Емтихан билет №5 Одағай,оның сөйлемдегі мәні мен қызметі. Жіктелуі, тыныс белгілері. Одағай


Әдебиеттік оқу сабақтарында критериалды бағалау



бет6/8
Дата18.06.2023
өлшемі30,34 Kb.
#102038
1   2   3   4   5   6   7   8
2 .Әдебиеттік оқу сабақтарында критериалды бағалау.
Критериалды бағалау - оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшеленеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау (ҚБ) және жиынтық бағалау (ЖБ).
Қалыптастырушы бағалау- күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Жиынтық бағалау-оқу бағдарламасының бөлімдерін/ ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.
3.Сөйлемдегі сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. (Ы.Алтынсарин)
АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
ЕМТИХАН БИЛЕТ №9
1.Буын.Буын сипаты. Түрлері.Тасымал.
Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буын деп аталады. Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады. Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.
1.Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла.
А) Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.
2.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, 
3. Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбыс екі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буын бітеу буын деп аталады. Мысалы, бұлт, жер, қант, той. Тасымал- сөздің жолға сыймаған бір немесе бірнеше буынның келесі жолға бөлініп жазылуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет