Байғанин Нұрпейіс (1861-1945)—белгілі қазақ ақыны,
жыршысы. Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында туып-өскен.
Көптеген эпостық жырларды жаттап айтып, кейбіреуін өзінше
жырлаған («Қобыланды», «Құбығұл», «Төрехан» т.б.). Қазақ
әйелдерінің ауыр тағдырын суреттейтін «Ақкенже», «Нарғыз»
дастандарын шығарған. Ақынның Қазан төңкерісінен бұрынғы
сатиралық, арнау өлеңдері, Қазақбай ақынмен айтысы т.б. ел
аузында сақталғанмен, кезінде жазылып алынбаған.
Байтабынұлы Айса (1875-1955)—қазақ жырауы. Ақтөбе
облысы, Қобда ауданында туған. Айсаның әкесі Байтабын
өмір бойы Сейсенбі Тасбаев деген байдың жылқышысы болған.
Айсаның ақындық өнері 18 жастан басталады. Ол «домбыра-
шы, әнші жігіт» атанады, ауыл-үй арасында өткізілетін ойын-
412
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
сауықтарда өлеңді өз жанынан суырып салып айтатын бола ды.
Ақындық өнерді Бетеген, Нұрпейіс жыраулардан үйрен
ген.
Айса батырлық жырды көп білген, көп жырлаған. Оның
репертуарында «Қобыланды», «Ер Сайын», «Көрұғлы», «Әуез
батыр», «Телағыс» т.б. белгілі жырлар болған. Айсадан жазы-
лып алынған осы шығармалары Орталық Ғылыми кітапхана да
сақтаулы.
Достарыңызбен бөлісу: |