148
шығармашылық зерттеу жұмысы. Оны орындау нәтижесінде студент өзінің
біліктілігін арттырады. Атап айтқанда:
-
тақырып бойынша негізгі теориялық ережелер мен ғылыми
мәселелерді біледі;
-
күрделі технологиялық үрдістерді ғылыми талдау әдістерін меңгеру
деңгейін көрсетеді;
-
теориялық талдау және практикалық қорытынды жасау біліктілігін
көтереді;
-
практикалық тәжірибені оң немесе терістігін саралай алады;
-
зерттеу тақырыбы бойынша негізделген ұсыныстар мен ұсынымдарды
тұжырымдай алады.
Дипломдық жобаны орындау келесі кезеңдерден өтеді:
-
тақырыпты таңдау;
-
әдебиеттерді іздестіру және оқу;
-
жоспар құру;
-
зерттеу әдістерін анықтау;
-
кәсіпорындағы технологиялық үрдістерді зерттеу;
-
мәтінмен жұмыс істеу және безендіру жұмыстары.
Бұдан әрі қорғауға дайындық және жұмысты қорғау жүреді. Өз
құрылымы бойынша дипломдық жоба келесі элементтерден тұрады:
-
мұқаба (сыртқы беті);
-
титулдық парағы;
-
мазмұны;
-
кіріспе;
-
негізгі бөлім;
-
қорытынды;
-
пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
-
қосымшалар (қажет болған жағдайда).
Инженердің бітіру
біліктілік жұмысы графиктер, кестелер, сызбалар,
плакаттар, сұлбалар және жұмыстың мазмұнын бейнелейтін басқа да
материалдармен қоса берілген мәтін түрінде ресімделеді. Бітіру біліктілік
жұмысының оңтайлы көлемі 3,5-5 баспа парағы (компьютермен басылған 60-
80 бет, арасы 1 интервалмен басылған).
Дайын дипломдық жобаға оның
орындаушысы қол қояды және жоспар-кестемен белгіленген мерзімде ғылыми
жетекшіге тапсырылады. Оны оқығаннан кейін жетекшісі оған жазбаша түрде
пікір береді. Пікірде дипломдық жобаның оң және теріс жақтары көрсетіледі.
Содан кейін дипломдық жоба ғылыми жетекшінің пікірімен бірге кафедра
меңгерушісіне беріледі, ол студенттің қорғауға жіберілуі туралы мәселені
шешеді, титулдық параққа өз қолдарын қояды.
Дипломдық жоба мынадай жағдайларда:
-
жұмыс плагиат болған жағдайда;
-
жұмысты жазу барысында басқа да арнайы әдебиетті пайдаланбай, бір
монография немесе бір оқу құралы негізінде ғана орындалғанда;
149
-
жұмыстың барысында техникалық тәжірибе материалдары жоқ немесе
тәжірибелік материал оқулықтан,
оқу құралынан, монографиядан немесе
ғылыми мақаладан алынғанда;
-
жұмыстың мазмұны тақырыпқа сәйкес келмеген кезде немесе тақырып
толық ашылмағанда;
-
жұмыста көптеген қателер, грамматикалық қателер, дереккөздерге
сілтемелер және пайдаланылған әдебиеттер
тізімі дұрыс ресімделмеген
жағдайда
қорғауға жіберілмейді.
Кафедрада қорғауға ұсынылған дипломдық жоба рецензиялауға
жіберіледі. Рецензенттер ретінде басқа ЖОО кафедраларының профессорлары
мен оқытушылары, ғылыми-зерттеу мекемелерінің қызметкерлері, халық
шаруашылығы мен әртүрлі ұйымдардың жоғары
білікті мамандары болуы
мүмкін. Дипломдық жобаны ғылыми жетекші жұмыс істейтін кафедра
мүшесіне рецензиялауға бермейді. Себебі қызметтік қарым-қатынастардың
әсері дипломдық жобаның бағасына кері әсерін тигізуі мүмкін. Рецензент
дипломдық жобаға жазбаша сын-пікір жазады. Сын-пікірде дипломдық
жобаның келесідей көрсеткіштері бойынша
оң және теріс жақтары
көрсетіледі:
-
өзектілігі;
Достарыңызбен бөлісу: