Емтихан билет №5 Одағай,оның сөйлемдегі мәні мен қызметі. Жіктелуі, тыныс белгілері. Одағай



бет5/8
Дата18.06.2023
өлшемі30,34 Kb.
#102038
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2 5465250033374867677

Конкурстық диктант - бұл диктант түрін тоқсан сайын бір рет өткізуге болады. Оған әр тоқсанда үйретілген жазылуы қиын сөздер алынады. Конкурстық диктант жарыс түрінде өткізіледі.
Жүргізілу жолдары: үзіліс кезін пайдаланып, мұғалім диктант тақырыбын, мәтін ішінде кездесетін қиын сөздерді тақтаға жазып қояды;
ә) мұғалім диктант мәтінін екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;
б) егер диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркестерінен немесе оған негізделген сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзін, сөйлемін мұғалім үш рет оқиды. 
3.Сөйлемге толық грамматикалық талдау жасаңыз.
Мақал-мәтелдер – халық даналығының айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы.

АҚТӨБЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


ЕМТИХАН БИЛЕТ №8
1.Орфоэпия, орфография. Қазақ тілі орфографиясының ережелері.
Орфография – тілдегі сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы. Орфография фонетиканың жазудағы бірізді ережелерін сақтап зерттейтін ғылым. Орфография ережелері сөздердің қосымшалармен жазылуын немесе сөз бен сөздің бірге, бөлек, дефиспен қолданылуын, бас әріп, тасымалдың тәртіп заңдылықтарын реттейді. 
Орфоэпия – тілдегі сөздерді дұрыс айту туралы ережелер жиынтығы. Мыс: жазуда көзілдірік болса, айтылуда - көзүлдүрүк, жазылуда сары ала болса, айтылуда - сарала, жазылуда ақ ит болса, айтылуда - ағ ит т.б.
Қазақ тілі орфографиясының ережелері.
1.Фонетикалық принцип: Сөз бөлшектері қалай айтылса солай жазылады. Мұнда қосымшаның түбір сөздің соңғы буынына, соңғы дыбысына қарай қосылуы ескеріледі. Мәселен: адамның, кітаптар, көлге т.б.
2.Морфологиялық принцип: Сөздің түбір құрамы негізге алынып, дыбыс алмасу, өзгеру заңдылықтары ескерілмей, бұрынғы қалыпты сақтап жазу. Мәселен: құмырсқа (құмұрсқа емес), шекара (шегара емес), күндіз (күндүз емес).
3.Дәстүрлі принцип: Қазақтың байырғы сөздері бұрын қалай қалыптасса, сол қалыпты бұзбай жазу. Мәселен: шабадан (чемодан емес), Амангелді (Аманкелді емес), пойыз (поезд емес).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет