Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тақырып Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық жолы поэзиядан басталды



бет75/92
Дата20.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#141269
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   92
3. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тақырып Әбіш Кекілбаевтың шығармашылық жолы поэзиядан басталды. 1962 жылы «Алтын шуақ» деген атпен өлеңдер жинағы жарық көрді. Содан бергі уақытта проза, әдеби сын, көркем аударма, көсемсөз, драма, көркем аударма саласында жемісті еңбек етіп келеді. Таңдамалы шығармаларының он екі томдығы, көсемсөздері мен сұхбаттарының, замандастары туралы толғаныстары мен мезгіл мінберінен сөйлеген сөздерінің бес томдығы жарық көрді. Жазушы шығармашылығына негіз болған шындық құбылыстардың басты арнасы — халық тарихы. Қаламгердің халықтың өткен тарихы туралы «Күй», «ХаншаДария хикаясы», «Шыңырау», «Бәйгеторы» секілді орта көлемді эпикалық шығармалары мен «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-алаң» романдары. «Үркер», «»Елең-алаң» романдарының тақырыбы мен идеясы туралы әдебиеттану ғылымында кеңестік дәуірде қалыптасқан пікірлер бар. Ол пікірлер бойынша, «Үркер» мен «Елең-алаң» тақырыбы — Қазақстанның Ресейге қосылуы, идеясы — Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы. Романда суреттелетін оқиғалардың қалың тобын саралағанда, бұл пікір дұрыс. Бірақ мынаны ескеру керек: «Үркер» мен «Елең-алаң» — тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын кеңінен, тереңнен толғайтын кең құлашты күрделі романдар. Ал тарих шындығын, адам сырын, халық тағдырын, қоғам болмысын тереңнен толғайтын кең құлашты, күрделі романның бір ғана тақырыбы, бір ғана идеясы болуы шарт емес. Шығармада негізгі тақырып пен идеяны толықтырып тұрған басқа да көптеген жеке тақырып, қосымша идеялар бар. Қазақстанның Ресейге қосылуы — сол тақырыптардың бірі, Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы — сол идеялардың бірі. Күрделі шығармадағы әр алуан жеке тақырыптардың басын біріктіріп, бір бүтін күрделі болмыс деңгейінде тұтасқан өмір құбылыстарының тобы — оның негізгі тақырыбы. Осы тұрғыдан келгенде, мынадай тұжырым жасауға болады: «Үркер» мен «Елең-алаң» романдарының негізгі тақырыбы — қазақ халқының XVIII ғасырдың басында ел тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі, ал негізгі идеясы — ел мен жердің тұтастығы мен тәуелсіздігі.

емтихан билеті № 53




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет