З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет41/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   97
Байланысты:
академ жазба

7.1.5 Үдеріс эссесі 
Үдеріс эссесі көбінесе ғылым салаларындағы белгілі бір жайттың орын 
алуын түсіндіруге бағытталады. Автор эссені жазу барысында бір нәрсені 
қалай жасау керегін немесе оның қалай жүзеге асатынын сипаттауды мақсат 
етеді. Әдетте, үдеріс эссесінің талабы оқиғаны баяндағанда және өмірбаян 
жазылғанда қолданылады.
Үдеріс эссесін жазудың басты талабы – хронологиялық реттілікті 
сақтау. Мұндай эссе берілетін идеяның уақыт бойынша орын алуын сипаттап 
беруге, оқырманға түсінікті түрде жеткізуге мүмкіндік береді. 
Үдеріс эссесін сәтті жаза алу студенттің академиялық жазылым 
құзыреттілігін арттырып қана қоймай, өз мамандығы бойынша алдағы уақытта 
жетістікке жетуіне де септігін тигізеді. Үдеріс эссесін сәтті жазу үшін 
ескеретін жайттар: 
-
үдеріс барысында орын алатын құбылыстардың реттілігін білу. Орын 
алатын құбылыстарды реттілігіне қарай параграфтарға бөлу. Бұл үшін эссенің 
жазылу құрылымын жоспарлап алған дұрыс; 
-
үдерістің атауы мен уақыт реттілігін білдіретін тезис жазу; 
-
уақыт кезеңдері немесе хронологиялық реттілікті білдіру үшін сөздер 
мен сөз тіркестерін қолдану; 


79 
-
техникалық терминдер кездесетін болса, олардың анықтамасын 
қысқаша тоқталу; 
-
қажет болған жағдайда, үдеріс барысында туындайтын қауіптіліктер 
мен қауіпсіздік шаралары жөнінде баяндау; 
-
оқырманға үдеріс кезеңдері түсінікті болу үшін суреттер мен кестелер 
қосу. 
Үдеріс эссесі де кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. 
Мұндағы мақсат
қалай жүзеге асырылады/асырылды?
деген сұраққа
жауап беру болғандықтан, эсседегі әрбір бөлім осы сұраққа жауап іздеу үшін 
жазылады. 
Кіріспе.
Мұнда автор эссенің мақсатымен таныстырып, негізгі мәселені 
негізгі бөлімде жазу үшін қалдырады. Сондай-ақ бұл бөлімде үдеріс жөніндегі 
ақпаратты оқырманның неліктен білгені дұрыс екендігі және оның өмірлік 
маңыздылығы жөнінде қысқаша тоқталып кетеді. 
Негізгі бөлім.
Бұл бөлімдегі параграфтар саны үдерістің кезеңдеріне 
тікелей байланысты. Параграфтарда кезеңдердің сипатталуы тым ұзақ және 
түсініксіз болмауын есте сақтаған жөн. Бөлімдегі параграфтар эссенің 
жоспарына сай ретімен беріліп, тек бір параграфта бір кезеңнен артық 
баяндамауға тырысу керек. Сондай-ақ кезеңдер барысында оқырман үшін 
қажет болатын құралдар мен кездесетін қиыншылықтарды қоса сипаттауды 
ұмытпаған жөн. 
Қорытынды.
Әдеттегідей қорытынды бөлім өзге бөлімдерге қарағанда 
шағын болып келеді. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты – эсседе баяндалған үдеріс 
жөніндегі ақпараттың маңыздылығын таныту. 
Үдеріс эссесінің тілі жазу барысында аса күрделілікті талап етпейді. 
Эссені жазу барысында алдын ала құрылған жоспар негізінде кезеңдерді 
дұрыс сипаттай білу сәтті жазба жұмысының негізгі құпиясының бірі болып 
саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет