Зерттеу тақырыбы бойынша жүргізілген сабақ жоспарларының үлгісі
Сабақтың тақырыбы: Тұрлаулы мүшелер
Сабақтың мақсаты: Тұрлаулы мүшелер туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрнекілік, сұрақ-жауап, индукция, дедукция, талдау, жинақтау, топтау, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: жеке суреттер, тірек–сызба, ойын құралдары.
Сабақтың барысы:
1. Мотивациялық-бағдарлау кезеңі.
Қызығушылықты ояту.
Адамның есімі белгілі бір мағынаны білдіреді. Жақсылығы көп болсын деп «Жақсылық», ақылды, дана болсын деп «Дана» қояды. Қане, Бастауыш, Баяндауыш сөздерінің мәніне көз жібертейікші.
Бастауыш сөйлемнің бастауы дегенді білдіреді. Ендеше сөйлем бастауыш арқылы басталады. Баяндауыш бастауыштың қимылын, ісін баяндайды.
Балалар, өткен сабақтарда біз сөз еткен Жалаң және Жайылма сөйлемнің Бастауыш, Баяндауыш деген ұлдары қай көшенің бойында тұратын еді ?
Тұрлаулы көше бойында тұрады.
Тапсырма. Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олар сөйлемнің қандай мүшесі екенін айт.
Мектепте асхана бар. Аспазшы тамақты дәмді пісіреді. Балалар үзілісте асханаға келді.
Достарыңызбен бөлісу: |