Тірек-сызбамен жұмыс. Тірек-сызбаны пайдаланып, Тұрлаулы мүшелер қалай аталатынына және олардың сұрақтарына назар аударыңдар. Сұрақтарына қарап, тұрлаулы мүшенің әрқайсысының қандай қызмет атқаратынын айтуға бола ма?
Тұрлаулы мүше
Бастауыш
Баяндауыш
кім?
|
|
не істеді?
|
не?
|
|
не қылды?
|
кімдер?
|
|
қайтті?
|
нелер?
|
|
не?
|
кімі?
|
|
кім?
|
несі?
|
|
қандай?
|
нешеуі?
|
|
қанша?
|
қайсысы?
|
|
қайда?
|
Қарамен жазылған сөздерді тұрлаулы мүшенің қай түріне жатқызуға болады? Неге ол топқа жатқызғаныңды сызбаны пайдаланып, дәлелдеп, түсіндіріңдер. Тірек-сызбаны пайдаланып, тұрлаулы мүше туралы не айтуға болады?
Тірек-сызбаны пайдаланып, оқушылардың өздеріне тұрлаулы мүше туралы ой тұжырымдамасын жасату, ереже шығарту, оқулықтағы ережемен салыстыру, айырмашылығын тапқызу.
2. Операционалдық-орындаушылық кезең.
Оқулықпен жұмыс.
11-жаттығу. Мақалдарды жатқа жаз.
1. Әкеге қарап ұл өседі,
Шешеге қарап қыз өседі.
2. Жаман жолдас жолда қалдырады.
Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
12-жаттығу. Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.
Анасы жұмысқа кетті Дариға үйде қалды ол үй тазалады жұмыстан оралған анасы қызына риза болды.
Тұрлаулы мүшелердің астын сыз.
13-жаттығу. Өлеңді түсініп оқы.
Қараша
Күн суытып барады,
Малдар қолға қарады.
Күзекте отыр қойлы ауыл,
От жағатын болды ауыл.
Қараша – ауыл, қаламыз,
Қысқа дайын боламыз.
(Ғ.Өкеев)
Өлеңнен тұрлаулы мүшелерді тауып жаз.
3. Рефлексиялық-бағалау кезеңі.
Шығармашылық диктант. Көп нүктенің орнына тиісті тұрлаулы мүшені қою арқылы сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Жолаушылар … . 2. … сауылды. 3. Күз … . 4. … тегістелді. 5. Тапсырма … .
К е р е к т і с ө з д е р : сиыр, аттанды, жер, орындалды, түсті.
Өз бетінше жұмыс. «Тұрлаулы мүшелердің сұраулары» лото ойыны. Ойынның шарты: Тақтаға «Тұрлаулы мүшелердің сұраулары» деген кесте ілінеді.
Кестедегі клеткаға сәйкес карточкаларға тұрлаулы мүшелердің сұраулары жазылады. (Барлығы - 23 сұрақ, оның 13-і бастауыштыкі, 10-ы баяндауыштыкі).
Ойын бастаушы карточкаларды түгел жинап алады да, әбден араластырып иелеріне қайтарады. Жұмысты орындап шығу мерзімін белгілейді. Сол белгіленген мерзімде карточкалардағы сұрауларды кестеге түгел және дұрыс орналастырып үлгерген балалар жеңімпаз атанады.
Сабақтың басында үлестірілген «өзін-өзі бағалау» парағы бойынша оқушылар (өз білімдерін әрбір берілген тапсырмаға ұпай қою арқылы) өзін-өзі бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |