Емтихан билеті №1 Етеккір циклының нейрогумаральді реттелуі. Ситуациялық есеп



бет13/15
Дата18.05.2023
өлшемі39,13 Kb.
#94595
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Емтихан билеті №26


1. Бедеулі неке. Әйел бедеулігі, себептері, диагностикасы.
2.Ситуациялық есеп: Әйел 25.02.22 жыл-5.03.22 ж. қабыну процесіне қарсы ем қабылдаған, емнен кейін 1 апта өткен соң жалпы жағдайы өзгеріп ішінің төменгі жағының ауырсынғанына, әлсіздікке, басы айналғанына шағым айтып әйелдер кеңесіне келді. Ауырсыну ішінің оң жағында, толғақ тәрізді сезіледі.
Анамнезінде: етеккір 1 айға кешігумен. Тұрмысқа шыққан, регистрациядан өткен. Бала тумаған. Жалпы қарағанда: түр-түсі ағарған. Тамыр соғысы 94 рет минутына. Қан қысымы 90/50 с.б.б. Ішкі ағзаларын қарағанда патология жоқ. Ішін сипалап тексергенде жұмсақ, оң жақ шат тұсы қатты ауырсыну береді. Щеткин Блюмберг симптомы оң. Жыныс мүшелерінен қанды бөлініс көріне бастады.
Гинекологиялық тексеріс нәтижесі: ОЗ-жатыр мойны таза, бөлініс қанды.
РV-жатыр жұмсақ, аздап көлемі өскен, пішіні анық емес, қозғалту қатты ауырсыну береді. Сол жақ жатыр қосалқылары өзгермеген. Он жақ жатырдың қосылқылары жаңғақ тәріздес үлкейген. Артқы күмбез салбырап тұр, қатты ауырсыну береді.

  1. Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз?

  2. Мейірбикелік араласу жоспарын құрастырыңыз.



3. Жатырдың бимануальді компрессиясы.
ЦӘК төрайымы: _________________
ПК төрайымы: ______________
ШЖҚ «Талдықорған жоғарғы медицина колледжі» МКК


Емтихан билеті №27


1. Жүктілік кезіндегі әйел организміндегі өзгерістер.
2.Ситуациялық есеп: Қайталап босанушы, перзентханаға толғағы басталғаннан кейін 2 сағаттан соң келіп түсті. Қағанақ су қабы бүтін.
Шағымы: 1 тәулік бойы жыныс мүшелерінен азғана қан кетуіне. Қан кету автобуспен жол жүргеннен кейін басталған.
Қазіргі жүктілігі-3. Анамнезінен: 1-мед.аборт, 1-мезгілсіз босану.
Нәресте жатысы тігінен, басымен жүрек соғысы сол жақта кіндіктен төмен анық, ырғақты 120 рет минутына. Жатырдың оң жақ қабырғасынан ауру сезімі байқалады. Толғағы 35 секундтан 5-6 минут сайын.
РV: Жатыр мойны тегістелген, ашылуы 1,5 саусақ. Қағанақ су қабы бүтін. Нәресте басы жамбас кіреберісіне тірелген, нәресте жолдасы ұлпасы анықталмайды, бөлініс қанды, азғана. Сегізкөз мүйісіне саусақ жетпейді.



  1. Сіздің мейірбикелік диагнозыңыз?

  2. Мейірбикелік араласу жоспарын құрастырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет