З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым


 Ғылыми-зерттеу жұмысының дайындық кезеңі



Pdf көрінісі
бет55/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   97
Байланысты:
академ жазба

9 Ғылыми-зерттеу жұмысының дайындық кезеңі 
 
9.1 Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау
Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы белгілі бір ғылыми бағытқа 
немесе ғылыми мәселеге қатысты болады. Ғылыми бағытқа сол зерттеу 
жұмысы жүргізілетін ғылым, ғылым кешені немесе ғылыми мәселелер 
жатады.
Ғылыми мәселе (проблема)
– бұл күрделі теориялық және (немесе) 
практикалық 
міндеттердің 
жиынтығы; 
ғылыми-зерттеу 
жұмысы 
тақырыптарының жиынтығы.
Ғылыми тақырып 
– бұл күрделі, шешуді талап ететін міндет. 
Тақырыптар теориялық, практикалық және аралас болуы мүмкін. Теориялық 
тақырыптар әдеби көздерді қолдану арқылы әзірленеді.
Жұмыстың тақырыбын дұрыс таңдау оның табысты орындалуын 
қамтамасыз етеді деп саналады. Курстық және бітіру біліктілік 
жұмыстарының (дипломдық жобалар, магистрлік және докторлық 
диссертациялар) тақырыптары кафедра мәжілісінде бекітіледі. Тақырып оқу 
пәндері курстарының бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес болуы 
тиіс. Оны құрастыру кафедрада орындалатын ғылыми бағыттарға негізделеді. 
Студенттерді білікті ғылыми жетекшілермен қамтамасыз ету кафедраның 
құзіреттілігіне 
жатады. 
Тақырыптардың 
өзектілігіне, 
жаңалығына, 
практикалық және теориялық маңыздылығына қол жеткізу қажет. 
Студенттерге бітіру біліктілік жұмыстарының тақырыптары соңғы оқу 
жылының басында, яғни қорытынды аттестаттау басталғанға дейін кемінде 
жарты жыл бұрын берілуі тиіс. Студенттерге тақырыпты таңдау құқығы өз 
құзіреттеріне де беріледі. Тақырыпты таңдау кезінде: оның өзектілігін, 
жаңалығын, теориялық және практикалық маңыздылығын, ЖОО-ны 
бітіргеннен кейінгі жұмыс профиліне сәйкестігін, әдебиет пен практикалық 
материалдардың бар-жоғын, студенттің тақырып бойынша курстық жұмыстар 
мен ғылыми баяндамалар түріндегі жұмыстарын, сондай-ақ студенттің 
таңдалған тақырыпқа қызығушылығын, қажетті зерттеулер жүргізудің 
субъективті мүмкіндіктерін ескеру ұсынылады. Тақырыпты таңдау 
оқытушылар мен профессорлардың кеңес беруін және таңдаған бағыты 
бойынша әдебиетпен танысуды, техника саласында белгілі ережелер мен 
қорытындыларды жаңа көзқараспен қайта қарауды талап етеді. 
Студент жұмыс тақырыбын таңдап, болжанған ғылыми жетекшімен 
кездесіп, оның орындалуына басшылық жасауға келісім алуы қажет. Сондай-
ақ, таңдалған тақырыбы мен ғылыми жетекшісінің аты-жөні оқу орны 
ректорының бұйрығымен бекітіледі. Жұмыстың жекелеген бөліктері бойынша, 
мысалы, онда технологияның әртүрлі салаларына қатысты пәнаралық 
мәселелер қаралатын болса, дипломдық жобаны қорғаушы студентке ғылыми 
кеңесшілер тағайындалуы мүмкін. Ғылыми кеңесшілер (консультанттар) 
ретінде, әдетте, ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы бар профессорлар мен 


107 
оқытушылар, ал жекелеген жағдайларда өнеркәсіптік кәсіпорындардың 
тәжірибелі жоғары білікті мамандары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының 
қызметкерлері тағайындалады. 
Ғылыми жетекші: 
-
студентке дипломдық жобаны орындауға тапсырма береді; 
-
студентке жұмыс жоспарын құруға көмектеседі; 
-
негізгі әдебиетті, анықтамалық және басқа материалдарды ұсынады; 
-
практика материалдарын зерттеу, жинақтау, саралау және талдау 
әдістерін таңдауға, жұмысты ресімдеуге қатысты кеңес береді; 
-
тапсырманың орындалуын бақылайды; 
-
орындалған жұмысты тексереді, оған пікір береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет