З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет35/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   97
Байланысты:
академ жазба

6.3 Озық ғылыми тәжірибе 
Озық тәжірибенің критерийлері: 
-
жаңашылдық – белгілі бір қалыптасқан әдістемені жоққа шығару емес, 
оны жетілдіру, толықтыру; 
-
жоғары нәтижелілік; 
-
ғылымның қазіргі жетістіктеріне сәйкестік; 
-
тұрақтылық; 
-
тәжірибені басқа да зерттеушілер мен оқу орындарының пайдалану 
мүмкіндігі; 
-
тәжірибенің оңтайлылығы; 
-
көкейтестілігі, оның ғылым үшін және тәжірибе үшін құндылығы; 
-
оптималдық; 
-
бұқаралық тәжірибеде шығармашылықты қолдану мүмкіндігі. 
Білім беру мекемелеріндегі ғылыми тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі 
күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Ғылыми 
тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, нәтижесі, дәлірек айтсақ, 
студенттің жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі мақсатпен 
ұйымдастырылатын ғылыми үдеріс.
Көпшілік оқытушының ғылыми тәжірибесі – бұл ғылым жетістіктерін 
қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі. 
Озық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озық тәжірибе – 
оқытушының шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты ғылыми нәтиже беретін 
оқыту және тәрбие тәжірибесі. Оқытушының тәжірибесіндегі жаңалық 
болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты 
түрде қолданып, басқа оқытушыларға үлгі болып, озық тәжірибесі басқаларға 
да таратылады. 
Ғылыми озық тәжірибенің мағынасы шығармашылық ізденіс, жаңалығы 
бар тәжірибе түрінде түсіндіріледі. Мұндай ғылыми тәжірибе өте құнды, 
себебі ол ғылым тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан бірінші кезекте 
осы тәжірибені талдап, баға беріп тарату керек. 
Озық ғылыми тәжірибенің белгілері оның өзіне қойылатын 


69 
талаптарымен ұштасады. 
Бірінші белгісі 

 
қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа 
сәйкестігі. Озық студенттер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір 
талаптарына сай жұмыс істеп, ғылыми үдерісті жетілдірудің тиімді жолдарын 
табады. 
Озық тәжірибенің
екінші белгісі 
ғылыми қызметтің тұрақты, жақсы 
нәтижелері. Ғылыми «өнім» – студенттердің білім, іскерлік, дағдыларының, 
жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі. 
Оқытушы сабақтарын дұрыс бағалап, студенттердің білім сапасын 
тексеріп, жауап алынатын сұрақтар: 
-
студенттердің бағдарламадағы оқыту материалын меңгеруі; 
-
өз беттерімен білім ала білуі; 
-
білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде колдануы; 
-
студенттердің жалпы дамуы. 
Білім сапасы студенттердің байқампаздығынан, талдау, жинақтау, 
абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын 
анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған 
керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. 
Студенттердің тәртібі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс- 
тұрысынан байқалады. 
Озық тәжірибенің
үшінші белгісі 
– оқу, тәрбие тұрақты, жақсы 
нәтижелерге жету үшін оқытушылар мен студенттердің өз күштері және 
құралдарын орнымен жұмсауы. Студенттерге шамадан тыс қосымша 
тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын 
көтеретін тәжірибе озық тәжірибе деп есептелмейді. 
Жаңалық – 
озат ғылыми тәжірибенің
төртінші белгісі
.
 
Ғылыми озық 
тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. 
Сондықтан әрбір оқытушы еліміздегі жаңашыл оқытушылардың бай 
тәжірибесін, белгілі педагогтер мен психологтердің ғылыми еңбектерін терең 
зерттеп, өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн. 
Студент озық ғылыми идеяларды және жаңашыл ғылыми тәжірибесін 
игеру үшін оларды өзінің ғылыми жүйесінің құрамдас бөлігі етеді, жетілдіріп 
дамытады. Оларға өзінің шығармашылық ойының элементін енгізеді. Озық 
идеяларды және ғылыми тәжірибені енгізу мен таратудың түсінікті 
формалары ауызша және баспасөз арқылы насихатталады. 
Тәжірибенің математикалық теориясын қолдану белгілі бір түрде 
жоспарлау кезінде-ақ тәжірибелік зерттеу көлемін жақсартуға және олардың 
дәлдігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Тәжірибені дайындаудың негізгі 
сатысы оның мақсатымен есебін анықтау болып табылады. Нақты бір 
тәжірибе үшін есеп көлемі өте көп болмауы қажет (3-4 немесе максимал 8-10). 
Сонымен қатар аппарат және машина, басқа да қондырғылар жинағын 
негіздеу қажет. Осыған байланысты экспериментатор елде шығарылатын 
өлшеуіш аппаратурасымен жақсы таныс болуы керек (жыл сайын шығатын 


70 
каталогтер көмегімен). Басқа жағдайларда қондырғы, стенд, тақырыпты 
өрістету үшін машиналар, құралдарды құру қажеттілігі туады. Бұл кезде 
құралдарды және басқа да құрал-жабдықтарды құрастыру мен өндіру 
теориялық есеппен және практикалық пайымдаумен мұқият негізделуі қажет. 
Өлшеу әдістері өлшеудің әдіс тәсілдерін зерттейтін метрология арнайы 
ғылымының заңдарына негізделуі керек. Бір үрдісті тәжірибелік зерттеу 
кезінде құралдағы қайталанатын есептер, ереже бойынша бірдей болмайды. 
Ауытқулар әртүрлі себептермен түсіндіріледі, зерттелетін дене қасиетінің 
біртексіздігі (материал, құрылысы және т.б.), құралдардың және оның 
кластарының дәлдігінің жетілмегендігі, экспериментатордың субъективті 
ерекшеліктері және т.б. Тәжірибеге әсер ететін кездейсоқ факторлар көп 
болған сайын, өлшеу кезінде алынатын сандардың айырмашылығы көп, яғни 
жеке өлшемдердің орташа мәнінен ауытқуы көп болады. Бұл қайта өлшеуді 
қажет етеді, сәйкесінше олардың минимал мөлшерін білу керек. Өлшеудің 
қажетті минимал мөлшері ретінде берілген тәжірибеде дәлдіктің берілген 
деңгейін қанағаттандыратын, өлшенетін шаманың орнықты орташа мәнін 
қамтамасыз ететін өлшем мөлшері алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет