Эмоционалды жағдай тренингі



бет8/9
Дата29.03.2023
өлшемі115,22 Kb.
#77212
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
2 лекция

Осындай ахуалдар адамзат қызметінің әртүрлі түрлерінде: еңбек, оқу, ойын, спорт, адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас тәжірибесінде, әртүрлі дау-дамай ахуалдарда кездеседі. Стресстік жағдайлар өте жиі және ұзақ мерзімді болғанда, адамның тек ғана психологиялық жағдайына жағымсыз әсер етіп қоймайды, сонымен қатар денсаулығына да әсер етеді. Стресстік жағдайлар қан тамырлары және ішек-қарын ауруларының пайда болуы мен асқынуының негізгі факторлары болып табылады.

Психологиялық тренинг туралы түсінік

Психологиялық коррекциялық қызметтің ең негізгі түрі-тренинг. Тренинг адамның тұлғалық өсуі, өзіне сенімділігін, ішкі қобалжуларынан арылу бағытында жүргізіледі. Тренер клиентпен, жоғары нәтижеге жетуі үшін, олардың ішкі мазаландырушылықтарын жойып, зейіндерін шоғырландырып, өзін жайлы сезінуіне толық жағдай туғызуы, таласты мәселенің жеткілікті түрде талданып, тиісті шешімдердің қабылдауына кәсіби тұрғыдан үлкен шеберлік таныта білуі қажет. Тренингке қатысушы өзін мазалаған мәселесі бойынша толыққанды мәлімет немесе ақпарат алуы, сол арқылы өз әрекетін сыни тұрғыдан бағалай алу дағдысына жеткен жағдайда ғана тренер жұмысынң мақсаты жүзеге асты деп есептелінеді. Тренинг адам бойында қалыптасқан мінез-құлық пен іс-әрекеттерді басқару модельдерін қайтадан қалыптастыру тәсілі ретінде қолданылады.

Тренинг кезінде қатысушылар келесідей ережелерді ұстануы керек:

  • Шынайылық, ашықтық, ақиқат болуы;
  • «Мен коммуникация»;
  • Позитивті жағдайға шоғырлану;
  • Белсенді қатысу;
  • Құпиялылық;
  • Өзара қатысу және өзара көмек көрсетуге даярлығы.
  • Тренингтің негізгі қағидалары:

  • Еріктік;
  • Белсенділік;
  • Қазіргі кезде болған жағдайға шоғырлану;
  • Ашықтық;
  • Айтылған пікірдің нақтылығы, персонофикациясы;
  • Өзіне бағдарлану, айналаны бағалау өзінен басталады;
  • Құпиялылығы.

Эмоциялық жағдайлар тренинг


Тренинг тақырыбы

мақсаты

Паровозик

Стреске төзімділікті бекіту

Электр тоғы жаттығуы

Стресс кезіндегі сенімді мінез-құлықты қалыптастыру

Менің бразиялық апам ойыны

Стресс кезіндегі сенімді мінез-құлықты қалыптастыру

Топтық таныстыру

Қобалжу мен стресстен арылу.

Эмоция және сезім

Оқушыларға эмоция мен сезім адамның айналадағы өмір шындығына тигізер әсері туралы түсінік беру және эмоция мен сезімдерді қалай басқаруға болатындығын үйрету.

Менің эмоцияларым

Өз эмоцияларын орындап, дәл жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.

Өз эмоцияларыңды қалай басқаруға болады?

Жағымсыз эмоциялардан арылу жолдарын көресетеді



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет