Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Сатираның өзекті мәселелері О.Әубәкіров шығармашылығын талдаңыз



бет86/92
Дата20.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#141269
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   92
3.Сатираның өзекті мәселелері О.Әубәкіров шығармашылығын талдаңыз.
) Оспанхан Әубәкіров(4 мамыр 1934, Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылы-1986, Алматы) - сықақшы. Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлең-жыр, ертегі, пьеса, белгілі композитор-лардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Распенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған 1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді. Өз заманының шындығын шымшыма сөзбен жеткізген шығармалары әлі де өзектілігін жоймай тұр. Шығармаларының біріне тоқтала кетсем:
Иттік Бір итті бір ит бұғып кеп
Дәл тірсектен тістеді.
Тістеген ит күшті еді,
Тарқады шері іштегі.
– О, сорлы-ау, мынауың,
Өңің бе еді, түс пе еді?
Өңің болса осыны
Сен істейтін іс пе еді?!
Барып тұрған иттік қой!
Біз несіне күлеміз,
Өзіміз де талай сөйттік қой.
3. М. Сәрсеке «Қаныш Сәтбаев» роман-эссе шығармасының көркемдігін ашыңыз.
Біздің қоғамдық ортада көптеген қарапайым халықтың жасанды мінезі жоқ, көп жақсылығын кездестіреміз.Өз елімізде қаншама жастарымыз қол ұшын созып,адамгершілігімен қарап, қаншама ақын,ғалым, академиктерден үлгі аламыз. Қазіргі таңда үлгі өнегіні көрсетіп, ұлтымызды біріктіріп жатқан перзенттеріміз бар. Сонымен қатар, қазақ халқының кемеңгерлердің біріне тоқтала кетсек -Медеу Сәрсеке ағамыз.Ол Ұлтымыздың кемеңгер перзенті,Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытын сарп етіп, біртуар ғалымның жарқын бейнесін тартымды һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан қаламгер.Мемлекеттік жабық қоймаларда ұсталған көптеген мұрағатты әжетіне жаратқан жазушы өз еңбегінде ұлы ғалымның заман-дастары мен туыстарының, үй-ішінің жүрекжарды әңгімелерін, хаттары мен естеліктерін, геологиялық-ғылыми құжаттарды пайдаланып,ғалым ғұмырнамасын қиял-қоспасыз, шынайы оқиғалармен қызықты өріп, Қаныш Имантайұлы өмірінің бел-белестерін бүкпесіз ашып, ұлағатты, ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтаған. Медеу Сәрсекеннің Қаныш Сатбаев романында ұлтымыздың қаламгер перзенті болып, ғұмыр жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытың сарп етіп, ғаламның жарқын бейнесін тартымды, тұрлаулы еңбегімен қазақ қауымына танытқан болатын.Қазақ ғылымның қалыптастыруға қаншама жолын салды. Медеу Сәрсеке Ұлтымыздың әреккеттерімен өмірінің бел белестерін бүкпесіз ашып, ұлағатты ерлікке толы істерін саралап та, даралап та ұлықтайды. Дарынды қазақ халқы жиырмасыншы ғасырда көптеген ғалымдарды өмірге әкелді, солардың ішінде Қаныш атамыздың тұлғасы құзар шыңға ұқсайды..Сонымен қатар, әртүрлі мәліметтер,деректер арқылы бөлімдерді бүгінгі күнмен қалдырды. Медеу Сәрсеке қазақ әдебиетінде ғылыми қиял жанрының өрістенуіне айырықша үлес қосқан қаламгеріміз. Бұған дейін құпияда ұстап, «ақтандық»қалпында қалып елген мұрағат құжаттарын, хаттар мен естеліктерді, пайдаланып ұлы ғалымның замандастары мен туыстарының әңгімелерін, арқау етіп қиял қоспасыз өз күшімен өрлеген ғұмырнама. Медеу Сәрсекеннің «Қаныш Сатпбаев» романында бірінші бөлімінде, Әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдай отырып, автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтайды. Ал екінші бөлімінде, Үлкен Жезқазған туралы Жезқазғанның сол кездегі сырт өмірі, Ұлытауға асығып жеткен жас ғалым Қаныш бейнесі, сол жолында төгілген тер мен еңбегі қамтылып,ашылды. Ғылым жолында халқымыздың рухани өміріңдегі, ерекше тұлға ретінде Қаныш атамыздың есімі жанында мәңгі сақталуда. Сонымен қатар, сан қырлы, ақыл ой парасатын туған халқының мерейін үстем етуге жұмасады. Қаныштың ғылым саласынан бөлек, тарих пен мәдениет саласында да мол еңбек қалдырды. Ш.Уәлиханов жазып алған Ер Едіге жырын қазақ оқырмандарына арнап, қайта дайындады. Сондай-ақ, Затаевичтің қазақтың 500 ән-күйі” жинағына өз орындауында қазақтың жиырма бес әнін қосты. Ғылыми зерттеулері мен практикалық ұйымдастыру қызметің шеберлікпен ұштастырды.Және, оған орыс тілінде ғылыми түсініктеме берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет