Қызығушылық жаңа психикалық немесе тәндік тәжірибе алуға көмектесетін эмоция (кітап оқу, велосипед тебу, бір затты ұстап көру, дәмін көру)
Азап шегу – маңызды қажеттіліктер қанағаттандыру мүмкін емес жағдайларда туындайтын жағымсыз эмоционалды күй.
Ашу – маңызды қажеттілікті қанағаттандыру кезінде кенеттен кедергі туандаса пайда болатын жағымсыз эмоциялық күй.
Жиіркеніш – субъектінің адамгершілік немесе эстетикалық ұстанымдарына қайшы келетін объектілермен (заттар, адамдар, жағдайлар) кездескенде туындайтын жағымсыз эмоционалды күй.
Менсінбеу, жек көру (презрение) – тұлға аралық қарым-қатынас кезінде өзінің өмірлік позицияларына, көзқарастарына, мінез-құлқына сәйкес келмейтін адамға бағытталған жағымсыз эмоциялық күй.
Қорқыныш - шынайы немесе ойдан шығарылған қауіп туралы ақпарат алған кезде туындайтын жағымсыз эмоциялық күй.
Ұят - өзінің ойларының, мінез-құлқының, сырт келбетінің басқалардың күтімдеріне немесе өзінің мінез-құлық немесе сырт келбет туралы түсініктеріне сай келмейтінін ұғыну кезінде туындайтын жағымсыз эмоциялық күй.
Кінә - аутоагрессия, өз-өзін айыптау. Адам өз өзінің мінез-құлқын қолдамайды.
Сезім
Эмоциялармен салыстырғанда ұзақ, нақты объектілерге деген қатынасты бейнелейтін эмоциялық күй. Эмоция, көбінесе биологиялық процестермен байлансыты болса, сезімдер әлеуметтік сферамен байланысты.
Түрлері:
Адамгершілік сезімдер – борыш, адамгершілік, мейірімділік, махаббат, достық, патриотизм.