Диваев Әбубәкір Ахметжанұлы (1856-1932)—башқұрт
хал қынан шыққан аса көрнекті этнограф, фольклортанушы.
Ресей империясындағы белгілі оқу орны Орынбор Неплюев
кадет корпусының Азия бөлімін бітірген соң, 1876 жылдан
Түркістан өлкесіне әскери қызметке жіберіліп, бүкіл өмірін
Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген түркі, мұсылман
халықтары тарихы мен мәдениетін зерттеуге арнаған. Таш-
кент қаласында әскери-халықтық басқармада, Орта Азия
университетінде, қазақ ағартушылары құрған «Талап» ғылы-
ми-зерттеу қоғамында қызмет еткен. «Бекет батыр» жырын,
эпостық жырларды, ертегілер, балалар фольклоры, шешен дік
сөздер үлгілерін жинап, «Этнографиялық материалдар. Сырда-
рия облысы қазақтары» деген сериямен Ташкент, Қазан, Орын-
бор, Астрахан қалаларындағы мерзімдік баспасөзде, ғы
лы-
ми қоғамдардың басылымдарында жариялады. Қазақтардың
ежелгі наным-сенімдері, күнтізбесі, астрономия туралы халық
ұғымдарын, аңыз-әңгімелерін т.б. жинады.
Достарыңызбен бөлісу: |