Қарқындылығы жоғары емес, біршама ұзақ уақытқа созылатын өтіп жатқан психикалық процестерге психикалық фон қалыптастыратын эмоциялық процесс.
Эмоционалды тон бойынша – бірқалыпты (эйтимикалық); төмен (гипотимикалық) және жоғары (гипертимикалық) болып бөлінеді.
Нақты бастан кешіріліп жатқан күй – іш пысу, мазасыздық, қорқыныш, қуаныш, т.с.с
Эмоция туралы мифтер
1. эмоцияны қадағалап отыруымыз керек.
Тікелей эмоцияны қадағалау мүмкін емес, оны көрсету/көрсетпеуді қадағалауға және эмоцияны тудыратын жағдайды қадағалауға болады.«Қорықпа», «Жылама» деген сөзден эмоция жоқ болып кетпейді.
2. жағымсыз эмоциялардан құтылу керек.
Құтылу мүмкін емес, оны тек басып жаншимыз, мойындамаймыз. Кейде тіпті, өзгелерді де өзіміз де сеніп қаламыз. Бұл эмоцияларды меңгеруді қиындатады. «Жағымсыз» эмоциялардың өзі маңызды функция атқарады.
3. Егер бір адам эмоцияға қатты берілсе, оны тыныштандыру керек.
Адамның қажеттіліктерін ескермей, тыныштандыруға тырыссақ, ол көмек емес, керісінше зорлықпен тең. Шынайы көмек, оны тыңдап, қажетіне жетуге көмектесу.
4. «Олар мені ренжітті (ашуландырды)», бұл миф бойынша басқа адамдар эмоциялар мен сезімдерді басқара алады. Адамөз сезімдері үшін жауапкершілікті өз қолына алу керек.
Балаға эмоциялары мен сезімдерін көрсетуге тиым салса не болады?
Эмоция ешқайда кетпейді, бала оны жасырып үйренеді.
«Мен дұрыс емеспін» деген түсінік қалыптасады, өзіндік бағалау түседі, ұят және кінәлілік сезімі пайда болады.
Ата-анамен байланыс бұзылады.
Бала өз мәселелерімен жалғыз қалады, ата-ана тарапынан ашуын, қорқынышын, көз жасын жеңуде көмек күтпейді.
Өз эмоцияларын еңсеріп үйренбейді. Оның орнына оларды байқамауды, басып-жаншуды үйренеді.
Ата-ана немесе ересек адам баланың эмоцияларын байқап, оны атауы керек;
Ата-ана немесе ересек адам баланың эмоцияларын байқап, оны атауы керек;
оған тиым салмай, оны қалай еңсеруді үйрету керек.