лыс орталығы.
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
қосылған жерінен бастап Сырдария аталынып, Арал теңізіне
құяды.
Ташкент—қазіргі Өзбекстанның астанасы. Қазақ хандығы
дәуірінде Ташкент қазақ хандары үшін айрықша геосаяси
маңызы бар өңірлердің бірі болған. Тарихи деректер Ташкент-
тің Тәуекел және Есім хандар тұсында қазақ билеушілері-
нің ықпалында болғанын аңдатады. ХVІІІ ғасырдағы жоңғар
шапқыншылығы кезінде де Ташкент бірде басқыншылардың,
бірде қазақ халқының қолына өтіп тұрған. Ташкенттің
ХVІІІ ғасырда қазақтардың айтулы ордаларының бірі болға-
нын оның маңында Төле бидің және Әйтеке бидің бар екендігі
де айғақтайды.
Ферғана—Орта Азиядағы Ферғана аңғарында орналас қан
тарихи өлке. «Ферғана» тәжік тілінде (Иаргана) «Тау арасын-
дағы аңғар» деген ұғымды білдіреді. Ферғана—қола дәуіріне тән
ежелгі отырықшы-егіншілік мәдениеті дамыған аудандардың
бірі. Ферғана егіншілері б.з. басталар кезден мақта өсірумен ай-
налыса бастаған. Ферғана жөніндегі ең алғашқы мәлімет Қытай
елшісі Чжан Цяньнің (б.з.б. 128 ж.) жазбаларында келтірі-
леді. Қытайлар мұнда егіншілікпен айналысатын 60 мыңдай
отбасының (300 мыңдай адам), 70 елді мекеннің болғанын жаз-
ды. XIII-XIV ғасырларда Ферғана өңірі Хорезмшаһтарына,
Шыңғыс ханның екінші ұлы құрған Шағатай ұлысына, Әмір
Темірге бағынды. XIII ғасырдың соңында Ферғананың астана-
сы Әндіжан қаласына ауысты.
Хорезм—Әмударияның төменгі ағысында орналасқан та-
рихи өлке. Хорезм жөніндегі алғашқы деректер Дарий І-нің
Бехис тун сына жазуы мен Авестада кездеседі.
Шахрисабз—Өзбекстанның Қашқадария облысындағы қа-
ла.
410
410
ТОМҒА ЕНГЕН ФОЛЬКЛОРЛЫҚ
ҮЛГІЛЕРДІ ЖИНАУШЫ, АЙТУШЫ ҺӘМ
ЖАРИЯЛАУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
Достарыңызбен бөлісу: