Эмоция (фр.emotion, лат.enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция (фр.emotion, лат.enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.
Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Психологияда, эмоция – тіршілікті сақтап қалу үшін қажетті маңызды құрал. Әрбір эмоцияның биологиялық функциясы бар, ол бір нәрсе үшін қажет.
Біз тек оны дұрыс пайдалана алмаймыз, себебі олар өте ауыр болуы мүмкін. Сондықтан біз сезімдеріміз бен эмоцияларымыздан қашамыз, басуға тырысамыз, ұмытуға, мән бермеуге тырысамыз. Онан не шығады – ауырлық ешқайда кетпейді, жанымызды жаралап, өмірімізді улай береді.
Олай болмас үшін, эмоцияларымызды жасырып емес, адекватты көрсетіп үйренуіміз керек.
Эмоция — адамның әр түрлі жағдайларға және объектілерге субъективті бағалаушылық қатынасын білдіретін психикалық процес не күй.
Эмоция — адамның әр түрлі жағдайларға және объектілерге субъективті бағалаушылық қатынасын білдіретін психикалық процес не күй.