Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


Ә.Асқар «Өр Алтай мен қайтейін биігіңді», Т.Ахметжан «Сұлу мен суретші» повестеріндегі кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау



бет21/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91

Ә.Асқар «Өр Алтай мен қайтейін биігіңді», Т.Ахметжан «Сұлу мен суретші» повестеріндегі кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау


Ә.Асқаровтың жазушылық әлемінде Хан тәңірісіндей алыстан менмұндалап тұратын еңселісі, көрнектісі – оның «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...» деп аталатын повесі. Осы аттас кітап «Ұлттар» баспасынан өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарында жарық көрді. Әдебиетші ғалымдар тарапынан «бүгінгі қазақ әдебиетінің даму процесіндегі айрықша атап өтетін шоқтықты шығарма» деп танылды. Он томдық қазақ әдебиетінің тарихы «Эпикалық кең тынысты, лирикалық сыршыл бұл дүние роман жанрына жатады» деген жанрлық анықтама береді. «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді...» романы 1987 жылы жазылған. Бұл кітаптың бірінші бөлімі 1988 жылы аяқталса, екінші бөлімі мен үшінші бөліміне 1994 жылы нүкте қойылыпты [1]. Ізденгіш қаламгер шығарманың иін қандыруына уақытты тиімді пайдаланған. Жазушының бұл повесі тәуелсіз еліміздің береке-бірлігіне қатысты көп мәселелерді көтерген. Қоғамдық салмағы күшті проблемаларды, ескісін де, жаңасын да, қазақ ауылының күнделікті қоңыр тұрмысынан, әр кейіпкердің өзіне ғана тән мінезінен, әпенділеу қылығынан, бейкүнә іс-әрекетінен сығымдап өндірген.Жазушының шым-шымдап жеткізуінен байқалатыны – еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі өтпелі кезеңнің қатал сынағында жатыр екен. Повестің өзегіне айналған проблема тек өтпелі дәуірдің қиыншылықтары тұсындағы тұрғындар психологиясын ашып көрсетумен шектелмейді, жазушы қазақы рухтың сақталып қалуы мәселесіне де мүмкіндігінше назар аудара білген. Бір жағында қазақы сананы қаймағын бұзбастан қалай сақтап қаламыз деген мәселенің ұшығы көрініп тұрса, екінші жағынан жастардың қалалы жерлерге ұмтылысы, тұрғындардың қалаға шоғырлануы (урбанизация) сияқты мәселелер алдыңғы қатарға шығады. Проблеманың ең бастысы – нарық дәуіріндегі қазақ ауылының ендігі тағдырына алаңдаушылық. Повесть үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім «қайта құру» кезеңіне дейін «қазақтың құт дарыған қасиетті қонысының бірі» болған Төртінші ауылды сипаттаумен басталады. Т. Ахметжан – қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасымен, ой тұғырымен ерекшеленетін жазушы. Оның шығармаларында рухани құндылықтарды жоқтаған мұң, трагизм жатыр. Бүгінгі қоғамның рухани жұтаңдығын терең сезіне білген жазушы шығармалары осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат еткен өзекті ойларымен құнды. Жаһандану дəуірінде қоғамда бел ала бастаған еуроцентристік көзқарас аясында адамдардың дінсізденіп, иманнан айырылуы, рухани идеалдарды, құндылықтарды аяқ асты етуі жазушыны толғандырады.«Сұлу мен суретші» шығармасында адам тағдырының рухани драмасы жан-жақты талданады. Повестің негізінде драмалық ширығыс пен адамгершілік проблематика жатыр. Шығармада шым-шытырық оқиғалар тізбегінен гөрі жеке адамның санасындағы өзгеріс, рухани қопарылыс, ішкі сезімдік құбылыстар талданады. Қожайынның үйінде болып жатқан нақтылы оқиғамен қатар қарт суретшінің өткен өмірінен сыр шертуі композициялық шегіністер арқылы суреттеледі. Мұнда ішкі монологтың бір элементі болып табылатын – еске алу, өткенге ой жіберу, шегініс молынан пайдаланылады. Шығарма композициясы қосəлемемділік принципі бойынша құрылған. Повестің композициялық бітімінде уақыт ішіндегі уақытты бейнелеу арқылы қаламгер Шалдың бүгінгі пұшайман хəлі мен бұрынғы бақытты өмір тынысын жинақы қалыпта жарыстыра баяндайды. Шалдың өмірін күрт өзгерткен белгілі бір оқиғаның ойына оралуы санасының түкпірінде тығылып жатқан сан түрлі əсерлердің, ұғым-түсініктердің тууына түрткі болады. Ол жас кезіндегі қызықты, бақытты шақтарын еске ала отырып, тұңғиық ойға беріледі. Шығармада өткен мен қазіргі уақыт жымдасып, өткен күндер елесі кейіпкер жадында қайта жаңғырады. Шалға өңі, я түсі екені белгісіз халде ғашығының Бойжеткеннің жиырма жыл бұрын өз махаббаттарынан туғанын, өздерінің қызы екенін хабарлап кетуі, Шалдың өз перзентін түйсік арқылы сезуі оны екіұшты күйге түсіреді. Қиял мен шындық арасындағы суретшінің өлімі де шығарманың жұмбақ сипатын қалыңдатқан. Т.Ахметжан символикалық нышандар арқылы өз шығармаларындағы нақтылы болмыс пен фантастикалық сарынды үйлестіре біледі. Мысалы, «Нобель сыйлығы» повесінде періштенің жерге түсіп, адамдардың ар-ұятын, адамгершілік табиғатын сынақтан өткізуі, кейіннен адамдардың ағат тірлігінен қайтадан көкке қайта алмауы сияқты фантастикалық сарын мен қазіргі қоғамдағы ақшаға, саудаға негізделген қарым-қатынастар шындығы қатар өрілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет