Үйге тапсырма. 14–жаттығу. Сөйлемнен тұрлаулы мүшелерді теріп жаз.
Ауылдың шығыс жағында үлкен көл бар. Оны Ащыкөл деп атайды. Балалар көл жағасына серуенге шықты. Көлдің жағасына гүл көп өсіпті. Балалар гүл терді.
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: Сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрнекілік, сұрақ-жауап, индукция, дедукция, талдау, жинақтау, топтау, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: жеке суреттер, тірек–сызба, ойын құралдары.
Сабақтың барысы:
1. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.
Қызығушылықты ояту.
– Балалар, бүгін Жай сөйлем ауылына саяхатқа шығамыз. Жай сөйлемнің Жалаң және Жайылма деген екі баласы болыпты. Жалаңның Бастауыш деген ұлы Тұрлаулы мүше көшесінің бас жағында тұрса, Баяндауыш деген ұлы аяқ жағына қоныс теуіпті. Тұрлаусыз мүше екі көшенің бойына шашырап орналасыпты.
Тірек-сызбамен жұмыс. Тірек-сызбаны пайдаланып, сөйлемнің жалаң және жайылма түрлеріне нелер жататынына назар аударыңдар. Құрамына қарап, жалаң және жайылма түрлері туралы не айтуға бола ма? Болса, жалаң және жайылма түрлері туралы ой тұжырымдамасын шығарыңдар.
Сөйлем
Жайылма сөйлем
Жалаң сөйлем
бастауыш
баяндауыш
баяндауыш
бастауыш
толықтауыш
пысықтауыш
анықтауыш
Тұрлаулы мүшелер
Тұрлаусыз мүшелер
Достарыңызбен бөлісу: |