Эмоционалды жағдай тренингі



бет6/9
Дата29.03.2023
өлшемі115,22 Kb.
#77212
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 лекция

Аффектілер еріктің әлсіреген жағдайында пайда болады, өзін-өзі ұстай алмаудың және өзін - өзі басқара алмаудың көрсеткіші болып табылады. Әрбір адам саналы құбылыс ретінде өзінің жеке басында кездесетін аффектіні алдын ала болдырмауға, оны алғаш кезінде басып отыруға әрекеттенуі керек. Тіпті аффектінің ең күшті сәттерінде адам өзін-өзі басқара білуі қажет. Ол үшін ерікті күшейтіп, төмендегідей ерік-жігер сапалары өзін-өзі меңгере білуді, табандылықты қажет етеді. Бұл сапалар тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу арқылы іске асады. Мысалы, Л.Н. Толстойдың "Соғыс және бейбітшілік" романының басты кейіпкерлерінің бірі Наташа Ростоваға ұрыс даласында Андрей Балконскийді қайтыс болды деп кенеттен хабарлағанда, Наташа Ростова ес-түсін білмей, құлап қалады. Аффекті адамды тез арада билеп кететін көңіл-күй жағдайы. Мысалы, сондай сезімдерге ашу сезімі жатады. Халқымыз: "Ашу - дұшпан, ақыл - дос, ақылыңа — ақыл қос", "Ашу — дұшпан жағына шығып кетпе, ақыл-досыңды қолда", "қит етсе қызарақтап, қызыл кеңірдектікке салынған көпке жеккөрінішті көрінеді". Соңдықтан "Бүгінгі ашуынды ертеңге қалдыр" дейді халық нақылы.

Аффектілердің жүйке жүйесі ауру адамдарда байқалатын патологиялық түрі болады. Бұл жерде аффектілік жағдайдың алдын алу үшін оған сәйкес емдету қажет.

Құмарлық

Құмарлық

Құмарлық мерзімді және тұрақты эмоциялық жағдай болып табылады. Бірақ, көңіл-күйден айырмашылығы, құмарлық күшті эмоциялық жағдай. Мысалы, адамдарда байқалатын білімге, жаңалық ашуға, музыкаға, еңбекке құмарлықты айтуға болады. Бұл жағымды құмарлықтың үлгілері. Жағымды құмарлықтар адамды үлкен, жасампаздық іс-әрекетке итермелейтін күш болып табылады.

Жастарға арналған өзінің белгілі хатында И.П. Павлов ғылыми-зерттеу жұмысында құмарлықтың ерекше рөл атқаратындығын атап көрсетті: "ғылым адамнан үлкен қиындықты және ұлы құмарлықты талап етеді. Өз жұмысыңыз бен ізденістеріңізге құмар болыңыздар".

Ұлы Абай қазақ арасындағы берекесіздіктің және баска кемшіліктердің түп тамыры надандығыңда, оқымағандығында деп түсінеді де, халқының, көңіл-күйін, яғни, сана сезімін жетілдіру үшін қазақ жастарын оқуға, білім алуға шақырады. Ол:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет