Зертханалық ЖӘне студиялық сабақтардың тақырыптары мен қЫСҚаша сипаттамалары



бет6/7
Дата16.03.2023
өлшемі30,2 Kb.
#74901
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
α = m2-m1/m1 * 100%

Мұндағы, m1 – полимердің ісінуге дейінгі массасы, г, m2 – полимердің ісінгеннен кейінгі массасы, г.


2 - т ә ж і р и б е: Желатиннің суда ісіну дәрежесін анықтау.


ЛГУ приборына шкаланың жоғары бөлігіне дейін дистилденген су құяды. Онан соң 2-3 г желатин өлшеп алып, приборға салады. Приборды тығындап 2 сағат бойы қалдырады. Уақыт өткен соң приборды сақтықпен вертикаль орналастырып, сіңірілген судың көлемін анықтайды. Онан соң желатиннің ісіну дәрежесін формула бойынша есептейді.

Ісіну дәрежесін мына формуламен көлем арқылы есептеуге болады:


α = V2-V1/V1 * 100%

Мұндағы, V1 – полимердің ісінуге дейінгі көлемі, см3, V2 – полимердің ісінгеннен кейінгі көлемі, см3.


3 - т ә ж і р и б е: Әр түрлі еріткіштерде каучуктың ісінуі.


7 стакан алып біріншісіне – 50 мл дистилденген су, екіншісіне – спирт, үшіншісіне – сірке қышқылы, төртіншісіне – ацетон, бесіншісіне – бензол, алтыншысына – толуол, жетіншісіне – ксилол құяды. Онан соң еріткіштердің әрқайсысына каучук тіліктерін батырып қояды. 30 минуттан соң тіліктерді алып, өзара салыстырады. Қандай еріткіштерде каучук ісінеді, қандай еріткіштерде каучук ісінбейтіндігін анықтайды. Еріткіш табиғатына байланысты каучуктың ісіну дәрежесі қалай өзгеретінін байқайды.
Ісіну дәрежесін мына формуламен есептейді:
α = m2-m1/m1 * 100%

Мұндағы, m1 – полимердің ісінуге дейінгі массасы, г, m2 – полимердің ісінгеннен кейінгі массасы, г.


7 Зертханалық жұмыс.
Көбік алу және оның тұрақтылығын зерттеу.
1 - т ә ж і р и б е: Көбік алу.
а) Көлемі 50 мл цилиндр алып, біріншісіне 10-15 мл дистилденген су құйып, шыны түтік арқылы ауа үрлейді. Не байқалады?
б) Көлемі 50 мл цилиндрдің екіншісіне 10-15 мл дистилденген су және 2 мл сабын ерітіндісін құйып, 15-20 сек қатты шайқап араластырады. Не байқалады? Түзілген көбікке 2-3 тамшы изоамил спиртін тамызса қандай өзгеріс болады?

2 - т ә ж і р и б е: Көбік көлемінің стабилизатор концентрациясына тәуелділігі және уақыт бойынша өзгеруі.


Көлемі 50 мл төрт цилиндр алып, біріншісіне 10-15 мл дистилденген су құйып, шыны түтік арқылы ауа үрлейді. Не байқалады?
б) Көлемі 50 мл цилиндрдің әрқайсысына 10 мл дистилденген с құйып, біріншісіне 2 мл, екіншісіне 1 мл, үшіншісіне 0,5 мл, ал төртіншісіне 0,25 мл сабын ерітіндісін құйып, 15-20 сек қатты шайқап араластырады. Араластырып болған соң секундомерді іске қосып, уақыт бойынша көбік көлемінің (V) кемуін анықтайды.
Алынған мәліметтерді төмендегі үлгіде жазып кесте толтырады.


Кесте 1.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет