Эмоцияның бағалау рөлі – оқиғаға адамның түрлі әсерінің болу мүмкіндігін білдіреді.
Эмоцияның сигналдық қызметі – сыртқы көрініс арқылы адамның басқа адамға жай күйін хабарлауы. Академик П.К. Анохин адам мен жануарлардың мінез-құлқын бекітуде эмоцияларды маңызды деп көрсетеді.
Гарвард университет ғалымдары 75 жыл бойы 724 ер адамдарды зерттеу барысында денсаулық және бақыт деңгейі адамдармен жақсы қатынас құруына байланысты болатынын дәлелдеген.
Адамның басына қиын жағдай туындағанда, ол негативті қабылдауға бейім келеді, егер адам басқа біреулерге қамқорлық көрсетсе, оның рухани жағдайы жақсарады. Сондықтан отбасындағы махаббат бақыт гармондарын (эндорфин) жиі бөледі де стресс гормондарының бөлінуін шектейді. Негативті ойлар позитивті ойлармен алмасады.
Жағымды және жағымсыз эмоциялар
Адамның өз эмоциясын реттей алмау, стресске, аффектіге әкеп соғады, кәсіби іс-әрекеттерінде жетістікке жете алмайды, отбасында, жұмыста тұлға аралық қарым-қатынас бұзылады, алдына қойған мақсаттарына жетуге кедергі жасайды, денсаулығы бұзылады.
Адамның ар-ожданымен байланысты жаман қылықтар стресс гармондарын бөледі, бұл – иммунитетті төмендетеді, көңіл-күйді бұзады. Рухани тұрғыда жақсылықтар жасайтын болсақ, бақыт гармондары бөлінеді, ағза нығаяды, көңіл-күй көтеріледі, өмірдің барлық сферасында қанағаттанушылық көрініс табады.