Эмоцияны реттеудің әдістері мен механизмдері: эмоцияларды қайта қарастыру және эмоцияларды басу.
Эмоциялық интеллект анықтамасы.
Эмоциялық интеллект диагностикасы және дамуы.
Эмоция анықтамасы
Эмоция – бұл адамның қажеттіліктерінің өтелу немесе өтелмеуіне байланысты туындайтын психикалық күй. Эмоция – адамның айналасындағы заттар мен құбылыстарға жағымды, жағымсыз қатынастың сәулеленуі.
Сыртқы дүниенің әсері адамның миында бейнеленіп қоймай, оған толғанып тебіреніп, өзінің қатынасын білдіреді.
Эмоция – бұл қозғалыс! Эмоция – бұл даму мен табыстың қайнар көзі! Эмоция – бұл өзіңді танудың, басқаларды түсінудің кілті! Эмоция – бұл мотивтер мен қажеттілікті түсіну тәсілі!
Реттеушілік
Ынталандырушылық
Қорғаныс қызметі
Экспрессивтік
Сигналдық және бағалау қызметі
Дезорганизациялық
Эмоцияның реттеуші рөлі – адамды қоршаған шындықты және қандай да бір оқиғаға қатынасын бейнелеуден басқа, адамның мінез-құлқын басқаруда, реттеуде эмоция маңызды рөл атқарады.
Эмоцияның қорғаныс қызметі – адамға төнген шынайы немесе жалған қауіп туралы ақпарат береді. Бұл қызметі қорқыныштың туындауымен тығыз байланысты.