Зерттеу жұмысының өзектілігі



бет16/27
Дата07.01.2022
өлшемі180,63 Kb.
#19779
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Модельдеу – талдау, модельдермен жұмыс, модельдер негізінде алынған нәтижелердің ақиқатқа жақындығын анықтау секілді әрекеттерден тұратын күрделі үдеріс. Талдау жасау-модельдеудегі алғашқы саты. Талдау барысында модельдердің жалпылық, жекелік қырлары танылады. Соның негізінде барып модель қалыптасады. Модельдермен жұмыс жасау барысында модельдердің түрленуі мен өзгермелілігін талдау мақсат етіледі. Мұндағы басты талап – модельдің өзгеруі мен түрленуі барысында оның ортақ негізі анықталуы керек. Синтаксис материалдарын оқытқанда осы мақсат көзделеді. Қандай да бір ұғымның моделін графика, яғни кесте, сан арқылы, тіпті сөзбен де жинақтап көрсетуге болады. Мұның бәрі сайып келгенде оқушының ізденімдік, зерттеу әрекетін сапалы ұйымдастыруға негіз болады[56].

Барлық таным әдістері жүйелене келе, оқушыға синтаксис туралы теориялық білім қалыптастыруға қызмет етеді. БМҚТСДОӘ-нің таным теориясын негіз етіп алуында өз сапасының танымдық деңгейі мен теориялық дәрежесі биік болуын көздеген мақсат жатыр. Таным теориясының синтаксисті оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауы мен ауызекі, жазбаша сөйлеу тілін дамытуға беретін нәрі, әрине , бұл айтылғандармен бітпейді.

Ғалым Н.Құрманова сөз тіркесін дамыта оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауы мен тілін дамыту әдістемесіндегі жүйеленген әдістерді былайша жіктейді:

1. Грамматикалық талдау бойынша (жүйелік талдау, валенттілік талдау, оппозициялық талдау, синтагмалық талдау, компоненттік талдау, трасформациялық талдау, транспозициялау, контаминациялық құбылысты талдау, комплекстік талдау);

2. Модельдеуді меңгерту (сөз тіркесінің позициялық моделін жасау, сөз тіркесінің қатынастық моделін жасау);

3. Логикалық ойлауды дамыту бойынша (анализ бен синтез әдісі, индукция мен дедукция, салыстыру әдісі, тектік-түрлік қатынастар, ұғым қалыптастыру әдістері, ұғымның мазмұны мен бөлінуі т.б. қасиеттерін сөз тіркесімен байланыстыра қалыптастыру әдістері, топтастырылған ұғым қалыптастыруға дағдыландыру әдістері, байымдауды қалыптастыру әдістері, сөз тіркесінің заңдылықтарын ой қорыту түрінде қалыптастыруға дағдыландыру әдістері, форма мен мазмұн туралы ұғым қалыптастыру әдістері);

4. Танымдық белсенділігін дамытуға арналған әдістер (лингвистикалық есептер шығару әдістері, лингвистикалық эксперимент, графикалық модельдеу, тілдік модельдеу, компьютермен жұмыс, тілдік шешімге келуге баулу әдістері);

5. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар жүйесін орындау әдістері (тіл дамыту әдістері, тіл ұстарту әдістері, қатысымдық-функционалдық әдістер, сөз тіркесінің синонимиясын талдау, ситуациялық тапсырмаларды шешу әдістері, грамматикалық автоматизмді қалыптастырудағы ғылыми тақырып бойынша пікірталас жүргізу әдістері, тілдік сезім мен тілдік шешімге келуге баулу әдістері, оқушылардың даму деңгейлерін және теориялық тапсырмаларды орындау дәрежелерін ескеру) [57].

Бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін дамыта оқыту барысында дидактикалық және әдістемелік әдіс-тәсілдер жүйесі қолданылады. Соның ішінде әсіресе анализ бен синтез әдісі, жалқылау және жалпылау әдістері, бақылау және салыстыру әдістері, модельдеу әдістері бастауыш сыныпта синтаксисті дамыта оқытуда тиімді қалданыс табады. Осындай әдістер жүйесін оқу үрдісінде қолдану негізінде бастауыш сынып оқушылары қазақ тілінің синтаксис саласы бойынша білім мазмұнын меңгеру деңгейі, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік береді .



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет