Қандай істер жарқын көңіл сыйлайтынын, ал керісінше қай істер негатив сыйлайтынын таразылап алған соң, ашу мен қайғыға төтеп беру оңайға түспек;
Сіздің ашуыңызды тудыратын себептерді анықтап, олардан аулақ болыңыз;
Есіңізде болсын, эмоцияны елемей қою – оның жоқтығын білдірмейді;
Жақсы мен жаманды айырып, оларды арнайы күнделікке жазып отырудың да пайдасы бар. Мұны кешке және түнгі уақытта жазу керек;
Абыржымаңыз, сабырлы болыңыз;
Негативтілікті тудыратын жәйттарға қаншалықты төтеп бере алатыныңызды ойлаңыз, жаттығыңыз;
Қандай да бір жағдайды бес жыл өткен соң қалай бағалайтыныңыз жөнінде ойлаңыз;
Сұрақтар
Эмоцияны реттеудің негізгі тәсілдерін атаңыз.
Қиын жағдайлардан шығуға қатысты өз тәжірибеңізбен бөлісіңіз.
Эмоциялық интеллект
Интеллект коэффициенті IQ — адамның интеллект дәрежесінің сандық бағасы (ақыл-ой дамуының коэффициенті).
EQ- эмоциялық дамудың сапалық коэффициенті, өмір бойы даму үстінде болады.
Эмоциялық интеллект
Эмоциялық интеллект – адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.
Эмоциялық интеллект идеясы Эдуард Торндайк, Джой Гилфорд, Ганс Айзенк сынды авторлар зерттеуге алған «әлеуметтік интеллект» ұғымынан шыққан.
1990 жылы Питер Салоуей «эмоциялық интеллект» ұғымын алғаш анықтап, оны «эмоцияда көрінетін тұлға көріністерін қабылдау және түсіну, интеллектуалды үрдістер негізінде эмоцияны басқару» деп тұжырымдайды.
Эмоциялық интеллект төрт бөлімнен тұрады:
1) өзінің және басқа адамның эмоциясын қабылдау немесе сезіну қабілеті;
2) өз эмоциясын ақыл-ойға бағыттау;
3) эмоция көріністерін түсіну қабілеті;
4) эмоцияны басқара білу.