З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет75/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   97
Байланысты:
академ жазба

 
-
жұмыстың мақсаты;
 
-
жұмыстың негізгі алғышарттары (қандай да бастапқы деректер
ақпарат көздері, табылған патенттер, кәсіпорынның регламенті және т.б.); 
-
осы жобаға ерекше еңбек қорғау және экология мәселелері; 
-
қорытынды. 
 Тапсырмалар 
1-тапсырма. Дипломдық жобаның қорытындысында көрсетілуі керек 
негізгі ойларды тізімдеңіз. 
2-тапсырма. Өз тарапыңыздан баяндама жасайтын студентке қандай 
кеңестер берер едіңіз.
3-тапсырма. Дипломдық жобаны қорғау алдындағы сөзіңіз ретінде 3-4 
бет көлемінде баяндама дайындаңыз. 
4-тапсырма. Дипломдық жоба тақырыбының бір тарауы бойынша 15-20 
бет көлемінде реферат әзірлеңіз.
 
5-тапсырма. 
https://www.youtube.com/watch?v=NrdGuKexun8 
сілтемесі 
бойынша 
Гүлшат Түсіпованың «Диссертацияның әдебиетке шолу бөлімін 
жазу» тақырыбындағы вебинарын тыңдап, талқылаңыздар. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Ғылыми жарияланым бойынша реферат жазудың басты ережелерін 
атаңыз. 
2.
Реферат, баяндама, дипломдық жоба жазудың мақсаттарын атаңыз. 
Айырмашылықтарын түсіндіріңіз. 
3.
Рефераттың қандай түрлері бар? 
4.
Курстық жұмыс пен дипломдық жобаның ұқсастықтары мен өзіндік 
ерекшеліктерін атаңыз. 
5.
Дипломдық жоба қандай жағдайларда қорғауға жіберілмейді? 


151 
 Біліміңізді тексеріңіз! 
1. Қандай да бір бағытта жазылған дереккөздерге шолу жасай отырып, 
белгілі бір тақырыпқа арналған шағын жазбаша жұмыс қалай аталатынын 
белгілеңіз. 
а) реферат 
b) 
дипломдық жоба 
с) монография 
d) магистрлік диссертация 
е) курстық жұмыс 
2. Рефераттың түрлерін көрсетіңіз. 
а) жақты, жақсыз 
b) қайтарымды, қайтарымсыз 
с) өнімді, өнімсіз
d) тура, жанама 
е) келісу, келіспеу 
3. Өнімсіз реферат нешеге бөлінеді? 
а) 6 
b) 3 
с) 4 
d) 5 
е) 2 
4. Өнімді рефераттың түрлері қандай? 
а) реферат-баяндама, реферат-шолу 
b) реферат-конспект, реферат-түйіндеме 
с) реферат-тезис, реферат-аңдатпа 
d) реферат мазмұны, реферат мақсаты 
е) реферат құрылымы, реферат стилі 
5. Өзекті тақырыптарда немесе тәжірибелік зерттеу жұмыстарының 
нәтижесі болып табылатын бітіру біліктілік жұмысы. 
а) монография
b) дипломдық жоба 
с) курстық жұмыс 
d) ғылыми баяндама 
е) ғылыми мақала 
6. Өнімсіз рефераттың түрлері қандай? 
а) реферат-конспект, реферат-түйіндеме
b) реферат-баяндама, реферат-шолу 


152 
с) реферат-тезис, реферат-аңдатпа 
d) реферат мазмұны, реферат мақсаты 
е) реферат құрылымы, реферат стилі 
7. Белгілі бір тақырыпқа ауызша хабарлама жазу қалай аталады? 
а) курстық жұмыс 
b) реферат 
с) дипломдық жоба 
d) магистрлік диссертация 
е) баяндама
8. Баяндаманың бірінші бөлімінде не жазылатындығын анықтаңыз. 
а) тақырыптың өзектілігі, теориялық және практикалық құндылығы 
b) негізгі ғылыми ережелер 
с) қорытындылар мен ұсыныстар 
d) бастан кешкен қызықты оқиға 
е) арманыңыз мен мақсатыңыздың жүзеге асуы үшін жасалған әрекет 
9. Баяндаманың екінші бөлімінде не жазылатындығын анықтаңыз. 
а) арманыңыз мен мақсатыңыздың жүзеге асуы үшін жасалған әрекет 
b) тақырыптың өзектілігі, теориялық және практикалық құндылығы 
с) қорытындылар мен ұсыныстар 
d) негізгі ғылыми ережелер
е) бастан кешкен қызықты оқиға 
10. Баяндаманың үшінші бөлімінде не жазылатындығын анықтаңыз. 
а) қорытындылар мен ұсыныстар 
b) тақырыптың өзектілігі, теориялық және практикалық құндылығы 
с) негізгі ғылыми ережелер 
d) бастан кешкен қызықты оқиға 
е) арманыңыз мен мақсатыңыздың жүзеге асуы үшін жасалған әрекет 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет