Маңқыстау Тыныштықұлы—бұрынғы Бөкей ордасын-
да, қазіргі Атырау облысының Есбол ауылында туған шайыр.
Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Шамамен, ХІХ ға-
сырдың екінші жартысында дүниеге келген. Маңқыстау не гі-
зінен оқытушы қызметінде болып, медреселерде сабақ берген.
Бірнеше рет хажылық сапарға шығып, қасиетті Қағбаға тәуаб
еткен. Қажы әл-Хурмин деген құрметті атағы бар, елге қадірлі
әрі тақуа адам. Шайырдың осы қасиеттері оның діни дас-
тандарды жырлауына тікелей әсер еткен секілді. Маңқыстау
Тыныштықұлы өзі Қазанда бастырған «Ғазауат Сұлтан» (1908)
дастанын шәкірттеріне жаттатып, сол арқылы ол дастан өзге
өңірлерге де таралуы мүмкін.
414
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Достарыңызбен бөлісу: |