 
выпустившему книгу об этих языках. Д. Сало проделал огромную работу, переводя на язык эльфов и 
другие языки мира «Властелина колец» нужные для сценария фразы. Трудность заключалась также в 
том, что не все необходимые слова встречаются в книге, то есть лингвисту нужно было изучить язык и 
ясно  представлять  себе  его  грамматику  и  правила  словообразования,  чтобы  иметь  возможность 
сделать  перевод.  Д.  Сало  также  поручили  сделать  письмена,  причем  для  разных  языков  Д.  Сало 
использовал  разные  виды  письменности.  Например,  для  надписей  на  языке  гномов  использовались 
руны,  а  для  эльфийских  надписей  и  черного  наречья  использовался  тенгвар,  специальный
 
шрифт, 
лично созданный Толкиеном [5].
 
Таким  образом,  несмотря  на  то,  что  конструирование  языков  для  Дж.  Толкиена  было 
изначально  единственной  задачей,  он  не  мог  не  создать  свой  знаменитый  «легендариум».  Именно 
благодаря этому труду весь мир  узнал о неизведанных землях, которыми правит магия, землях, где 
существуют  эльфы,  гномы,  гоблины  и  загадочные  хоббиты,  а  каждый  народ  говорит  на  своем 
собственном вымышленном языке. Эти языки, созданные автором «Властелина колец», их история и 
отношения  между  ними  максимально  приближены  к  тем  отношениям,  которые  существуют  в 
реальном мире между естественными языками: каждый имеет свою историю, своего прародителя, а 
также  находится  в  родстве  с  другими  языками.  И  пускай  они  всё  же  считаются  искусственными,  с 
научной  точки  зрения,  фанаты  творчества  великого  писателя  не  позволят  творениям  своего  кумира 
умереть, а это значит, что и квенья, и синдарин, и кхуздул и множество других языков в совокупности 
с народами, говорящими на них, продолжают жить в сердцах преданных поклонников.
 
 
 

256 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
Литература:
 
1. 
Кузьменко Ю.К. Лингвистическая концепция Расмуса Раска. // Понимание историзма и развития в 
языкознании / Десницкая А.В. –
 
Л.: Наука, 1984. –
 
303 с.
 
2. 
Толкиен Дж. Р. Р. Тайный порок. / Доклад –
 
Оксфорд: 1931г.
 
3. 
Толкиен Дж. Р. Р. Письма. –
 
М.: ЭКСПО, 2004. –
 
письмо 163.
 
4. 
Бутин  Д.  Словарь  эльфийских  языков.  [Электронный  ресурс].  –
 
Режим  доступа: 
http://tolkien.olmer.ru/research/elf_dic.htm 
5. 
Дэвид Сало [Электронный ресурс]. –
 
Режим доступа: 
http://midgardsmal.com/ 
 
Научный руководитель:
 
кандидат филологических наук Попова Галина Владимировна
 
 
 
Мөлдір Әбдікова
 
(Ақтөбе, ҚР)
 
 
МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗДІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ РАКУРСЫ
 
 
«Газет –
 
жұртқа қызмет ететін нәрсе,
 
олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп 
көсемдері,  оқығаны  көп  адамдары  газет  арқылы  халықтың  алдына  түсіп,  жол  көрсетіп,  жөн  сілтеп, 
басшылық  айтып  тұрады»,  –
 
деген  еді  А
.
Байтұрсынов  1913  жылғы  ақпанның  2
-
сі  күнгі  жазған  бас 
мақаласында.  Газеттің  мұнан  өзге  де  қоғамдық  қызметтерін  саралап  берген  А.Байтұрсынов  пікірі 
бүгінгі алуан түрлі газеттер қызметтері арқылы айқындала түскендей.
 
Кез
-
келген ақпарат құралы тыңдарман мен оқырманға бағытталып, қалың қауымға ойы да, тілі 
де  түсінікті  болып,  коммуниканттардың  қажетін  өтеуді  мақсат  етеді.  Газет  тіліне  тән  сөйлем  түрлері, 
сөздік  қор  (лексика)  сол  мақсат  мүддесінен  шығуға  мүмкіндік  беретіндей  болып  екшеленеді, 
сұрыпталады. 
Оқырманның, 
тыңдарманның 
ақпаратты, 
мәліметті 
қабылдауына 
қиындық 
тудыратындай,  өз  заңдылықтарына  сай  келмейтін  тілдік  қолданыстарды  барынша  шектейді. 
Сондықтан  да  болар  газет  тіліне  тән  ерекшеліктер  әлеуметтік  негізді  болып  келеді,  белгілі  бір 
мақсатқа  қызмет  етеді.  Бір  сөзбен  айтқанда,  газет  лексикасы  әлеуметтік  тұрғыдан  бағалауыштық, 
жалпылама коммуникативті, мақсатты экспрессиялы болады.
 
Газет  лексикасы  үнемі  өзгеріп,  дамып,  ескіріп,  жаңарып  отырады.  Газет  лексикасы 
бағалауыштық тұрғыдан қарастырғанда да бір қалып, бір деңгейді көрсетпейді, оның кезеңдік сипаты 
болады.  Сонымен  бірге  оның  қызметіне,  әсіресе,  ақпарат  жеткізу,  үгіт
-
насихат  тарату  қызметіне 
тікелей бағынады.
 
Газет  тілінің  басым  бөлігін  құрайтын  сөздер  тобы  жиі  қолданылуына  қарай  емес, 
бағалауыштық  сипатына,  көптеген  атаулардың  саясиландырылуына  қарай  жинақталады.  Әрине, 
қолданыста жиі болып келетін сөздер де назардан тыс қалмайды. Осыған дейінгі қазақ тіліне қатысты 
жүргізілген  зерттеулерде  белгілі  бір  басылым  тілінің  лексикалық  қабаттарын  талдау  басымдық 
танытты.  Бұлайша  зерттеудің  жетімсіз  тұстары  бар.  Тиімділігі  –
 
әр  қабат  туралы  нақты  дерек  алуға 
болатындығы, ал жетімсіздігі газет лексикасының бөлшектенген түрде зерттелуі, яғни газеттің жалпы 
лексикалық сипаты, өзіндік ерекшелігі, құрылымы, сондай
-
ақ нормалануының барынша толық ашылу 
мүмкіндігі аз деп санаймыз.
 
Сонымен  бірге,  газет  лексикасында  әр  заманның  бет
-
бейнесі  мен  бедерін  танытатын  сөздер 
қатары болады. Олар өз заманының тарихынан, құрылысынан, өзге де әртүрлі күй
-
жайынан хабардар 
етеді.  Осы  сынды  мәліметтерді  негізге  ала  отырып,  газет  мәтіндерінде  жиілікпен  қолданылатын 
сөздерді іштей екі топқа бөлуге болады:
 
1. 
Жалпыгазеттік сөздер. Бұл сөздер газеттегі белгілі бір тақырып немесе жанрмен, белгілі бір 
газетпен  байланыстырылып  қарастырылмайды.  Айталық,  ел,  халық,  мемлекет,  демократия,  саясат, 
ынтымақтастық,  ұлт,  топ,  қоғам,  халықаралық  жағдай,  пікір,  жетістік,  үлес,  дағдарыс  т.с.с  сияқты 
сөздер барлық газеттерде жиі ұшырасады.
 
2. 
Белгілі  бір  тақырып,  белгілі  бір  жанр  түрімен  байланыста  қарастырылатын  сөздер  тобы. 
Бұл  сөздер  қатарын  мәтіндегі  айтылар  ойды  жеткізу  мақсатында  қолданылатын  атаулар  түзеді. 
Мысалы,  ғылыми  тақырыпқа  жазылған  мақалалар  болса,  термин  сөздер  қатары  мол  болады.  Газет 
лексикасының  осы  тобына  ауызекі  сөйлеу  тілі  элементтері,  диалектизмдер,  әлеуметтік  диалект 
элементтері кіреді.
 
Газеттің  функционалдық  қызметі  және  лексикасының  құрылымы  тіл  салаларының  өзге 
деңгейлерімен,  әсіресе,  семантикамен  тығыз  байланыста  қарастырылады.  Газет  лексикасына  тән 
жалпы қасиеттер мен ерекшеліктерді ескере отырып, оның лексикасының құрамы мынадай топтардан 
тұрады деп қарастыруға болады:
 
1. 
Қоғамдық
-
саяси лексика;
 
2. 
Бағалауыштық лексика;
 
3. 
Бейтарап лексика[1, 83].
 
Қазақ  тіл  білімінде  қоғамдық
-
саяси  лексикаға  қатысты  мәселелер  жайында  профессор 
А.Ысқақов,  А.Қалыбаев  және  Р.Барлыбаев  сынды  ғалымдардың  зерттеулерінен  байқауымызға 
болады.  Р.Барлыбаев  өзінің  «Қазіргі  қазақ  тіліндегі  қоғамдық  саяси
-
лексика»  атты  еңбегінде  кеңес 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
257 
 
 
 
дәуірі  кезінде  қоғам  қажетін  толығымен  өтеген  аталмыш  сөздер  тобының  көптеген  ерекшеліктерін 
атап көрсетті.
 
Қоғамдық
-
саяси  терминдердің  қызметі  әр  түрлі.  Ақпарат  құралдарында  қолданылатын 
қоғамдық
-
саяси  терминдер  жалпығылымилық  сипатымен  ерекшеленгенімен,  әдеби  тілдегі 
терминжасам  принциптері  олардың  табиғатына  жат  емес.  Газет  лексикасындағы  қоғамдық
-
саяси 
лексика  сөздік  құрамдағы  сандық  әрі  сапалық  толығулардың  айнасы  іспетті.  «Қоғамдық
-
саяси  өмір 
саласына  байланысты  құбылыстар  мен  ұғымдар  атауларын  білдіретін  мағыналық  бірлігімен 
топтасқан,  өз  алдына  біріккен  сөздерді  қоғамдық
-
саяси  деп  атауға  болады[2,  29]»,  –
 
дейді 
Р.Барлыбаев.
 
Газеттегі  хабар,  шетел  жаңалықтары,  мақалалар  сынды  белді  жанрлар  қоғамдық
-
саяси 
лексика  элементтері  көп  қолданылатын  мәтіндерден  тұрады.  Оның  үстіне  газет  атаулының  басты 
қызметі  –
 
ақпарат  жеткізу  мен  үгіт
-
насихат  жұмыстары  негізінен  қоғамдық
-
саяси  лексикаға  жататын 
сөздер  тобы  арқылы  іске  асатындықтан,  ол  газеттің  төл  лексикасы  саналады.  Қоғамдық
-
саяси 
лексиканы мынадай семантикалық топтарға бөлуге болады:
 

 
Әлеуметтік
-
тарихи категориялар мен ұғымдарды білдіретін атаулар: халық, ел, жұрт, нәсіл, 
алаш, қауым, қоғам сияқты сөздерді жатқызуға болады.
 

 
Мемлекеттік  құрылыс  ұғымын  білдіретін  атаулар  қоғамда  жүріп  жатқан  әлеуметтік,  саяси 
өзгерістердің тілдегі тікелей көрінісі дер едік. Бұл сөздер тобына мемлекет, үкімет, одақ, республика 
сөздерін жатқызуға болады.
 

 
Әкімшілік жүйеге қатысты
 
атаулар қатарына әкімшілік құрылыс, әкімшілік  –
 
территориялық 
бөлініс, лауазым атауларын жатқызуға болады.
 

 
Заң жүйесіне байланысты атаулардың тілімізде қалыптасуы да саяси
-
әкімшілік жағдайларға 
тікелей тәуелді.
 

 
Саясатқа, саяси ғылымдарға қатысты атаулар.
 

 
Оқу
-
білім,  ғылым  мен  техника  саласына  байланысты  атаулар  газеттің  ағартушылық 
саласындағы қызметіне орай жіктеледі.
 
Газет лексикасын құрайтын сөздерге тән басты ерекшеліктің бірі –
 
бағалауыштық танытуында. 
Сөз  қолданыс  кезінде  сөзге  қосымша  үстемеленетін,  әлеуметтік  топтың,  жеке  адамның,  бір  сөзбен 
айтқанда, субъектінің зат пен құбылысқа,  іс
-
әрекетке беретін бағасы бағалауыштық  лексика  қатарын 
құрайды.  Қазақ  тіл  білімінде  бағалауыштық  туралы  сапа  интенсивтілігі  жөнінде  орыс  және  қазақ 
материалдарын  салыстыру  негізінде  ғалым  Қ.З.Ахметжанова  жан
-
жақты  зерттеу  жүргізді 
(«Функционально
-
семантические  поля  русского  и  казахского  языков»).  Ғалым  ізденісінің  жемісі 
бағалауыштық  категория  жете  зерттелетін  еңбектерде  басшылыққа  алына  отырып,  әрі  қарай 
тереңдетіле қарастырылуда.
 
Газеттің  қоғамдық
-
әлеуметтік  қызмет  түріне  қарай  оның  әлеуметтік  баға  берушілігі  алдыңғы 
қатарға  қойылып,  басты  ерекшеліктердің  бірі  саналады.  Бағалауыштық  тіл  деңгейлері  лексикада 
арасында лексикада айқын байқалады. Бағалауыштық –
 
сөйлеушінің өз
 
тарапынан құбылыс пен затқа, 
іс
-
әрекет  атауына  берген  бағасы,  көзқарасы,  оған  деген  қарым
-
қатынасы.  Бағалауыш  сөздер 
арасындағы  семантикалық  байланыс  бағалауға  негіз  болатын  әрі  бағалануға  тиісті  объектінің 
белгілерін аспект етіп алудан басталады. Бағалау
 
құрамына бағалауыштық мотив, бағалау кретерийі 
енеді.  Бағалауыштықтың  құрамы  күрделі.  Айталық,  бір  зат  екінші  бір  затпен  салыстырыла 
бағаланатын  болса,  салыстырылып  тұрған  зат  немесе  соның  бір  беогісі  элемент  ретінде 
бағалауыштықтың құрамына енеді. Бағалау кезінде объект түгелімен емес, субъектіге маңызды болып 
көрінген белгілі бір бөлігі, аспектісі ғана алынуы әбден мүмкін. Бұл бір объектінің әртүрлі бағалануына 
себеп болады.
 
Бағалауыштық  лексика  түрлі  қабаттар  мен  қаттаулардың  қатысымен  жасалады,  газет  тілінде 
функционалдық  және  стильдік  қызметінің  сипатына  орай  бір  бүтін,  біртұтас  категория  ретінде 
қабылданады:
 

 
Сөздің  сапасы  тілдің  көне,  төл  сөздер  қабаттары  бірліктерінің  бағалауыштықты  білдіретін 
семаларында болады: батырлық, ерлік, даңқ, атақ т.с.с.
 

 
Бағалы металл аттары: алтын, күміс, жақұт, меруерт т.с.с.
 

 
Қауымға, көпшілікке қатысты айтылған сөздер: көпшілік, көп, бұқара т.с.с.
 

 
Оқуға, білімге байланысты тілімізге сіңіп кеткен араб сөздері: ғұлама, ғалым, мектеп т.с.с.
 

 
Адамдардың  шыққан  әлеуметтік  ортасынан  хабардар  ететін,  текті  білдіретін  сөздерде 
бағалауыштық кездеседі: ақсүйек, бай, кедей, қожа т.с.с.
 

 
Жас  мөлшерін  білдіретін  сөздерде:  жас,  кәрі,  үлкен,  кіші,  жасөспірім,  бойжеткен,  ақсақал, 
бүлдіршін т.с.с.
 

 
Сондай
-
ақ,  тұлға,  перзент,  ұлан,  дос,  жолдас
 
сияқты  сөздер  де  бағалауыштық  мәнде 
қолданылады.
 
Газет  тіліндегі  бейтарап  сөздер  аса  жиілікпен  қолданылады.  Бұлайша  аталуы  бейтарап 
сөздерге екі жақты тілдік құбылыс ретінде қарауға мүмкіндік береді:
 

 
оларда газетке тән басты бағалауыштық ерекшелік болмайды;
 

 
бейтарап сөздер бүкіл стиль атаулының негізін, сүйегін құрайды да, белгілі бір стильге тән 
деп айтуға келмейтін, бейтараптық танытатын сөздер болып табылады.
 

258 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
Бейтарап  сөздер  мен  бейтарап  мағына  туралы  «Қазақ  тілі»  энциклопедиясында  :  «Зат, 
құбылыстар  мен  сапалық  белгілерді,  әрекет
-
қимылдарды  атап  білдіретін  жалпылама  лексикаға  тән 
мағына....Зат,  құбылыстарды  жағымды,  жағымсыз  түрде  бағалау,  сезімнен  туған  бейнелі  түсініктер 
бейтарап  мағынаға  жатпайды....Бейтарап  сөздер  –
 
тілдердің  барлық  функциональдық  стильдерінде 
қолданыла  беретін,  экспрессиялы  реңкі  жоқ  лексика.  Бейтарап  сөздер  белгілі  бір  стильге  тән 
сөздерге,  экспрессиялық  реңкі  бар  сөздерге  қарама
-
өарсы  тұрған  құбылыс  ретінде  танылады.  Және 
де бұл лексиканы сөздердің тура мағынасы да, ауыспалы мағынасы да бере алады», –
 
делінген[3, 66]. 
Бейтарап  сөздер  әдеби  тіл  стильдерінің  бәріне  ортақ  болғандықтан,  газетте  ерекше  қолданыс 
таппайды, бағалауыштық бояусыз, хабар мәнді болып келеді.
 
Мерзімді  баспасөз  басылымдары  –
 
қоғамды,  қоғам  мүшелерін  тәрбиелейтін
 
құрал.  Газет 
лексикасының  құрылымы  мен  жүйесін,  лингвистикасын  сақтау  –
 
баспасөздің  мәдениеті,  яғни,  тілдік 
норманың талабы.
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
 
1. 
Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). –Алматы: «Арыс», 1999. –
 
228 бет.
 
2. 
Барлыбаев Р. Қазақ тіліндегі қоғамдық
-
саяси лексика. –Алматы: «Арыс», 1978. –
 
290бет.
 
3. 
«Қазақ тілі» энциклопедиясы. –Алматы, 1998ж.
 
 
 
Ғаламат Әребаев
 
(Ақтөбе, Қазақстан)
 
 
АРАБ ТІЛ БІЛІМІ ДАМУЫНДАҒЫ ТҮРКІЛІК ҒАЛЫМДАРДЫҢ ҮЛЕСІ
 
 
Тілдің  даму  тарихы  сол  елдің  тарихымен  тығыз  байланысты  болуы  тиіс.  Бұл  оймызды  мына 
пікірмен қуаттаймыз: «История языка и история народа переплетаются самым тестным образом. Язык 
должен изучаться в неразрывной связи с исторей народа, которому принадлежит данный язык.»[1.4б.]
 
Араб  тіл  білімі  дамуы
 
дінмен  байланысты.  Құранды  зерттеп,  мұсылман  халықтарына 
насихаттаудан  басталады.  Араб  лингвистикасы  өз  бастауы  VII  ғасырдан  алады.  Осы  тұста  Араб 
жерлері халифатқа бірігіп, ислам діні күллі Орта Азияға таралды.
 
Дәстүрлі  араб  тіл  білімі  теория  ретінде  басрлық  (Басра  қаласы),  куфалық  (Куфа  қаласы), 
бағдаттық  (Бағдат  қаласы),  анадолы  (Испания)  және  сирия
-
мысырлық  мектептерде  қалыптасты. 
Басра мен Куфа мектептерінің арасында араб тіл білімінің грамматикасы жөнінде өткір полемикалар 
болды.  Басра  өкілдері  классикалық  Құран  тілін  қолдаса,  Куфалықтар  синтаксис  саласында  біраз 
өзгерістер  мен  түзетулерді  қалады.  Кейін  уақыт  өте  келе  Араб  халифатының  мәдени  орталығы 
Бағдатқа  ойысты.  Бағдаттық  грамматика  зерттеулерінде  алғашында  Куфа  мектебінің  қағидалары 
үстемдік етсе, кейін Басралық мектептің ұстанымдары келді.
 
Араб  тіл  білімінің  дамуына  тек  қана  араб  елінің  үлесінде  болмады.  Сонымен  қатар  халифат 
құрамына  кірген  елдердің  мәдениеттің  дамуына  белгілі  бір  деңгейде  өз  ықпалын  тигізді.  «Арабская 
культура явилась результатом активного взаимодействия многих цивилизованных народов халифата, 
которые восприняли язык как орудие культурного творчества»[1.5б.] 
 
Соның 
ішінде 
араб 
ғалымдарының  басым  көпшілігі  араб  емес.  Араб  халифатында  ғылым  мен  мәдениеттің  ең  дамыған 
алтын  дәуірі
 
Аббаситтер  билеген  дәуірге  сай  келеді.  Ағылшынның  атақты  шығыс  зерттеуші  ғалымы 
Е.Браунның көрсетуінше, осы «дәуірде» дүниеге танылған 45 араб ғалымдарының 30
-
ның ұлты араб 
емес,  басқа  халықтардың  өкілдері  болған[2.14б.]  Міне,  араб  тіл  білімі  дамуына  үлес
 
қосқан  түркілік 
ғалымдар жайында сөз болмақ.
 
Отырар  ойшылдарының  ең  атақтысы,  ең  мәшһүрі 

 
Аристотельден  кейінгі  екінші  ұстаз  Әбу 
Нәсір  әл
-
Фараби.  Араб,  парсы  шежірелерінің  деректеріне  қарағанда  әл
-
Фараби  870  жылы  Арыс 
өзенінің  Сырға  құяр  тұсындағы  Фараб  (Отырар)  қаласында  отырарлық  әскербасының  отбасында 
дүниеге келген.
 
Әбу  Насыр  бала  күнінен  ғылымға  үйір  болып  өсті,  оның  бақытына  қарай  сол  заманда 
Отырарда  аса  бай  кітапхана  бар  еді.  Әл
-
Фараби  парсы,  грек  тілдерін  үйренеді,  осы  тілде  ғылыми 
трактаттар  оқиды.  Фараб  пен  Бұқарада  бастапқы  білім  алған  соң  әл
-
Фараби  өз  білімін  жетілдіру 
мақсатында Бағдатқа аттанады. Фарабидің дүниетанымының қалыптасуына Мерв мектебінің ғылыми 
дәстүрлері  мен  философиялық  бағдарлары  өз  әсерін  қалдырды.  Бағдадта  әл
-
Фараби  ғылым  мен 
әртүрлі  пәндерді  оқиды.  Білімге  деген  құштарлығының  арқасында  әл
-
Фараби  сол  уақыттағы  ғылым 
мен  білімнің  ордасы  саналған  Дамаск,  Халеб,  Каир,  Шаш,  Самарқан,  Бұхара,  Мерв,  Нишапур,  Рей, 
Хамадан қалаларында да болып, білімін үнемі жетілдірумен болды.
 
әл
-
Фарабидің лингвистикалық көзқарастары тілді адам ойнының жемісі, оны қоғамдық құбылыс 
деп таныған болатын. «Екінші ұстаздың» трактаттарында көптеген тілге қатысты ойларын көреміз. Ол 
фонетика  мен  логиканы  байланыста  қарады.  Тілдің  тікелей  салаларына  байланысты  келелі  пікір 
білдірді.Оны  төмендегі  тұжырымнан  да  байқаймыз:  «....мы  находим  наряду  с  освещением 
традиционных  вопросов,  касающихся  непосредственно  разделов  языка  (фонетика,  лексикология, 
морфология,  синтаксис)  и  его  связи  с  другими  видами  наук  и  искусств  (логика,  риторика, 
каллиграфия,  музыка,  поэтика),  различные  проблемы  теории  языкознания  (определение  языка, 
проблема языка и речи, формы существования языка, знаковая природа языка, проблемы развития и 

«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
259 
 
 
 
изменения  языка,  связь  языка  и  мышления,  взаимоотношение  формы  и  содержания  языка,  роль 
языка в обществе, функции языка, происхождение и природа языка, языковая норма и др.)»[3]
 
Тіл  білімін  ғұлама  ғылымдардың  бастысы  деп  таниды.  Өзінің  әйгілі  «Китаб  ихса  аль
-
улум» 
(«Книна  классификаций  наук»)  еңбегінде  ғылымдарды  бес  түрге  жіктеп,  оның  алдыңғысының 
қатарына тіл туралы ғылымды қояды, оны жеті бөлімге жіктейді: 1. Жай сөздер туралы ғылым; 2. Сөз 
тіркестері  мен  сөйлем  туралы  ғылым;  3.  Жай  сөздердің  заңы  туралы  ғылым;4.  Сөз  тіркестері  мен 
сөйлемдер  заңы  туралы  ғылым;  5.  Дұрыс  жазу  заңы  туралы  ғылым;  6.  Дұрыс  оқу  режелері;  7. 
Өлеңжасам турасында.
 
Араб тіл білімінде фонетиканың алатын орны ерекше. Ғалымдар бұл құбылысты саз өнерімен 
байланыстырады.  Осы  тұрғыда  әл
-
Фараби  өзінің  «Музыканың  үлкен  кітабы»  (Китаб  әл
-
мусики  әл
-
кабир) атты трактатында фонетика саласы жөнінде сөз етеді. Фонетиканы грамматиканың бір саласы 
ретінде  кейінірек  дамығанда  музыка  теориясынан  шығарып  тасталмағаны  байқалады.  Мұнда  ғалым 
сөйлеу дыбыстарына тоқталып, өзінің лингвистикалық ой
-
тұжырымдарын жасайды.
 
Ғалым  бабамыздың  трактаттарындағы  тіл  және  ойлау  тұжырымдары  логика,  философиямен 
астасып жатса, фонетика туралы пікірлері саз өнерімен ұштасса, әрине лингвистикалық ғылыми негіз 
болмауы мүмкін, бірақ сол ғылыми негіз тудыруға бастау болған Фараби трактаттары дей аламыз.
 
Келесі араб тіл біліміне өз үлесін қосқан Әбу Нәсір әл
-
Фарабидің жерлесі Әбу Нәсір Ысмайыл 
бин Хаммад әл
-
Жауһари. Әл
-
Жауһари араб тіл білімінде лексикография саласына көп еңбек сіңірген 
ғалым.  Оны  ғалым  В.А.  Звегинцев  өзінің  қысқаша  очеркінде  төмендегідей  бағалайды.  «В  области 
лексикографий  успешно  работал  аль
-
Джаухари,  поистине  заслуживший  за  свои  обширные  познания 
прозвище «имама лексикологий» ».[1.61б.]
 
әль
-
Жауһари Бұхара,  Мәрі, Нишапур,  Рей, Хамадан секілді  қалаларда болып,  кейін  Бағдатқа 
келген.  Көптеген  араб  тіл  білгірлерінен  дәріс  алып  араб  тіл  білімінің  дамуына  жан
-
жақты  үлес  қоса 
бастайды. «Әл
-
Жауһари Ираққа келгеннен кейін нағашысының ақыл
-
кеңесімен Басралық филологтар 
Әбу  Зайд  ас
-
Сирафи  мен  Әбу  Әли  әл
-
Фарисиден  араб  тілі  мен  әдебиетінен  дәріс  алады.  Әл
-
Жауһаридің Басраға баруы кездейсоқ емес. Ислам діні бүкіл Шығыс елдеріне тарап, бірте
-
бірте араб 
тіліне  өзге  жұрт  лұғатынан  да  сөздер  ауыса  бастағанын  байқаған  ғалымдар  Құран  тілінің  тазалығын 
ойлап  таджуид  (фонетика),  тасриф  (морфология),  наху  (синтаксис)  деп  аталатын  тіл  ғылымын 
зерттейтін ілімдердің негізін қалаған»[4.40б.]
 
Әл
-
Жауһаридің бізге қандай еңбектері жеткені туралы сөз етсек, ортағасырлық оқымысты Әбу 
Мансур  ас
-
Сағалиби  өз  еңбегінде  ол  «ақын  еді»  деп  келтіреді.  Өзінің  алғашқы  еңбегі  «Китаб  әл
-
Арудта» («Өлең өлшемі жайлы кітап») араб поэзиясының өлең өлшемін терең талдап, өзіндік теория 
жасауға тырысқан. Бұдан көретініміз ғалым тек қана ақын емес, әдебиет теоретигі.
 
Тіл біліміне қатысты осы еңбектен  кейін араб білгірлері әл
-
Жауһаридің «Китаб әл
-
мұқаддима 
фи
-
н
-
наһу»  («Грамматикаға  кіріспе  кітап»)  жазғанын  айтады.  Бірақ  өкініштісі,  араб  поэзиясына 
қатысты еңбегі мен грамматика жөнінде еңбегі біздің дәуірге жетпей қалған.
 
Отырар  перзенті  араб  тіл  білімінің  лексикография  саласына  көп  еңбек  сіңірді  дедік.  Оны 
дәлелдейтін тағы бір еңбегі «Тадж әл
-
луға уа сихах әл арабийа» («Тіл тәжі және араб (тілінің) ақиқат 
лұғаты»)  болатын.  Ғалымдар  арасында  қысқартылып  «ас
-
Сихах»  («ақиқат»,  «дұрыс»,  «заңды»)  деп 
аталып  кеткен.  Ә.Дербісалин  бұл  сөздікте  араб  сөздері  қазақ,  орыс  тілдеріндегідей  бастапқы  әріпке 
емес, сөз түбірінің алғашқы әрпіне байланысты орналастырылады дегенді айта келіп, сөздіктен мысал 
келтіреді:  «Мысалы  жалпыға  таныс  мадрасатун  деген  сөзді  алайық.  Араб  тілінен  бейхабар  кісі 
сөздіктен оны әдетте «м» әрпінен іздегенімен таба алмас еді. Ол үшін сөз түбірін білу керек. Аталған 
сөздің  түбірі  дараса  етістігі.  Ол  «оқу»,  «зерттеу»  деген  мағына  береді.  Осы  етістіктен  енді  дарсун
-
«сабақ»,  муддарисун
-
«оқытушы»,  мадрасатун
-
«мектеп»,  «училище»  іспетті  бірнеше  зат  есім 
туындайды. Сөйтіп соңғы төрт сөздің түбірі айналып келгенде «дараса» екен. Сондықтан да сөздіктен 
әуелі осы етістікті табу қажет» [4.43б.]
 
Бұл  сөздікке  арабтың  40
 
000  сөзі  енген.  Жалпы  сөздікке  В.А.  Звегинцев  былай
 
баға  береді: 
«Если  сравнить  «Сыхах»  с  большим  словарем  Ибн  Дурейда  и  тем  более  с  «Книгой  Айна»  Халиля, 
тотчас  бросится  в  глаза  превосходство  первого  в  ясности  изложения  и  методе  расположения 
материала  »  [1.61б.]  Жалпы  алғанда  ғұлама  араб  тіл  білімінде  өзіндік  орны  бар  лингвист  екенін 
көреміз.
 
Түркі халқының ХІ ғасырда өмір сүрген дарынды перзенттерінің бірі Махмұт Қашқари. Махмұт 
Талас
-
Шу  алқабындағы  Барысхан  қаласында  туған.  Ғылым  жолын  іздеп  Бұхара,  Нишапур,  Мерв 
қалаларына  барады.  Аталған  қалалардағы  білім  қанағаттандырмай  Бағдат  қаласына  сапар  шегеді. 
Мұсылман мәдениетінің жері саналған қалада Махмұт ерекше білім алып шығады.
 
Қашқаридің  түркі  халықтарына  мәлім  «Диуан  лұғат  ат
-
түрк»  (Түркі  сөздерінің  жинағы)  атты 
еңбектің авторы. Бұл еңбек араб лингвистикасында тосын жаңалықтар алып келді. Сонымен қатар тек 
қана араб тіл біліміне емес, жалпы тіл білімі тарихына да қатысты біраз жаңалықтардың негізін салып 
кетті.
 
«  «Диуани»  түрікше
-
арабша  сөздік  болғанымен,  автор  сөздерді  түсіндіріп,  оның  мағынасын 
анықтау
 
үстінде  басқа  түркі  тайпалары  тілінде  кездесетін  мағыналық  ауытқулар  мен  дабыстық 
өзгерістерді  салыстыра  отырып,  оларға  шолу  жасайды.  Сондықтан  да  М.  Қашқариды  түркітануда 
бірінші болып салыстыру тәсілін қолданған ғалым. «Сөздіктен» бір
-
екі мысал келтірейік: «яғма, тухси, 
қыпшақ, ябағу, татар, қайжумул және оғыздар; әрқашан (за) ны сөз ішінде (йа)
-
ға айналдырады және 

260 
«Проблемы и перспективы развития науки в начале третьего тысячелетия в странах СНГ»
 
 
 
 
 
ешқашан  (заль)
-
мен  айтпайды.  Сондықтан  олардан  басқалар  қайың  ағашын  қазің  десе,  бұл 
тайпадағылар қаjің дейді»[2.31]
 
Салыстыру  тәсілінен  бөлек  жас  грамматистер  айтқан  алғашында  тілдер  көп  ерекшеленбей 
айырмашылық жекелеген әріптердің өзгеруі мен түсіп қалуы нәтижесінде пайда болған. Мұнда автор 
қазіргі  лингвистика  деңгейіндегі  жетістік  деп  танылатын  терең  ойларын  білдірген.  Жас 
грамматистердің  жоғарыдағы  пікірлеріне  төмендегі  мысал  дәйек:  Guzz  (түркі  тайпасы)  және  Qifčaq 
әрбір j әуелі ʼ (айн) немесе ž атауға, етістікке айналады. Мысалы, älkin jälkin (жиһанкез) немесе iliy suv 
jiliy suv(жылы су) түрікшесінің орнына беріледі» [1.70б.]
 
Сонымен  қатар  фонетика,  морфология  саласын  салыстыра  зерттеулері  «сөздікте»  белгілі 
деңгейде  жүргізілген.  Европалық  тіл  білгірлерінің  негізін  қалады  деп  жүрген  жалпы  тіл  біліміндегі 
кейбір  категорияларының  бастауы  ХІ  ғасырда  болғанын  ұмытпауымыз  керек.  Жалпы  лингвистикада 
салыстырмалы
-
тарихи  тіл  білімінің  негізін  Ф.Бопп  қалады  деген  пікір  орныққанмен,  М.  Қашқари 
еңбегінің  өз  деңгейінде  орны  табылары  анық.  Бұл  жөнінде  араб  тіл  білімін  зерттеген  В.А.Звегинцев 
былай  дейді:  «Достижения  арабских  филологов,  развиваемые  ими  теорий  постепенно  проникают  в 
систему  европейской  науки  о  языке,  превращаясь  в  ее  существенный  компонент.  Понятия  корня  и 
флексий,  занимавшие  такое  видное  место  в  теориях  европейских  ученых,  непосредственно 
предшествовавших созданию принципов сравнительно
-
исторического языкознания а затем и работах 
самого Ф. Боппа, были заимствованы у арабских языковедов»[1.78
-
79б.]
 
Осы  пікірдің  өзі  М.Қашқаридің  тек  қана  араб  тіл  білімі  деңгейінде  емес,  жалпы  тіл  білімі 
көлемінде орнын көрсетіп берді.
 
Түркілік ғалымдар араб тіл білімінен сусындап, дамуына үлес қосу арқылы жалпы тіл білімінің 
бастау негізіне арқау болғанын еңбектері дәлелдейді.
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет